Дәрумендер – денсаулық кепілі (Ұйымдастырылған оқу қызметі)

0
17061

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімдері: Валеология

Тақырыбы: «Дәрумендер – денсаулық кепілі»

Мақсаты: Дәруменнің адам денсаулығына  маңыздылығын түсіндіру.

Білімділік: Балалардың денсаулық жайлы білімдерін нығайту және жеке гигиена туралы білімдерін бекіту. 

Дамытушылық: Жемістер мен көкөністердің дәрумендерге бай екендігін, жеткізе білу.

Тәрбиелік :Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: жеміс, көкөніс, денсаулық, гигиена, спорт

Үштілділік: жеміс-фрукты- fruit, көкөніс-овощи-vegetables, денсаулық-здоровья-health, гигиена-hygiene, спорт-sport

Көрнекі құралдар: қыс мезгілінің көрінісі, жеміс, көкөністердің суреті, жаттығу шаралары, ойын суреті

Шаттық шеңбері

Шуағын шашады,
Күн шықса жиектен.
Жылу алып нұрынан
Денсаулықты түлеткем,
Денсаулық — ол күлуің,
Көңіл — күйің жадырай,
Денсаулық — ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Ұйымдастыру:

-Балалар, қазір жылдың қай  мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыс айларын атаңдаршы?

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

-Суық болады, қар жауады, боран соғады.

-Суықта тоңып ауырып қалмас үшін не істеу керек?

-Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.

Ал дәрумендерге нелерді жатқызамыз?

Көкөністер                                                Жемістер

 

-Балалар бүгін біздің оқу қызметімізде көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз.

-Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға, әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет.

-Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.

Денсаулық сақтап, салауатты өмір сүру үшін дәруменнің пайдасынан басқа спортпен шұғылданған жөн. Денсаулығың мықты, әрі сымбатың әдемі болып өсуіміз үшін тазалықты қатар алып жүрген дұрыс. Біз балабақшада жеңіл спорттың түрлерімен күнделікті айналысып жүрміз.

Таңертеңгі уақытта ритмика (би қимылдарымен) айналысамыз.

Аптасына үш рет дене шынықтыру (оқу қызметіне) барамыз.

Ұйқыдан тұрған соң, жеңіл жаттығулар (шынықтыру шаралары) жасаймыз.

Дидактикалық ойын:

«Дәмін ажырат»

Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністердің  түрлерін дәміне қарай ажыратуға үйрету.

Ойын шарты: Көздерін жұмып, жемістер мен көкөністердің дәмін тату арқылы ажыратады.

Сергіту сәті:

Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
Шынығамыз жастай біз,
Қиынсынып қашпаймыз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір,
Қимылдайды әр сәтте,
Аяқ та бір, қолда бір

Деніміз сау болу үшін міне, еш қиын емес тек бәрі өзіміздің қолымызда. Ендеше өзімді күтіп, қадағалауымыз керек. Сонда ғана дені сау, мықты, сымбатты боламыз.

Осы қағидаларды ұстансақ, ешқашан ауырмайтын боламыз.

“Денім сау болсын десең!!!”

Қорытынды:

  • Бүгінгі оқу қызметімізде денсаулыққа пайдалы көптеген кеңестер алдық.
  • Не түсіндік, нені білдік?
  • Денсаулығымыздың өз қолымызда екенін ұқтық па?
  • Үйдегі күн тәртібіңді ата?
  • Таңертең жаттығу жасайсыңдар ма?
  • Жеміс- көкөністерді жуып жейсіңдер ма?
  • Осы кеңестері орындау қолымыздан келе ма?

Ендеше сәттілік!!!

Сабақты өткізген: Смагулова Гулназия Шынтемировна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ