Біз Дата журналист болу оңайма атты тақырыпта алдыңғы апта да кездесу жасаған болатынбыз. Кездесуді Зульфия Раисова мен өткіздік. Орыс тілінде жүргізілді.Маған осы кездесуден ұнағаны. Мен осы пәнді қатар оқып жүріп,біздің ұстаздардың кездесу ұйымдастырғаны. Студенттердің біліміне білім қосқысы келіп тұратын ұстаздарды қатты құрметтеймін,сыйлаймын және үлгі тұтамын.Кездесуде біз өзімізге керек дүниелердің бәрін алдық. Сұрақ қою арқылы жауап алып бойымызға біршама нәрселерді сіңіре білдік. Басында кішкене қиын болғаны рас осы Дата журналистика. Осы пәнді оқи жүріп барлығын уйрену үстіндеміз.Әрине қазір толық білемін деп дөп басып айта алмаймын. Мен осы кездесуден не түйдім,не алдым? Деген сұраққа жауап бергім келеді. Біз білмейтін дүниелер көп екеніне көзім жетті.Тек бетіндегі нәрселерді ғана біледі екенбіз. Астарында қандай мән бар осығанда тоқталуымыз керек екеніне көзім жетті. Осы кездесуде көкірек көзіміз ашылып біршама ақпаратқа қол жеткіздік десем артық айтпаймын.Осындай кездесулер көп болса екен деймін.
Журналистика – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденісті талап ететін сала. Бұл өткен дәуірде, қазіргі кезде, келешекте де өз құндылығын жоғалтпайтын мамандық.
Қорыта айтқанда, білікті журналист болу үшін біз көп оқып, көп біліп жалпы жаңалық атаулыны дәлме-дәл, боямасыз, шындықты ту етіп халыққа жеткізу арқылы ғана мәреге жете аламыз. Сол үшін біз әрқашан сергектік, қағылездік, дәлдік, тездік қағидаларынан көз жазып қалмасақ болғаны.