«Ерітінділер» тақырыбы бойынша тест жиынтығы

0
3675

Төмендегі тест тапсырмалары  оқу материалын жүйелеу және біршама оңай есептерді шығарғанда негізгі түсініктер мен заңдарды қолданып білуді үйретеді.

1.Ерітіндінің молярлы концентрациясы – ол:

1) зат мөлшерінің ерітіндінің массасына қатынасы;
2) 1 мл ерітіндіде ерітілген граммен алынған зат массасы;
3) 1 л ерітіндіде ерітілген зат мөлшері;
4) зат массасының еріткіш массасына қатынасы.

2.Ерітіндінің эквиваленттік молярлы концентрациясы– ол:

1) зат мөлшерінің ерітіндінің массасына қатынасы;
2) 1 мл ерітіндіде ерітілген граммен алынған зат массасы;
3) 1 л ерітіндіде ерітілген зат мөлшері;
4) 1 л ерітіндіде ерітілген зат эквивалентінің мөлшері.

  1. Ерітіндінің массалық үлесі– ол:

1) еріген зат массасының ерітіндінің массасына қатынасы;
2) еріген зат массасының еріткіштің массасына қатынасы;
3) еріген зат массасының ерітіндінің 1 мл қатынасы;
4) еріген зат массасының еріткіштің 1 мл қатынасы.

  1. Ерітіндінің титрі – ол:

1) зат мөлшерінің ерітіндінің массасына қатынасы;
2) 1 мл ерітіндіде ерітілген граммен алынған зат массасы;
3) 1 л ерітіндіде ерітілген зат мөлшері;
4) зат массасының еріткіш массасына қатынасы.

  1. Тұздардың эквиваленттік факторы тең:

1) бірдің метал зарядының қатынасына;
2) бірдің метал иондарының санының қатынасына;
3) бірдің метал иондарының санымен зарядының көбейтіндісінің қатынасына;
4) бірдің қышқыл қалдықтары санының қатынасына.

  1. Оксидтердің эквиваленттік факторы тең:

1) бірдің метал зарядының қатынасына;
2) бірдің метал иондарының санының қатынасына;
3) бірдің метал иондарының санымен зарядының көбейтіндісінің қатынасына;
4) бірдің оттегі атомдары санының қатынасына.

7.Күкірт қышқылы эквивалентінің молярлы массасы тең:

1) 98 г/мольге;
2) 49 г/мольге;
3) 24,5 г/мольге;
4) 73,5 г/мольге.

  1. Фосфор қышқылының молярлы массасы тең:

1) 32,6 г/мольге;
2) 98 г/мольге;
3) 49 г/мольге;
4) 65,2 г/мольге.

  1. Хром(III) сульфатының эквиваленттік факторы тең:

1) 1 / 2;
2) 1 / 3;
3) 1 / 4;
4) 1 / 6.

  1. Эквиваленттік факторлары бірдей заттар тобын таңдаңыз:

1) Ca(OH)2, Na2CO3, H2SO3;
2) Ca(OH)2, H2SO4, KCl;
3) HNO3, NaOH, CaCl2;
4) KJ, NaCl, H3PO4. 

  1. Эквиваленттік факторлары бірдей заттар тобынтаңдаңыз:

1) NaOH, HCl, K2CO3;
2) CuSO4, Cd(OH)2, KBr;
3) CrCl3, Al(OH)3, H3PO4;
4) Al2(SO4)3, Cr(OH)3, HClO.

  1. Қышқылдық-негіздік реакцияларындахимиялық эквивалент деп заттың бөлігінің:

1) сутегінің бір молекуласына эквиваленттілігін атайды;
2) бір электронға эквиваленттілігін атайды;
3) сутегінің бір ионына эквиваленттілігін атайды;
4) реакцияға қатысатын сутегі иондарының санына эквиваленттілігін атайды.

Әдебиеттер тізімі: 

  1. А.А.Тұманова, Қ.С.Идрисова. Химиядан тест тапсырмалары
  2. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. – А.: Мектеп, 2001.
  3. Коровин Н.В., Масленникова Г.Н., Мингулина Э.И., Филиппов Э.Л. Курс общей химии.- М.: Высшая школа, 2000.
  4. 3. Харин А.Н., Катаева Н.А., Харина Л.Г. Курс химии. — М.: Высшая школа,1983.
  5. 4. Глинка Н.Л. Общая химия. — Л.: Химия, 1999.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ