лол

Қазақ халқының болашағы үшін Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайырдан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің бойына тұрақтағаны тарихымыздан мәлім.

«Қазақ!» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ Хандығының іргесін қалағанын білеміз. 3 ғасыр бойы тарихымыз бен ар-ожданымыз табанға тапталды.

Түрлі нәубетті бастан өткердік.Бірақ, мың өліп, мың тірілген қазақ азаттығына қол жеткізді.Қазақ мемлекеттілігінің тарихы Керей мен Жәнібектен бастау алды да,Абылай ханмен жалғасты.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Президентінің Жалпыхалықтық сайлауы нәтижесінде еліміздің тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.Бүгінде Қазақстан – әртүрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан біртұтас ел.

Еліміздің өз Әнұраны,өз Көк байрағы, Ата Заңы,ұлттық валютасы бар.Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің 100-ден астам елі таныды.Біздің еліміз аса беделді бірқатар халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – бақыт жолындағы егеменді мемлекет.Күн өткен сайын әл-ауқатымыз жақсарып,жарқын болашаққа зор үмітпен қараймыз.Елбасымыздың «Еліміздің болашағы бүгінгі күннен басталады!» деген сөзі әрбір отандасымыздың жүрегінде.

Еліміздегі барлық ұлт өкілдері тілімізді меңгеріп, Қазақстанды дүниежүзіне танытуда белсенділік көрсетуде. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп Елбасымыз айтқандай,XXI ғасыр білімді,жан-жақты,қазақ тілінде еркін сөйлейтін азаматтарды қажет етеді.

Сан қилы қан кешуден сабырмен өткен халқымыз қай қиындықта да тату-бірлігін,тамаша тірлігін жалғастыра бермек.Мемлекеттік тәуелсіздікті аяғынан тік тұрғыза алған Елбасымыз еліміздің алда тұрған бірнеше онжылдығына жүйелі жоспар құрып, халқына қамқорлық жасаудан тайынбайтынын талай рет дәлелдеді.

Қазақстан Республикасының өзіндік дамуы,ұлттық қауіпсіздігі және мемлекеттік басқару жүйесі бар.Ұлттық болмысымыздың қалыптасып,күллі әлемге танылуы – «Назарбаев» есімімен тығыз байланысты.

1998 жылы Астана қаласы жанданып,халықаралық қатынастардың да астанасына айнала бастады. Қазір елордалы, елбасылы ел болдық.Астана салу былай тұрсын,қу тақыр даламыз бүгінде жайқалған орманға айналды.«Байтақ даланы орманға, «жасыл елге» айналдырамын» деген Елбасының сөзі «Жасыл ел» жобасына арқау болып, байырғы қазақ халқының «Мәңгілік ел орнатамыз!» деген асыл мұратын іске асырғандай.2006 жылы егемен елдің Әнұраны жаңарды.

Ал,«Болашақ» бағдарламасы талай қазақ жастарының жоғары білім алуына,шетелде таным көкжиегін одан әрі кеңейтуіне үлкен көмегін тигізді.Қазақ елінің байрағын әлем елдерінің алдында биікте желбіреуіне қазақ спортшыларының  қосқан үлесі зор.

Елбасының салиқалы саясатының арқасында тәуелсіздік кезеңінде біршама ауқымды іс атқарылған болатын.Соның дәлелі: «Мәдени мұра» бағдарламасы.Аталмыш бағдарлама бойынша Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар қайта жаңғырды.

Одан бөлек, Елордамызда «EXPO-2017» көрмесінің өткізілуі еліміздің ерен жемісі.Себебі,бұған дейін ТМД елдері кеңістігінде халықаралық көрме өткізу бақыты ешбір елге бұйырған емес.Ал,Қазақстан болса алпауыт елдермен аламанға түсіп,бәйгеде жеңімпаз атанып тағы да талайды таң қалдырды.Осы саясаттың арқасында біз тәуелсіздіктің тәтті дәмін сезініп отырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев – халқының жағдайын тереңінен түсінетін,заман ағымын жіті ойлайтын,әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып,оны бабамыздан қалған асыл өнегемен әдемі ұштастыра білген озық Елбасы.Сонымен қатар,әлем мойындаған қазақ елін алға сүйреген көшбасшы.Туған халқының көсемі,кемеңгері.

Гүлманат Райымбаева


ПІКІР ҚАЛДЫРУ