Тәуелсіздікке тарту. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар»

0
1459

                                                         Мәңгілік Ел деген -халықтың жағдайы,

\r\n

                                                               Мәңгілік Ел деген – елдің өрлеуі,

\r\n

   Мәңгілік Ел деген – шексіз жарқын өмір!

\r\n

           Менің кішкентай ғана бала жүрегім көптен бері бір зор қуаныштың болатынын сезіп жүргендей ме, қалай? Бұл не болды екен деп ойланып жүргем…

\r\n

Сөйтсем, алақай, таптым, таптым! Осыдан бірнеше күн бұрын  «Қазақстан»   телеарнасынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың сөйлеген сөзін мұқият тыңдадым.Атамыз өз сөзінде: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол -Мәңгілік Еліміз бен Мәңгілік тіліміз!»деген болатын. Сол мезетте менің кеудемді бір сәт қуаныш кернеп кетті. Бұл ненің қуанышы? Кеудемді шаттық кернеген қуанышты жағдай- менің көптен бері күтіп жүрген арманым сияқты екен-ау!

\r\n

Менің арманым- еліміз бен жеріміздің Тәуелсіздігі, Отанымның тыныштығы мен ата- ана, балалардың еш алаңсыз  бақытты өмір сүруі . Бүгінгі таңда сол арманымның мәңгілікке іске асатынына көзім жетіп отыр.

\r\n

Тарихи деректерге сүйенсек, сахараны кең жайлаған қазақ елінің басынан көптеген қиыншылықтар өткенін кітаптан оқыған болатынмын.Кейін ұстазым, ешкімге жалтақтамай, өз бетінше ел болуы үшін талай ғұлама-ойшылдардың, қоғам қайраткерлерінің өз өмірлерін құрбан еткендері туралы әңгімелеп берді.Сонау ерте заманда Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілхайыр сынды көптеген ақылды хандар мен Майқы би, Бұхардай даналық сөздерімен халқын қауіп- қатерден сақтаған бабаларымыз  бірілгі жарасқан ел болуды армандап, мүмкіндігінше ел бірілігін сақтап, тегеуріні мықты мемлекет жасауды көздеген ғой. Бұл сөзім жаңсақ емес, тарихи шындық! Себебі, бір деректерде былай жазылған:

\r\n

«Абылай хан дүниеден озар алдында Бұхар жыраумен қоштасып жатып: — Қанша жыл өмір сүріп, жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл- бір. Ақбозаттың құнын ер құнына теңегенім жоқ,екі.Мылтығымның құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, ұста мен етікшінің құнын жарты құн дегізіп кесім кестіргенім жоқ, мұным үш. Осы үш арманым бойымда кетті»,- деген екен.Абылай ханның осы үш арманының ар жағында үлкен тұжырым жатыр. Бұл оның қазақтың басын біріктірсем, яғни «Мәңгілік Ел» етсем дегенін, ел болашағын тереңнен ойлағанын білдіртеді емес пе? Бабаларымыздың өткен жолдарына зер салып қарап отырсақ, сонау өткен заманда арман болған Тәуелсіз ел, Мәңгілік ел болу, бүгінде Елбасы Нұрсұлтан атамыздың бастауымен Қазақстан егемендігін алған жиырма жылдан астам уақыттың  ішінде орындалып жатқандығының біздер, жас ұрпақ- куәсіміз!

\r\n

Жақында мен бір қызық дастан туралы газеттен мақала оқыдым.  Бұл дастан 1069-1070 жылдары жазылыпты. Жазған адам Жүсіп Баласағұн екен. Дастанның аты- «Құтты білік» деп аталады. Басында  «Құтты білім» туралы шығар деп ойлағам. Оқи келе,  ежелгі Қарахан әулеті билік жүргізген кезде ұлан- ғайыр өлкені басқару үшін , қоғам мүшелерінің ауызбіршілігін сақтау үшін ешқандай тәртіп пен заңдардың болмағандығы белгілі болды. Сол олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Жүсіп Баласағұн осы дастанды жазған екен. Бұл шығармада ел басқарудың, экономиканы, әлеуметтік- тұрмыстық ахуалды, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы да басқа мемлекеттің жағдайын дұрыстау жолында атқарылатын істер баяндалған екен. Ғалымдардың сөзінше, бұл дастан сол кезде «Ата Заң» қызметін атқарған көрінеді. Тарихи деректерге қарап отырсам, қазақ елін хандар басқарған заманда да, билер мен болыстар билік еткен кезеңде де барлық дау- жер үшін болған. Қазақтын дархан даласына көз тікпеген түрлі ұлыстар мен тайпалар қалмаған. Сол кезден бүгінге дейін қазақтың жерін басып ала алмай,  көз алартып келген қаншама мемлекеттер бар. Бірақ халықтың бағына орай Елбасы Нұрсұлтан атамыз мемлекетімізді басқаруды өз қолына алды. Сөйтіп, сан ғасырлар бойы ұласып келе жатқан дау- дамайға нүкте қойды. Елінің өзге мемелекеттер арасындағы беделін арттырды. Жас ұрпақтың еш кедергісіз білім алып, қоғамдағы орнын жаңылмай табуына көмектесті. Халқының жаңылыспауы үшін жыл сайын жолдау арнады.

\r\n

Елбасының халыққа арнап жолдаған жолдауында айтылған мәселелер де сонау тарихи негізден алынған .Бұл жерде ұрпақтардың үлкен сабақтастығы жатыр. Елбасы Нұрсұлтан атамыз өткенді өшірмей, қайта жаңғыртып, келер ұрпақтың қолына дайын күйінде бар аманатын беріп жатыр. Ұрпақ пен ұрпақ арасындағы сабақтастық қылы үзілмесе екен дейді. Мен осыны түсіндім.

\r\n

«Мәңгілік Ел» атанудың оңай еместігін түсінемін. Барлық жақсылықтар мен жақсы үміттердің орындалып, іске асуы үшін талай тердің моншақтап төгілгені анық. Ғаламда өз атыңды мәңгі қалдыру үшін Қазақстан мықты , алпауыт мемлекет болуы тиіс. Бірақ мен кез – келген елмен бәсекеге түсе алатын мықты мемлекет, бабаларымыз арман еткен «Мәңгілік Ел» болатындығымызға сенемін!

\r\n

Бұл- ешкім өзгерте алмайтын  ақиқат! Бала болсам да ,бойымда бір алып күш пайда болғандай сезініп отырмын. Бұл күш мені алып мақсаттарға жетелейтіні шүбәсіз.Армансыз адам болмайды.  Менің кеудем жақсылыққа толы, жарқын армандарға толып кетті. Ол армандарымды өсе келе орындайтыныма сенімдімін.Оған дейін ұстаздар беріп жатқан білімді қуана қабылдап, жақсы оқуға тиістімін. Әзірге менің сансыз армандарым құпия болып қала берсін…

\r\nСрайл Дильназ\r\n\r\nҚызылорда облысы, Қазалы ауданы\r\n\r\n6 — сынып оқушысы