«Көңілді алақандар» балабақшаға арналған ойын-сауық

0
12955
Дене шынықтыру

Музыкалық ойын-сауық: «Көңілді алақандар»

Өткізілетін орны: Балабақша ауласы

Мақсаты: Балаларға ойын ойнатып, билетіп, ән айтқыза отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Белгілі бір ойын шартын орындау дағдыларын шыңдау. Әр баланың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Жүргізуші: — Қайырлы күн, балалар! Бүгін біз үшін ерекше күн! Балалар көптен күткен көңілді жаз мезгілі келді. Жаз мезгілі сендерге ұнайма? Ұнайтын болса қол соғыңдаршы.

  • Қане, сендердің алақан дыбыстарын естілмей  тұр. Қаттырақ қол соғайық!
  • Міне, керемет! Ендеше, осындай көтеріңкі көңіл-күймен «Көңілді алақандар мерекесін» бастаймыз!
Флешмоб «Топ-топ балақан»

Микки Маус пен қоян самокатпен жүгіріп келеді.

Қоян: — Балалар, балалар, сәлеметсіңдер ме?

Жүргізуші: — Қоян, неге сонша асығыссың? Қайдан келе жатырсың?

Қоян: — Мен бар ғой, мен, мен зообақтан келе жатырмын. Ол жақтан көптеген жануарларды көрдім. Қандай жануарларды көргенімді айтып берейінші сендерге. Соны сендерге айтып, көрсетуге асығып жеткенмін.

«Теңбілдер» жаттығуы

Микки Маус: — Туу, балалар, сендермен жаттығу жасаған қатты ұнап қалды. Тағы да жаттығу жасайықшы.

Хоровод: «Ручки-руки» 

Сайқымазақ шығыршықтарын айналдырып келеді.

Сайқымазақ: —  Сәлем, менің көңілді достарым! Менің көңіл-күйімнің көтеріңкілігі сонша, сендермен ойын ойнауға асығып келдім. Менің қолымдағы не екенін білесіңдер ме?

Балалар: — Шығыршықтар.

Сайқымазақ: — Ендеше, осы шығыршықтармен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Балалар: — Келісеміз, ойнайық!

Ойын: «Кім жылдам?» ІІ кіші топтар: Құлыншақ, Қошақан, Балғын бөбек.

Мақсаты: Шапшаңдыққа, дәлдікке баулу.

Шарты: Қатар-қатар қойылған шығыршықтарды балалар әуен ырғағымен айналып жүреді, әуен тоқтағанда шығыршыққа жұптасып тұра қалулары керек. Осылайша шығыршықтар саны азая береді, үлгермеген балалар ойыннан шығады.

Сайқымазақ: — Қандай, алғыр балалар! Енді мен мына жердегі кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді балалармен ойын ойнаймын

Ойнаймыз ба.?

Балалар жауабы.

Ойын: «Түрлі-түсті доптар»   І кіші топтар: Қонжықтар, Балапан.

Мақсаты: Балаларға түстерді ажыратуға үйрету. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.

Шарты: Түрлі-түсті доптарды түстеріне қарай себетке жинау.

Сайқымазақ: -Жарайсыңдар, балалар! Менде жинаймын деп шаршап қалдымғой.

Жүргізуші: —Жарайсыңдар, балалар! Ойын ойнап шаршаған боларсыңдар. Ендеше бір тынығып алайық.

Хоровод: «Бір оңға, бір солға»

Сайқымызақ: -Сендер менімен бірге бүгінгі күнді көңілді өткіздіңдер. Біздің сендерге арналған сыйлығымыз бар. Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: -Балалар сендерге көп-көп рахмет келесі кездескенше.

Қош сау болыңдар!   

«Флешмоб»


ПІКІР ҚАЛДЫРУ