Дина Бөкебай: «Байқоңыр»

0
1518

Сіздердің назарларыңызға талантты ақын қыздарыңыз Дина Бөкебайдың туындысын ұсынып отырмыз.  Жас та болса қаламы қарымды ақын қыздарыңыздың кезекті туындысы сіздердің көңілдеріңізден шығады деген сенімдеміз!\r\n\r\n \r\n

Мәрттігіңнен айналайын, сыйыңды үз!

\r\n

О, Байқоңыр болашаққа жалғасты із.

\r\n

Кім біледі елу жылдан кейін біз

\r\n

Жолыға да алмаспыз!

\r\n

…Еркімізден айырылғандай…дүрбелең,

\r\n

(Бүкіл әлем шырқайтын ед атыңды!)

\r\n

Жер менікі, сайран салып жүрмек ем,

\r\n

Жалға алғам деп ақырды!

\r\n

Жыламасаң, хәлің де жоқ күлетін,

\r\n

Мен ойландым, алмаймын да кешіре.

\r\n

Бақ пен соры бір тамшылап жүретін,

\r\n

Оның несі несібе?!

\r\n

Адамыңды ауыртады ол, қайтейін..

\r\n

Ауаны да ластап өтер арнасы.

\r\n

Күпі киген қазақ болсаң, әй, кейін

\r\n

Жалаңаш боп қалмашы!

\r\n

Қалай жара жазылады бір демде,

\r\n

Ойланбадың, ойың кеткен ұсақта.

\r\n

Жыртығыңды жамаймын деп жүргенде,

\r\n

Жол бердің-ау пышаққа!

\r\n

Байтақ жердің, Байқоңырым, бірі едің,

\r\n

Жасыл кілем – жағаң қау.

\r\n

Енді қалай адам өмір сүреді?

\r\n

Екі бастан ауаң да у.

\r\n

Сонша қысқа болар ма еді ғұмыр ән,

\r\n

Жалдаулысың , ерегес…

\r\n

Ей, көкелер, білгейсіздер, зымыран

\r\n

Полигоннан кем емес!

\r\n

Керек емес ешқандай да келісім,

\r\n

Бақытты кез сол шақ ед.

\r\n

Байқоңырым, мұңаямын сен үшін,

\r\n

Қазақтыкі болса деп!

\r\n

  Дина Бөкебай,

\r\n

Қазалы ауданы,

\r\n

Қожабақы ауылы,

\r\n

№ 25 орта мектептің 9 сынып оқушысы.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ