«Үздік әдіскер» республикалық байқауы қабылдауының аяқталуына 5 күн қалды

2
3802

«SKILLS ACADEMY» ЖШС республикамыздағы мектепке дейінгі мекемелер әдіскерлерінің арасында өтетін «ҮЗДІК БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРІ» IІ республикалық әдіскерлер байқауын жариялайды. Байқау жүлдегерлеріне «Үздік әдіскер» төсбелгісі тағайындалады.

Байқаудың ақпараттық демеушілері: Martebe.kz республикалық білім сайты, Ozattar.kz – білімділер энциклопедиясы және Qaztest.kz онлайн олимпиада сайттары.

Байқау жеңімпаздары  www.martebe.kz  сайтында жарияланады.

Байқаудың мақсаты: балабақша әдіскерлерінің шығармашылық ізденісі мен қабілеттілігін дамыту, үздік әдіскерлерді насихаттау.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

«ҮЗДІК БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРІ» атты ІI республикалық әдіскерлер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1.Байқаудың мақсаты

  • Еліміздің әр өңірлеріндегі балабақша әдіскерлерінің педагогикалық шеберлігін және кәсіби біліктілігін арттыру, үздік білім беру мамандарының жұмыстарын танымал етіп, әдіскерлердің талантты тәрбиешілермен және мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыстарын дамыту;
  • Әдіскерлердің республикалық масштабта педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл әдіскерлерді анықтау, ғылыми қабілеттілігін арттыру.

2. Байқаудың өту тәртібі

  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады. Сонымен қатар ұйымдастыру алқасының өкілдерінен арнайы ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін он күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға кез-келген мектепке дейінгі білім мекемелерінің әдіскері қатыса алады.

3. Байқаудың тапсырмалары

  • «Ұлттық тәрбие негізі – балабақшада» тақырыбында семинар өткізу (жоспары, семинар өту барысындағы фотолары, әдістемелік құралдарымен бірге презентация (слайд) түрінде жібереді);
  • Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша ұйымдастырылған іс-шара материалдары (суреттері, электронды нұсқасы, т.б дәлелдері)
  • Мектепке дейінгі мекемелерде болашақта тың және жаңа тиімді әдіс-тәсілдерді қолданау жобасы.

Ескерту! Үміткерлер 3 тапсырманың барлығын орындағаны дұрыс. Тапсырмалардың толық болмауы нәтижеге әсер етеді.

4. Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқау жеңімпаздары  www.martebe.kz  сайтында жарияланады.

Бас жүлде – диплом, байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған статуэтка және «Үздік әдіскер» төсбелгісі

І орын – диплом, «Үздік әдіскер» төсбелгісі

ІІ орын – диплом , «Үздік әдіскер» төсбелгісі

ІІІ орын – диплом , «Үздік әдіскер» төсбелгісі

«Жаңашыл әдіскер» номинациясы — диплом, «Сергіту жаттығулары» жинақталған үнтаспа.

Барлық қатысушылар және мекеме басшысы арнайы алғыс хаттармен марапатталады. Марапаттар қазпочта қызметі арқылы жіберіледі.

Байқауға қатысу құны — 6000 тг.

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Кнп 859

Төлем мақсаты: «Үздік балабақша әдіскері» байқауына қатысу үшін

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 87009785922; 8775-998-83-87.

Өтініш беру үлгісі

«ҮЗДІК БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРІ» атты ІI республикалық әдіскерлер байқауына өтініш

Аты – жөні
Жұмыс орны, мекен – жайы, индекс (Міндетті)
Еңбек өтілі
Эл. поштасы
Байланыс номері


2 ПІКІРЛЕР

  1. Интернет онлайн олимпиада жөніндегі сұрақ

  2. Құрметті 1234@bk.ru логинінің қолданушысы!

    Сіз біздің жұмысымыз туралы білуге құмар болсаңыз, неге өз атыңызды жасырмай ақпарат қалдырмайсыз?! Осыған дейін 1 рет хат жаздыңыз. Біз почта арқылы жауап бергіміз келген. Бірақ 1234@bk.ru почтасы Ресей азаматының почтасы болып тұр. Егер сіздің қандай да бір сұрағыңыз болса, бізге хабарласуыңызды немесе нақты фактімен сөйлеу арқылы дәлелдеп беруіңізді сұраймын. Сіз тіпті, жалған аккаунтпен біздің жұмысымыз туралы жалған ақпарат таратқыңыз келеді. Біз оқырмандарымызбен ашық қарым-қатынас ұстап отыруға дайынбыз. Сондықтан, бұлай негізсіз сұрақтар қоймауыңызды өтінемін. Нақты сұрағыңызға жауап алғыңыз келсе, skillsacademy.kz@mail.ru почтасына хат жазыңыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ