Бұған дейін Айшолпан туралы сюжетті көріп, жеткіншектің өнеріне таңырқағанын айтқан Д. Өте ұлттық құндылығымызды дәріптеп жүрген Айшолпанның Отанын бір көргісі келген тілегін ескеріп әрі болашақта жаһандағы үздік жоғары оқу орындарында білім алуға бар мүмкіндікті жасау үшін “Білім-инновация” Халықаралық қоғамдық қоры білім грантын ұсынып отырғанын атап өтті. Білім грантының құны 20 мың доллар тұрады.
Өз кезегінде елордадағы “Spectrum” халықаралық мектебінің басшысы Артур Төлепбеков Айшолпанның білім алуы үшін бар жағдайдың жасалатынын атап өтті. Айшолпан “Spectrum” халықаралық мектебінде білім алып, тілдік танымдарын ұштайды, сондай-ақ, жатын орны мен тамағы, оқу құралдарымен де қамтамасыз етіледі, деп мәлімдеді А. Төлепбеков.
2016 жылдың қазанында атақты америкалық режиссер Отто Белл Айшолпан туралы «Бүркітші қыз» (The Eagle Huntress) деректі фильмін көпшіліктің назарына ұсынды. Фильм жарыққа шыққаннан кейін Айшолпан әлемдік білім мен ғылым саласында көшбасшы саналатын Гарвард және Оксфорд университеттеріне шақырту алды.
Өз кезегінде, бүгінгі білім грантын табыстау отырысы барысында Алматы қаласындағы Сүлейман Демирель атындағы университет Айшолпанға кез келген мамандыққа білім грантын ұсынып, куәлігін табыстады.
Айшолпанның анасы Алмагүл қызына білім алып, жан-жақты шыңдалуына бар мүмкіндік беріп отырған Қазақстанға және “Білім-инновация” Халықаралық қоғамдық қорына зор алғысын білдірді.