Дарынды ұрпақ — жарқын болашақ

0
2091
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Дарынды ұрпақ — жарқын болашақ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын  таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.  Дарынды балаларға  білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.

Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады.

Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;
Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады;
Жалпы дарындылық – қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;
Іс-әрекет сәттілігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан айыратын ерекшеліктер

Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау – ежелден  келе  жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер – негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интеллектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу — аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы

Дарынды балалар қандай – олар әр түрлі, бір – біріне мүлде ұқсамайды. Көпшілікті өзіне іс – әрекетімен, қабілеттілігімен бірден баурап алады. Ой – өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушылар, өз қатарластарын басып оза, мұғалімнің ерекше мейірім ықыласына бөленеді. Дарынды балалар ортада өзін емін – еркін ұстай отыра, өздерін басқаның алдында биік ұстай біледі. Балалардың кейбір дарындылығы көбінесе байқала бермейді, оның қабілетін, дарындылығын дамыту – ұстаздың қолында. Ұстаз оқушыға қалай бағыт берсе, ол соған қарай бейімделеді. Балалармен бірге жұмыс істеуді тек ұстазға артып қана қоймай, ата – аналарда бірге жұмыс істеуі керек.

Сонда ғана баланың ойлау қабілеті арта түседі. Ата – аналар мен ұстаздарға баланың бейімділігін арттырып, анықтай түсуге келесідей әдістемелер қолданылады:  — Дарындылық картасы — Интеллектуалдық портрет т.б  Әр бала әр түрлі қабілетімен ерекшеленеді. Биге, сурет салуға, әнге, есепке т.б жақын болып келеді. Осы орайда баланың дарындалығын ары қарай дамыту мақсатында барлық жағдай жасалуы тиіс. Қосымша:  — Вокалға апару; — Хореограф жалдау т.б

Дарынды балалармен жұмыс істейтін ұстаздарға қойылатын ең бірінші талап – әділдік. Әділдік болған жерде – оқушының қабілеті ары қарай дами түседі.  Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие. «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін» дейді американдық ғалымдар. Олай болса, жастайынан бойына біткен талантты ары қарай дамыту әр ата-ананың борышы демекпіз.  ХХI ғасыр мектебінің ұстаздары оқушы бойындағы ерекше дарын, қасиеттерін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті, еліне елеулі азамат тәрбиелеу.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ