«Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты ата-аналармен тренинг-жиналыс

1
15292
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Трингтің тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

Дөңгелек үстел, тренинг түрінде өткізілген ата-аналар жиналысы
Жалпы мақсаты:

  1.Ата-аналардың жанұядағы бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру;

2.Сыныпта  ата-аналарын ынтымақтастықта, өзара сыйластықта бірлесе әрекет етуге,пікір алмасып,ой білдіруге шыңдау.

3.Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Баланың отбасына  деген махаббатын ояту.

 

Оқу нәтижелері:

      Өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етуге;

Ата-аналарды бала тәрбиелеудегі  тәжірибелерін бөлісуге, баламен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеруге;

Ата-аналардың мектеппен ынтымақтаса жұмыс жүргізуде балаға  ықпал етумен танысады.

Түйінді идеялар:
  Бала тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың маңызын игеруге , бала жанының ерекшеліктерімен  танысуына мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Мотивациялық кезең

 

 

 

 

 

Ой қозғау:

 

Топқа бөліну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Миға шабуыл

 

 

 

«Қызықты сұрақтар»  жаттығуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту  сәті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Постер қорғау

 

 

 

 

 

Өзіңізге ұнайтын түсті таңдаңыз!

Психологиялық тест

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сетуациялық жағдаят

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой толғау

 

 

 

 

 

 

Ыстық орындық» ойыны

Ой қозғау:

 

Ой қорыту

 

Қорытынды:

 

«Жүректен шыққан жылы сөздер..»

  Тренинг  барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана. Мұғалім: Тренингімізді бастамас бұрын шаттық шеңбері құрылады. Ата-аналар ортаға шығып дөңгелене тұрады.

Керегені кереміз,

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрамыз.

Барысы:

Б
Шаттық шеңбері:

Ата — аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір — біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір — бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Жүрек жылуы: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз жүректен шыққан жақсы ,жылу сөздерін жүрекшені ұсына отырып тілейді.

1.Топқа бөліп отырғызамын (3 топ 15 ата-ана)

Енді ата — аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны

айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата — аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.

Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып

қорғайсыздар(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

«Жапырақ тамырдан нәр алады»

Енді ата — аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.

Осы ағаштың тамыры – ата — ана, діңгегі — тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз.

Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз  жемісін береді.

2.      «Бала деген кім?»

Бала суреті ілініп тұрады.Одан әр жаққа сызықша тараған.

Т а п с ы р м а: Балаға қандай қасиеттер тән,атаңыздар.

Әр топ атап шығады,жазады..

Қимыл-қозғалыс ойыны. Сұрақтарға жауап алу.

«Иә» десеңіздер-қолдарыңызды шапалақтаңыздар.

«Жоқ» десеңіздер-аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

1.Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламаны қарап жүресіз ба?

2.Бала тәрбие беру кезінде үйде ата-ана (жанұя)бірдей ықпал жасай ма?

 -Егер «жанұя»десеңіздер жымиыңыздар.

-Егер «қоршағанорта,қоғам» десеңіздер қолымызды алға созамыз.

3.Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыздар?

Eгер «әке»десеңіздер қолды шапалақтаңыздар.

Егер «шеше»десеңіздер қолды бұлғаймыз.

Егер «екеу» десеңіздер орнымыздан тұрамыз.

«Серіппелі доп» ойыны. Допты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап алынады

Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрады, жүргізуші допты лақтыра отырып, сұрақтар қояды.
1.Балаңыздың сүйікті түсі?

2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні
3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?

8. Туған жылы, айы, күні

9.Бала тәрбиесіне кім жауапты?

10.Балаңыз кеше қандай баға алды?

11. Ең жақсы көретін пәні

12. Жақсы көретін мерекесі

13. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

14. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

15. Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?

Әр топқа тапсырма

•      Алдарыңызда тұрған плакатқа өздеріңізге ұнаған бір машинаны салып,оның әрбір бөлшегін отбасы мүшелеріне бөліп

тастаңыздар. Мыс:  дөңгелегі-?  Рульі-? т.б Салған суреттеріңіз бойынша төрт шумақтан тұратын өлең жолдарын арнаңыз.

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Түстер де сіз жайлы сыр шерте алады.

Көк түс: Байсалдылық .Қанағаттылық белгісі. Ағзаны тыныштандырады, демалдырады. Бронхит, астма,  бас сақинасына, бүйрек  ауруларына жақсы  көмектеседі.

Қызыл түс: Алдына мақсат қойса жетпей тынбайтын адамдар. Махаббат пен батылдықты  бейнелейтін түс, бірден жұрттың көңілін өзіне аударады,  сезімге берілгіш.

Қоңыр түс: Қонақжай адамдар.Бұл түсті екі аяғымен нық тұрған,өз-өзіне сенімді адам қалап таңдайды. Жүйке  әлсірегенді басады.

Сары түс: Өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар. Адамдардың тез араласып кетуіне жәрдемдеседі, жігерлі адамдарға тән.

Ақ түс: Мейірімді адамдар.Тазалық пен ұқыптылық  басым. Ол жарықты, ашықтықты, шындықты бейнелейді.

Жасыл түс: Байсалды, өз-өзін үнемі еркін  ұстайтын, жүрген ортасында белсенді адамдар.Бұл түс адамның  өз-өзіне деген сенімділігін  арттырады.

Қоңыр қою түс: Ішімдегіні тап деп қарап отыратын тұйық мінезді адамдар. Бұл түс күш,  тектілік пен байлыққа құмар жандардың қалайтын түсі.

Сіз  білесіз  бе?

1-топ: Марат жазаланды. Ол 2 бірдей “2”алған болатын.Әкесі ұлымен қатаң сөйлесіп, үйден шығуға рұқсат етпей қойды. Бірақ достары бірге жіберуді сұрай бастайды.

2-топ: Ата-ана ауылға әжемізге барып, саяжайда жұмыс істеуді ұйғарды.Онда Русланнан басқалардың бәрі өздеріне жұмыс тапты. Оған жүйектерді арам шөптен тазарту, бұлақтан су әкелу ұсынылды.Бірақ ол мұның бәрінен бас тартты. Бақшада көбелек қуып жүрді. Айқайлап ,жұрттың жұмысына кедергі келтірді.

3-топ: Айжан анасына тосын сый жасағысы келді.Сөйтіп ол мектептен келе салып ыдыс-аяқтарды жуып,ас даярлады. Анасы келгенде оның алдына көңілденіп шығып, қолындағыларын алды,шешінуіне көмектесті. Бірақ анасы оған ешқандай мән берген жоқ, біртүрлі көңілсіз еді. Сонан соң қызы анасын дастарханға шақырды. Тамақтанып болған соң «рахмет» деді де өз бөлмесіне кетіп қалды.

Сұрақ –жауап

1.Отбасында бала тәрбиесіне  кім көп  көңіл бөлгені  дұрыс ?

2.Қыз баланы  , әлде  ер  баланы  тәрбиелеу  қиын  ба ?

3.Бала  тәрбиесіне  әке қатал  болуы  керек пе ?

4.Балаңызды еркелеткенде қандай сөз  айтасыз ?

5.Балаңыздың  досы  бар  ма ,  Ол  кімдермен  араласады ?

6.Балаңыздың  сабаққа   дайындығына     бақылау  жасайсыз  ба?

Әр ата-ананы орындыққа отырғызу арқылы топтан сұрақтар қояды.

«Аялы алақан» әр ата-ана өз балаларына ақыл –кеңес жазу

« Баламның бойындағы жағымсыз қасиеттер,баламның бойындағы жағымды қасиеттер»

Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
«Әке- асқар тау. Ана- ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ»

-Олай болса,әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады. Өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді, мұрагерлеріміз нәрлі болмағы өз қолымызда.

Барлығымыз да ата-анамыз мына жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер, қандай мейірімді сөздер айтасыздар, яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңізді жазыңыздар. Үлкен жүректі тақтаға іліп, әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.

Мына үлкен жүрек, ата-ана, сіздің жүрегіңіз, ал мына жүрекшелер сіздің балаларыңыздың жүрегі. Әрқашан да балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Олай болса, ата-ана жүрегі қашанда бала, ал бала жүрегі ана деп соғуы керек- дей келе, ақиық ақынымыз М. Мақатаев жырлағандай:

Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды.

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ата-ананың жасалады ,– дегендей, балаларымызға үлгі болар отбасылары көбейіп, қазағымның айнасы болып жүре берсін.

Бүгінгі тренингке ат салысып қатысқандрыңызаға,келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Рефлексия «Түйінді сөзді мен айтамын»Бүгінгі тренингтен алған әсерін жазу.
Кері байланыс

 «Екі жұлдыз бір тілек» атты кері байланыс жүргізу арқылы

Ата-аналар жүрекшелерге өз балаларына тілек жазу   

  Ата-аналарға   арналған  сауалнама 

1.Балаңыздың  ең  қызықты  оқу  пәні _________________________

__________________________________________________________

2.Балаңыз үшін  ең  қиын  оқу  пәні ___________________________

__________________________________________________________

3.Қандай  кәсіби  мамандыққа  балаңыз   икемсіз? _______________

__________________________________________________________

4.Мінез –құлық  ерекшеліктерін  атаңыз? ______________________

__________________________________________________________

5.Балаңыз  не  нәрсеге әуес? _________________________________

__________________________________________________________

6.Балаңыздың  оқу  дәрежесі  қандай? _________________________

__________________________________________________________

7.Балаңыздың  бойынан мына  қасиеттерді  көре  аласыз ба?

/адал, ұстамды, сабырлы  тәртіпті  т.б./ _______________________

__________________________________________________________

8.Үлкендерге  балаңыздың  көзқарасы  қалай? __________________

__________________________________________________________

9.Балаңызды  қалай  бағалайсыз  немесе  қандай баға  бересіз? ____

__________________________________________________________

10.Балаңыз  мұғалім  берген  тапсырманы  міндетті  түрде орындай

ма? ______________________________________________________

__________________________________________________________

Ата-ананың  аты жөні: ______________________________________

Жауабыңызға  рахмет.

Тураева Г. М.

Басқа материалдар

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ