Дүние жүзі халқының діни құрамы (ашық сабақ)

0
4553
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Қысқа мерзімді жоспар:
Мектебі: Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мұрат Майра Мұратқызы
Сынып: 7 Қатысқандар — Қатыспағандар —
Бөлім: Әлеуметтік география Бөлімше: Халықтар географиясы
Сабақтың тақырыбы Дүние жүзі халқының діни құрамы
Оқу мақсаттары 7.4.1.2 — Дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды
Сабақ мақсаты

Барлығы: Дүние жүзі халқының діни құрамын жан — жақты түсінеді

Көбісі: Дүние жүзі халқының діни құрамын карта бойынша талдап, кескін картаға түсіре алады;

Кейбірі: Діндердің жіктелуін, өзіндік ерекшеліктерін ажырата алады;

Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну, қолдану, талдау, жинақтау
Бағалау критерийі

— Әлемдегі негізгі діндерді атайды.

— Ол діндердің бөлінуін түсіндіреді.

— Таралу аймақтарын кескін картада белгілейді.

Тілдік мақсаттар

Оқылым: Мәтінді жеке, жұппен, топпен оқи отырып зерделейді. Тыңдалым: бейнематериалдарды, бір-бірінің пікірлерін тыңдайды. Айтылым, жазылым: картаны, суреттерді қолдана отырып, діндердің таралуын ауызша және жазбаша сипаттайды.

Негізгі сөздер мен тіркестер: дін, мұсылман, христиан, будда, әлемдік діндердің таралуы, ұлттық діндер

Талқылауға арналған тақырыптар:

Дүние жүзі халқының діни құрамы мен әлемде таралу ерекшеліктері

Диалогқа арналған сұрақтар:

Дін дегеніміз не?

Әлем халықтары арасына қандай діндер басым таралған?

Ұлттық діндер дегеніміз не?

Дін адамзат баласы үшін не себепті қажет?

Жазылымға арналған тапсырмалар: Кескін картада таралу аймақтарын сызу

Құндылықтарға баулу
Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, патриоттық, ізденімпаздық, қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
Пәнаралық байланыс Тарих, Дінтану
Алдыңғы білім 7.4.1.1 — Дүние жүзі халқының тілдік әулеттері мен тіл топтары
Сабақтың барысы
Жоспарлан ған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

7 минут

10 минут

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Топтастыру:

Cыныпты 1.Халық; 2.Мемлекет; 3.Дін; 4.Тіл атты топтарға бөлу

Бастапқы ынталандырушы материал

Ұжымдық жұмыс

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

Дін дегеніміз не?

Әлем халықтары арасында қандай діндер басым таралған?

Адамзат баласы үшін дін не себепті қажет?

Топпен жұмыс

«Концептуалды кесте» стратегиясы.

Шарты: Әр топқа берілген салыстыру сызығына діндердің мұсылман (шейиттер, суннитер), христиан (православие, католиктік, протестанттық), будда діндерін карта бойынша талдап, жіктейді. Мынадай критерийлер бойынша жауап береді.

1. Сол негізгі діндердің пайда болуына қысқаша түсінік беріңіз (Сипаты).

2. Олардың бөліну себептерін жазыңыз (Жіктелуі).

3. Ерекшелігі

4. Кескін картада таралу аймақтарын сызыңыз (Таралуы)

1 – топқа мына төмендегі концептуалды кестені толтыру

Салыстыру сызығы Мұсылман
шейиттер сунниттер
Сипаты
Жіктелуі
Ерекшелігі
Таралуы

2 – топқа мына төмендегі концептуалды кестені толтыру

Салыстыру сызығы Будда
Сипаты
Жіктелуі
Ерекшелігі
Таралуы
3 және 4 – топтарға мына төмендегі концептуалды кестені толтыру
Салыстыру сызығы Христиан
православиелік католиктік протестант тық
Сипаты
Жіктелуі
Ерекшелігі
Таралуы

Критерилер:

— Әлемдегі негізгі діндердің сипатына талдау жасайды.

— Діндердің бөлінуі мен ерекшеліктерін түсіндіреді.

Дескриптор:

— негізгі діндер және олардың пайда болуына қысқаша түсінік алады;

— ол діндердің жеке топтарға бөлінуі себептерін түсінеді;

Қалыптастырушы бағалау – критерийлер бойынша бағалайды

www. google.kz сайтынан алынған интернет ресурстар, оқулық, дүние жүзінің саяси картасы

слайд 1

оқулық, дүние жүзінің саяси картасы, кескін карта концептуалды кесте

Сабақтың ортасы

9 минут

7 минут

 

Топпен жұмыс

«Фишбоун» стратегиясы

Шарты: 1, 3 және 2, 4 топтарға Проблемалық сұрақтар (Мазғап ұстану әрбір адамның парызы, Дін әрбір адамға тудыратын қауіп) беріледі.Топпен пробелманы шешу жолдарын қарастырады, топпен сыни ойларымен бөліседі.

1 және 3 топтарға берілетін тапсырма

Себеп

Себеп

Қорытынды

Мазғап ұстану әрбір адамның парызы

Нақтылық

Нақтылық

2 және 4 топтарға берілетін тапсырма

Себеп

Себеп

Нақтылық

Қорытынды

Дін әрбір адамға тудыратын қауіп

Нақтылық

Критерий:

— Дін ұстану адамзаттың парызы екендігінің проблемасын айқындау.

— Діннің адам өміріне қауіптілігі проблемасын айқындау.

Дескриптор:

— Дін ұстану адамзаттың парызы пробелмасын түсініп, айқындайды;

— Діннің әрбір адам өміріне тудыратын қауіп проблемасын айқындап, талдай біледі ;

Қалыптастырушы бағалау – Саусақ әдісімен

Жұппен жұмыс

«Өзара пікірлес» әдісі

Шарты: Қызықты викторина бойынша жұппен сұрақтардың жауаптарын талдап, айтады.

1. Ең көп дінді ел

2. Жапонияның ұлттық діні

3. Әлемдік діндердің ұстанатындарының саны қанша?

4. Діндерді қанша топқа жіктейміз. Оларды атаңдар.

5. Дүние жүзінде христиандар саны қанша?

6. Ислам дінін 221 млн халық ұстанатын ел

7. Дүние жүзінде мұсылмандар саны қанша?

8. Монғолдардың діні

Критерий:

— Жұппен өзара сұрақ қойып, түсініктерін айту

Дескриптор:

— Кезектесіп берілген сұрақтардың жауаптарын дұрыс айта алады;

Қалыптастырушы бағалау – Бағалау кестесімен (+)

Критерийлер Жоғары Орта Төмен
Оқушылар үшін түсінікті ме?

  1. болды ма?

Оқушылар қалай жұмыс жасады?

жасады

жасады?

Оқушылардың көңіл-күйі қандай? болды?
Ақпараттық құндылығы қандай? болды?

Сұрақ салынған карточка,

дүние жүзінің саяси картасы, слайд 1

Сұрақ салынған карточка,

дүние жүзінің саяси картасы, слайд 1

Сабақтың аяғы

2 минут

 

1 минут

2 минут

Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Мұсылман, христиан, будда діндерінің таралу аймақтарын картадан көрсетіп, кескін картаға белгілеңіз.

Критерий:

— Діндердің таралу аймақтарын кескін картада белгілейді.

Дескриптор:

— Осы негізгі діндердің таралу аймақтарын атласты қолдана отырып, кескін картада көрсетеді, белгілей алады;

Қалыптастырушы бағалау – Пікірлер базары (Әрқайсысы жеке өз пікірлерін айтады)

Топпен жұмыс

Кері байланыс – «Әліпби» кілті

Әріптер арқылы сабақтан алған әсерлерін білдіреді.

А –

Ә –

Б –

Г–

Ғ –

Үйге тапсырма Кескін картаға діндердің таралуын белгілеу, қосымша мәліметтер

Сабақты қорыту

дүние жүзінің саяси картасы, кескін карта
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға тапсырма беруде деңгейге байланысты тапсырмалар беру. Қабілеті жоғары оқушыларға проблеманы айқындау тапсырмасы беріледі. Жеке, өзара, топпен әрбір тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізеді Сабақ кезең бойынша оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қадағалап отыру

 

Мұрат Майра Мұратқызы, география пәні мұғалімі
Алматы қаласы, Медеу ауданы
Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ