Ем-домға қатысты ырым-тыйымдар

0
4318

 -  екінті мен ақшам арасында тамақты далаға алып шығып ішпейді, адам ұшынады, ұшық жабысады деп ырымдайды.

—  ұлардың майы шешек ауыруынан сақтайды, еті де күйік ауыруына табылмайтын ем саналады. асқазанға, сыныққа ұлар етін жеген адам тез сауығады. «ұлар етін жедің бе? ұлы тауға шықтың ба?»-деген сөз осындай іріммен байлансты туған болса керек.

—  адамдар бір пәлеге жолыққанда, қатты науқастанғанда басына ауыр күн туғанда, бағы тайып, бақыты сөнгенде, хауып-қатерге ұшырағанда, не бір жұмысты бастағанда ақ сары бас қой айтып сойып, тілеу-тілеп ырым жасайды. онысы барлық ойға алған тілек-мұратым оңға бассын, қабыл болсын дегені.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ