Дәрігерлер коронавирусты қалай анықтайды? Вирус қайдан пайда болды?

0
895

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология және биотехнология факультетінде «Коронавируска жол жоқ» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында әрбір азамат  денсаулығының маңыздылығы талқыланды. Өзіңді бұл індеттін сақтау үшін ең алдымен оның шығу тегін анықтау маңызды.

Дәрігерлер вирусты қалай анықтайды?

Зертханалық сынақ бойынша ДДҰ болжауынша, дәрігерлер бірнеше сынама алады, оған мұрын мен тамақтан алынған жағу сынамасы, төменгі тыныс алу жолынан алынған қақырық пен қан.

Зертханада дәрігерлер вирустың генетикалық дәлелін іздестіруде, оған келесі теріс траскрипциясы бар полимеразалы тізбектік реакция немесе ТТ-ПТР деп аталатын әдіс қолданады. Егер вирус болса, методика РНҚ көшірмесін шығарады – вирустың генетикалық кодв – бұл SARS-тәрізді коронавирустар үшін ерекше болып табылады. Тест оң нәтиже алу үшін  зерттеушілер генетикалық сараптаманы жалғастырады, ол арқылы себебі  SARS-CoV-2  болуы мүмкіндігін анықтайды. Бұл әдіс  науқастар толық ауру жұқтырған  жағдайға негізделген, олардың ағзасында анықтауға көптеген вирустар бар.

Жұқтырған адамдардың барлығында тест оң нәтиже бермейді.

Алдымен Америка Құрама Штаттарында  тестілеу Ухань қаласына барған немесе ол адамдармен қатынаста болған адамдармен шектелген. Енді кез-келген дәрігер шақыртқан адам сараптама тапсыра алады.

CDC алғашқы диагностикалық жинағы да қате болған, бұл тұрғылықты және мемлекеттік зертханалардың науқастарға скрининг жасау мүмкіндігін шектеген. Содан кейін шенеуніктер коммерциялық және академиялық зертханаларға  өз тестілеуін дайындауға мүмкіндік берген, ол тестілеу мүмкіндігін жоғарылатады. Бұл зерттеу нәтижелері мемлекеттік зертханаларда расталуы қажет.

         Вирус қайдан келді?

Коронавирус зоонотикалық, бұл дегеніміз олар жануарлардан тарап, адамға өтуі мүмкін.  Жарқанаттар көбінесе коронавирус тасымалдаушысы болып табылады, алайда көп жағдайда ол вирусты бірден адамдарға жұқтырмайды. Болжам бойынша, SARS жарқанаттардан адамдарға өтуден бұрын жанат тәрізді иттерге өткен.

MERS болса, адамдарға өтуден бұрын жарқанаттардан түйелерге өткен. 22 қаңтар жарық көрген Медициналық вирусология журналында, коронавирус жарқанаттар  коронавирусының компонеттерінен тұрғанымен, адамдарға оны жыландар жеткізген деп болжайды. Алайда көптеген вирусологтар эпиемияның артында жылан тұр дегенге қарсы көз қарас танытуда.  Басқа сараптамалар вирустың көзі ретінде кесіртке тәрізді аңдарды жатқызған, алайда SARS-CoV-2   бұл аңдардың коронавирусы арасында жарқанаттардың коронавирусына қарағанда байланыс аз, бұл дегеніміз жұмбақтың шешімі әлі алыс.

Берілген мәліметтерге байланысты вирус жануардан адамға тек бір рет өткен, одан кейін тек адамнан адамға жұғып жатыр. Бедфордтың сөзі бойынша, науқастардың тығыз қарым қатынасына қарай, зерттеушілер о бастан ойлағандай базардағы теңіз өнімдері адамдарға вирусты бірнеше рет таратпаған. Егер вирус жануардан адамға бір реттен артық өтсе, ғалымдар мутация санының көп болатынын ескертеді.

         Қазіргі таңда вирустың шығу тегін білудің маңызы неде?

Вирустың шығу тегін білу — бұл адамдардың ауру жұқтырған жануарлардан аулақ болудың, жаңа ауру тараудан қорғанудың қадамы болып табылады.

         Үй жануарларының ауруы мүмкін бе?

Гонгонгтағы бір ит туралы хабарламада, оның коронавирус  инфекциясының төменгі деңгейі көрсетілген, Жануардың иесі коронавирус жұқтырғанымен, ауруға байланысты итте ешқандай белгілер анықталмаған. Қазіргі таңда үй жануарларының ауруы немесе адамдарға немесе басқа жануарларға жұқтыруы мүмкін деген дәлел жоқ.

Коронавирустың бірнеше түрі жануарларды зақымдайды, кей жағдайда оларды ауру ете алады.  Сондықтан CDC үй жануарлары мен байланысты тоқтатып, егер сіз ауырсаңыз бетперде тағып жүруді кеңес береді. Зерттеушілердің Nature 2003 жылы баяндауы бойынша, мысықтар SARS вируспен зақымдануы мүмкін, сол клеткада басқа мысықтарға жұқтыра алады, алайда оларда ешқандай белгі байқалмаған. Тура сол жағдай күзендерде де байқалған.

CDC Қытай еліне саяхаттап жүргендерге жануарлардан алшақ болуды ұсынады, алайда агенттіктер АҚШ-та жануарлар мен үй жануарлары COVID-19 деп аталатын вирусты жұқтырады деуге еш негіз жоқ.

         Пандемия дегеніміз не?

Бұл сарапшылар үшін ауыр, әрі түсініксіз жағдай. Бақылауды күшейту эпидемияны тоқтатып COVID-19 атаулы вирусты жояды деген болжам аз ықтималды. Бұл дегеніміз вирус адамдарда тұмау немесе ЖРВЖ тәрізді үнемі циркуляциялануы мүмкін. Қазіргі таңда вирустың тұмау тәрізді мезгілдік болатыны белгісіз. Вирус пандемияға ұласып отыр. Пандемия дегеніміз жаңа аурудың дүние жүзіне тарауы болып табылады, ауру нақты бір географиялық бөлімде басталады.

 

әл-Фараби атындағы ҚазҚУ-нің биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының  оқытушылары Атанбаева Г.К. – б.ғ.к., доцент м.а., Аблайханова Н.Т. — б.ғ.к., доцент Молсадыкқызы М. – оқытушы

Биотехнология кафедрасының профессор м.а. Ерназарова Г.И.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ