“КӨКТЕМ АРУЫ-2019” атты сұлулық байқауының сценариі

0
5643
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

“КӨКТЕМ АРУЫ-2019” 

Музыка фон.

Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.

Көрнекілігі: слайд, видео, музыка, шарлармен безендірілген сахна

1-Жүргізуші: Құрметті әжелер,аналар, ұстаздар  және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
2-Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілейміз!
1-Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы -2016» атты сайсымызды ашық  деп жариялаймыз. Құттықтау сөз  мектеп директоры Арғынғазина А.Т. беріледі.
2-Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)

  • Жүргізуші:
    Ал енді, бүгінгі байқауымызға қатысатын аруларымызды қарсы алайық.
  • Сынып оқушысы Зейнел Гауһар
  • Сынып оқушысы Кожабаева Томирис
2- Жүргізуші:

2-сынып оқушысы Молдыбаева  Индира

1-сынып оқушысы Жайлебаева Айдана

1-Жүргізуші:

3-Сынып оқушысы Ахметова Әлия

4-сынып оқушысы  Керебаева  Камель

2-Жүргізуші:

3-Сынып оқушысы Абдрахман Томирис

4-Сынып оқушысы ТортаеваАделя

2- Жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық

Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің директоры Арғынғазина А.Т

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары  Байжанова Р.Б

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары  Есенғазы А.А.

Ата-ана комитетінің мүшесі_________________________

1- Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын шарттарымен танысайық. Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

1.Таныстыру

2- Жүргізуші:

  1. Ән

1- Жүргізуші:

  1. Би

2- Жүргізуші:

  1. Сұрақ-жауап

1- Жүргізуші:

5.Анама жасалған сыйлығым

2- Жүргізуші:

  1. Сән үлгісі ( үй тапсырмасы)

1- Жүргізуші:

 Гүл  көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзінді-дей отыра аруларымызды ортаға шақырамыз.

Бірінші сынып  вальс
  • Жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй –деп Абай атамыз айтқандай  қыздарымыздың әнін тыңдап қөрейік.

1- Жүргізуші: Қыздарымызға рахмет айтып ортаға 2ші сынып оқушылардың  квн тамашалайық.

2- Жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдып басып,
Келеді міне, ортаға толқып – тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.

1-жүргізуші  Жасұлан сен қандай  билерді ұнатасын.

2- Жүргізуші:  Мен, қазақ, өзбек, үнді билерін жақсы көремін
1- Жүргізуші:
Олай болса қыздарымыздың биін тамашалайық.

2-Жүргізуші:  Индира  сен білесіңбе? көптеген ақын жазушыларымыз ана туралы өлең. тақпақтар шығарып жырлап кеткен. Олай болса сол тақпақтардан үзінді ретінде мектепалды тобынын ана туралы тақпақтарын тамашалайық.

1-Жүргізуші: 

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.  Дұрыс жауап берген аруларға 1 ұпай қойылады.
1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

  1. Көктем айларын ата (наурыз, сәуір, мамыр)
  2. Наурыз көжеге салынатың жеті түрлі тағамды ата (су, тұз, май, бидай, айран, күріш, ет)
  3. Көктем мезгілінде болатың мерекелерді ата (8-наурыз халықарарлық аналар күні, 22- наурыз қазақ халқының жаңа жылы).
  4. Көктемде бірінші шығатың гүл (бәйшешек)
    8. Қазақ халқының ұлттық тағамы (бешбармақ)
    9. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
    10. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)
2-Жүргізуші:  «анама жасаған сыйлық»

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады,
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастандарды.
Қуандым ба? Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба? Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды.
Еркелесем бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.-дей келе «Сүйікті анама сыйлығым дайын!» атты қол өнер

байқауына берейік.

1-Жүргізуші:  Қыздарымыз аналарына сыйлық жасамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.  Қайшыны бір-біріне бергенде ашық  тастамау, тұйық жағымен беру. Желімнің бетін ашық тастамау.

Қыздар келесі кезеңге дайындалғанша ортаға мектепалды  бүлдіршіндерін   көбелек биімен қарсы алыңыздар.

2-Жүргізуші: сән үлгісі

Сән үлгісін көрсету.
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
(Арулар реттік номерлері бойынша бірінен кейін бірі сән үлгісін көрсетеді.)

1-Жүргізуші:

Ортада 1-4 сынып оқушылар флешмоб

2-Жүргізуші:  Индира,  біздің  байқауымыз өз мәресіне жетіп қалды. Олай болса аруларымызды ортаға шақырайық

1-Жүргізуші:

Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Әділ қазыларға сөз беріледі.

2-Жүргізуші:

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көптен-көп рахмет, келесі кездескенше сау саламат болыңыздар.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ