Дарынды және талантты балаларды оқыту жүйесі-ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту факторы ретінде

0
7278
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Дарынды және талантты балаларды оқыту жүйесі-ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту факторы ретінде

Ұлт зиялысы, ұлт зияткерлігі деген сөздер айтылғанда, көз алдымызға бірден Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов бастаған алаштың ардақтылары тізіліп тұра қалады. Ұлтқа қызмет етудің үлгісін көрсетіп кеткен, өмірін ұлтына арнаған азаматтар. Олардан арғыны қозғамай, бері зымыраған уақытпен жылжығанда да талай-талай қазақтың сөзін сөйлеген, намысын ту ғып ұстаған зиялы қауым толқыны бірінен кейін бірі қалыптасып келеді.

Дегенмен… ХХІ ғасырдың жөні бөлек. ХХІ ғасыр – жаһандану дәуірі. Алып, алпауыт мемлекеттердің жұмырына жұтылып кетпей, қазақ халқы мемлекеттігін де, ұлттық құндылығын да сақтап келешек замандарға жетуі тиіс.Бұл – алыс арман, әрі жарқын болашақ. «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ», -деген Құнанбай қажы сөзін ескерсек, келелі келешек, ел болашағы болар бала бүгін біздің алдымызда отыр. Осы орайда ұстазға жүктелер міндет жүгі ауыр.Ұстаз – ұлт зиялысын қалыптастырушы, ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытушы. Бұл әрі мемлекетіміздің білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі.

Талантты, дарынды және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру бағытында білім беру педагогикалық үдеріс барысында жүзеге асады. «Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге жету үшін қалыпты орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл – ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе… Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттеліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. (М.А.Н.21-бет)

Педагогикалық үдерісте балалардың дарындарын ашуда жаңағы айтылған қалыпты орта жасаудың әсері ерекше. Оқушы мүмкіншіліктерін дамыту оны зерттеу жұмысына қызықтыру аясында өтеді. Зерттеу қызметі білім жүйелігінің барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. «Жалпы мектептік саясатта» бастауыш буын оқушыларының жасы ғылыми-зерттеу қызметіне енгізудің бастапқы кезеңі болып табылады. Дәл осы кіші мектеп жасында бірқатар құнды көзқарастар, тұлғалық қасиеттер мен қарым-қатынастар қалыптасады. Бастапқыда – бұл қоршаған орта, еңбекке баулу сабақтарында, сабақтан тыс уақыттарда ұжымдық шығармашылық формасында өткізілетін шығармашылық тапсырмалар түрін қамтиды. 3-4 сыныптарда әр оқушының жобалық зерттеушілік нәтижелерінен ұжымдық ғылыми зерттеу құралады. Бір пәндік жобадан пәнаралық жобаларға, жеке жұмыстан топтық, жалпы сыныптық жұмысқа көшу- ғылыми зерттеу және жобалау қызметі қызметін қалыптастырады. Жобалау жұмысына ата-ана тарапынан қызығушылық таныту-оқушылардың жобалау қызметінде дербестігін, өз-өзіне сенімділігін қалыптастырады.

Жобалау қызметінің алгоритмі.

Жоба тақырыбын ұсыну (оқу пәнінің мазмұнынан не жақын сала)

Мәселені таңдау (нені білемін, нені білгім келетінін талқылау) Тақыпшыларды тұжырымдау

Жұмысты жоспарлау (ақпарат іздеу жолдары)

Жобаны орындау (өзіндік ізденіс, ойлау, шешім)

«Кеңейтілген» мектеп тәсілі бойынша орта буындағы дарынды және талантты балалармен жұмыс істеу жүйесіне балалардың дамуына жағдай жасау, есею кезінде үнемі оларға қолдау көрсету, олардың табиғи қабілеттерін барынша сақтауға және дамытуға бағытталған құрамдастар енгізіледі.

Мұғалімдер жүргізетін жұмыс түрлері және оқыту формалары.
  1. Жеке жұмыс:кітаптар, журналдар оқу, реферат дайындау, түрлі тақырыптық байқауларға қатысу, тақырыптық жобалар бойынша зерттеу жүргізу.
  2. Топтық жұмыс: жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пән үйірмелері, қолданбалы, таңдау курстары, пәндік қолданбалы өнер көрмелері, өлкетану, эскурциялар, лагерьлер, шеберлік сыныптары, шығармашылық зертханалар.
  3. Көпшілік: олимпиадалар (пәндік, қашықтық) ғылыми-практикалық конференция, көрмелер, семинарлар, фестивалдар.

Мәселелерді шешу жолдары:

  • Дарынды және талантты балалармен жұмыс жасау жоспарын құру, бағдараламалар әзірлеу,түзету, жетілдіру
  • Жаңа педагогикалық технологияларлы күнделікті сабаққа енгізу
  • Сабақтары ұйымдастыру және өткізу
  • Сабақ нәтижелігін талдау
  • Жеке жұмысты ұйымдастыру.
  • Психологиялық-педагогикалық монитроинг жасау
  • Бала қызметінің өнімін эксперттік бағалау
  • Оқушы жетістіктерін талдау мониторингі
Жаңа педагогикалық технологиялар бойынша зияткерлік-әлеуетті дамытуды қолдау әдістері:
  • «Ми шабуылы»
  • «Сократтық сұхбат»
  • «Ойлау қызметі»
  • «Іскерлік ойын»
  • Психологиялық трениг
  • Тапсырмаларды шығармашылық тұрғыдан орындау
  • Ойын, қиялмен жұмыс
  • Ерікті іс-қимыл жағдайын қалыптастыру
  • Шығармашылық ізденісі
Білім беру мазмұнындағы сапалы өзгерістерге сүйенетін дарынды балалармен жұмыс стратегиялары:
  • оқытуды дербестендіру- өзіндік тұлғалық қызметтерін толыққанды ашу, дамытуға жағдай жасау;
  • ойлауға баулу – баланың зияткерлік-шығармашылық қабілеттерін мақсатты дамыту бойынша жұмыс;
  • әлеуметтік біліктілік – мектептердің жоспарларына енгізілетін арнайы біріктірілген бейіндік курстар. Ұжымдағы тұлғааралық қарыс-қатынасты түзету бағыты;
  • зерттеушілік оқыту – дайын білімдерінен өзге оны ұйымдасқан шығармашылық түрде іздеу негізін құрайтын шағармашылық қабілеттерді дамыту;
  • қосымша білім беру – дарынды баланы анықтау, дамыту, қолдау.
Дарынды және талантты балаларды дамыту және оқыту үшін оңтайлы жағдай жасау бағыттары:

— үйлестірушілік бағыт – нормативтік құқықтық базамен қызметті бақылау мен талдауды қамтамасыз ету, ұйымдастыру жұмыстары,жарыстарға қатыстыру;

— ақпараттық бағыт – дарынды баламен жұмыс мәселелерін зерттеу, білім беру бағдарламасымен әдістемелік материалдар базасын құру. БАҚ-пен жұмыс. Дарынды оқушылар, педагогтар туралы жинақтар шығару, жүлдегерлер, жеңімпаз, танымал тұлғалармен кездесу, әдістемелік жинақтар дайындау;

— Диагностикалық бағыт – дарынды балалар диагностикасын өткізу, деректер банкін құру;

-кадрлық бағыт- ЖОО-мен байланыс орнату, оқу сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мектептермен ЖОО бағдарламасын біріктіру.

Педагогтардың біліктілігін арттыру, ақпараттық әдістемелік көмек.

Назар аударуға тұрарлық тақырыпқа қатысты тағы бір мәселе – дарындылық пен таланттылық деген қасиеттің өзінен туындайды. Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие.

Дарындылық пен талаттылық тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерді, жеке мүмкіндіктері мен өнердегі визуалдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Жаңағы біз айтқан оқыту формалары арқылы балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға қолайлы орта жасай жоғары деңгейі, ал талант бір салаға жоғары деңгей. Осы орайда «зият » ұғымын тереңдете зерделеген Дэниел Гоулман 1995 жылы жарық көрген «Эмоциялық зият» атты кітабында бұл терминді алғаш рет қолданып, бизнеске енгізген. Эмоциялық зият пен бизнестегі ауқымды жетістік арасындағы тікелей байланысты анықтаған. Эмоциялық зият – көшбасшылықтың қажетті атрибуты. Онсыз адамның әлемдегі ең үздік білімі, көріпкел, сараптамалық миы, сансыз таңғажайып идеясы болуы мүмкін, алайда ол үздік көшбасшы бола алмайды.

Эмоциялық зияттың әр бөлшегі – өзіндік саналылық , өзін – өзі реттеу, уәж, эмпатия және әлеуметтік дағдылар.

Бала бойындағы қабілет үш санатты:

  1. Таза техникалық дағды
  2. Танымдық қабілет
  3. Қарым – қатынастқа қатысты әрекеттестік дағды

Эмоциялық зиятты көрсететін құзіреттіліктер

  1. Өзіндік саналылық- өзіңді-өзің тану, терең түсіну, өз мақсатын, құндылығын түсінуі, өзін бағалауы.
  2. Өзін-өзі реттеу – тұрақты ішкі диалог, өз сезімін реттеу, рефлексия жасау.
  3. Уәж — жетістікке қол жеткізуге ынталану, энтузиазм, шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы мақтаныш сезімі нәтижелілік деңгейін үнемі көтеріп отырады.
  4. Эмпатия — басқа адамдардың эмоциялық жағдайын түсіну қабілеті
  5. Әлеуметтік дағды — өзара қарым- қатынас жасау және байланысты дамыту.
Оқушының зияткерлік қабілетін дамыту арқылы, байқасаңыздар, Абай атамыз айтқан «толық адам» жасаймыз.

Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

Сонда толық боласың елден ерек,- демеп пе еді данышпан Абай?!

Елімізде дарынды және талантты балаларға арналған 4 арнаулы мектеп бар екенін білесіздер. (А.Жұбанов атындағы музыка мектебі, ер балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы кадет мектебі, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын Абай атындағы арнаулы мектеп-интернат және Жәутіков атындағы математика мектебі). Ол мектептерден талай- талай талантты тұлғалар шыққан. Ал жалпы білім беретін мектептерде бұл бағытта тынбай ізденіп жұмыс жасап келеді.Бір куанарлығы жаңа оқыту жүйесі арқылы дарынды және талантты балаларды анықтау, қолдау, дамыту жаппай қарқынға ие болды. Жоғарыда біз тоқталған жұмыстарға әр мектеп мұғалімі үлес қосуда. Осы жерде өзім жұмыс жасайтын №59 орта мектепке тоқталсам, мектепте оқушылардың «Арай» ғылыми қоғамы көп жылдардан бері тұрақты жұмыс жасап келеді. Оның мүшелері бастауыш сынып отырып, алғашқы ғылыми жобаларын қорғап, олимпиада, түрлі сайыс жеңімпазы болса, есейе келе аудан, облыс, республикалық жүлделер иеленіп жүр.

Басқасын айтпағанда, соңғы 3-4 жылда Шынболатов Сырбай деген оқушымыз «Қарақұм құрылтайы» тарихи тақырыбындағы ғылыми жобадан республикадан 1-орын, Сұлтанатаева Әсем деген қызымыз елбасы Н.Ә.Назарбаев идеясын негіздеген «Мәңгілік ел» тақырыбында облыстан 1-орынға ие болды. Ал үнемі «Бозторғай» балалар байқауына қатысатын Кеңесұлы Әлімжан эстрада және цирк колледжін тамамдап, Құрманғазы атындағы консерватория грантында оқиды. Сонымен бірге мектеп қабырғасынан бастап қазақ күресі секциясынан түрлі жарыстарға қатысқан оқушымыз Сәлімгереев Нұрым «Қазақстан барысының» көрермен көзайымы жүлдесін еншіледі және сыртелдерге де танымал чемпион спортшыға айналды. Мұндай талабын титтейінен шыңдап, қанатын қияға қатайтып ұшқан шәкірт бойындағы дарыны мен талантын танығаны үшін ұстаз алдында мәңгілік шәкірт ретінде басын иіп өтеді. Міне, еңбектің өтеуі деген осы. Біз айтып жүрген көшбасшы ең әуелі сол дарыны мен талантын танытқан , оны ұштай білген балалардан шығады.

ХХ ғасыр басында 17 жасар жас семинарист М.Әуезов айтқан «Қазақ ел болам десең , бесігіңді түзе!» деген сөзді ескерсек, жаңа оқыту жүйесінде ең әуелі ұлт мүддесін ұстансақ, сонда ғана Бөкейханов, Байтұрсынов, Жұмабаев, Аймауытов сияқты ұлт зиялыларын өсіре аламыз.

«Намысы бар ұлың айбынды келеді, айдынды келеді, жоғалғаныңды табады, ұмтылғанын алады, өркениет төріне жол салады» деген тарихшы М.Қозыбаевтың сөзін басшылыққа алуымыз керек.

Сексенбаева Балагүл Қарсақбайқызы

№ 59 орта мектеп

Бейіндік оқу жөніндегі орынбасар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ