Адам өміріндегі ең маңызды дүниенің бірі ол достық. Дос деген кім? Және досты қалай
таңдаймыз. Адам бұл дүниенің ажырамас бөлігі. Сол секілді достық та адамның маңызды бөлшегінің бірі. Біз өмір сүріп жатқан ғаламшар тұтас бір нәрседен тұрмайды. Әрине онда адалдық, сатқындық жамандық пен жақсылық қатар жүрмек. Біз күнделік өмірде дос деген сөзді қаншалықты қолданамыз және қаншалықты бағалаймыз.Йа рас, қазіргі таңда дос деген сөздің қадір-қасиеті қашып бара жатқан секілді.Байқайсыздар ма көшеде кетіп бара жатқан кез-келген адамға дос деп сөйлейміз.Бірақ сол адамның саған деген достық күші қаншалықты.Соған байланысты қазақта дос туралы мақал мәтелдер де аз емес.
•Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар.
•Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Біз қашанда өзіміздің ақыл-парасаты мол,дос пен дұшпанды ажырата білетін,дана халық екенімізді танытып келеміз.Біздің ата-бабамыз досын жауға бермеген,дұшпанын
табалдырығынан аттатпаған халық. Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,-депті. Доссыз өмір шынымен де көшсіз өмір секілді.Шын достықты бағалай білейік,достың жақсысын таңдай білейік..
Достық дегеніміз адамның ең әділетті,адал,қамқор,қасиетті жан соны қосып жібер