Қазақстардың 1860—1870 жылдардағы азаттық күресінің себептері (сабақ жоспары)

0
3194
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты.
– қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресініңсебеп-салдарын анықтау

Зерттеу сұрағы:
XIX ғасырдың 60-70-жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?

Оқулық
1860–1870 жж. азаттық күрес. 126–131 беттер.

Тірек сөздер: Капитализм, Уақытша ереже, адайлар.

Ресурстар
1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. – Т.1-
2. – Астана, 2013.
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. – Алматы,
2016.

Көрнекілік
Көтеріліс болған аудандардың карталары.

Мақсатты айқындау
1868–1869 жылдары болған қазақтардың отарлық езгіге қарсы азаттық күресінің себептерін, барысын, салдарларын және басты ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылық маңызы. Аталған көтерілістер негізінде қазақ халқының басқа елдің отаршылдық саясатына ешқашан да бейжай қарамағандығын, жергілікті жерде орын алған (Орал, Торғай облыстарында) көтерілістер негізінде түсіндіру. Қазіргі қол жеткізген тәуелсіздігіміз халықтың осындай азаттық үшін күресінің нәтижесі болып табылатынын оқушыларға ұғындыру.

Тәрбиелік мақсаты. Аталған өңірлердегі ұлт-азаттық қозғалыстың қайраткер тұлғалар, мысалы, Сырым Датұлының немересі Сейіл Түркебаевтың, Әзірген Мұңайтпасұлының, Иса Тілембайұлының, Досан Тәжіұлының  батырлық тұлғалары негізінде жастарға отансүйгіштік тәрбие беру.

Сабақтың деректік материалдары
Мұғалім белгіленген сабақ жоспары негізінде жоғарыдағы жоспарланған мәселелерді басшылыққа алып, оқушыларды үш топқа бөліп жұмыс жасауға жұмылдырады.

Бірінші топ Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістерді сипаттайтын тезистер жасайды.

Екінші топ 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісіне байланысты шығарма жазады. Үшінші топ осы екі көтерілістің басты ерекшеліктерін тезис түрінде көрсетеді.

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас, баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында келесідей басты назарда ұсталатын мәселелер:

1. 1868–1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістердің
себебептері
2. Көтерілістің барысы.
3. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.
4. Оның барысы.
5. Осы көтерілістердің ерекшеліктері.

Бағалау мүмкіндігі
Мұғалімнің жоспарында көрсетілген маңызды мәселелер төңірегінде оқушыларға қысқаша қорытындылар жасалынады.

Мұғалімнің жоспарында көрсетілген маңызды мәселелер төңірегінде оқушыларға қысқаша қорытындылар жасалынады.

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  8. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  9. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)
  10. Түркі-моңғолдардың Орталық Азия мен Қазақстан аумағына жорықтары. Отырар қорғанысы (сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ