«Ерке Бұлбұл» ертегісі

0
2354
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Ертегі қойылымы:   

Ертеде бір бұлбұлдың  ерке  балапаны  болыпты.Балапан өсе  келе мінез шығарады.

Бірде ол:
-Неге менің ұямды  жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар?
-Неге мен басқа құстардай үлкен емеспін?

Ата құс:
Саңқылдап сұңқар,
Қарқылдап қарға,
Тыраулап тырна,
Бола алмайсың, шырағым.
Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ,ата жолын жалға,- деп өсиет айтады.

Ерке Бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды.
Өзіне серік іздеп жолға шығады.
Келе жатып Қарғаны  кездестіреді:

Қарға:
Мен Қарғамын ,Қарғамын
Көп қой менің арманым.
Қарқ,қарқ келе ғой, Бұлбұлжан!

Бұлбұл:
Өзің қап-қарасың,
Даусың нашар.
Сен маған ұнамайсың!
Жолдан келе жатып Сауысқанды кездестіреді:

Сауысқан:
Кел Бұлбұлым,
Мен Сауысқанмын саңқылдаған,
Қонақжаймын аңқылдаған.

Бұлбұл:
Жоқ, жоқ, даусың қандай саңқылдаған!
Жолдан келе жатып Торғайды кездеседі.

Торғай:

Бұлбұлжан келе ғой,
Мен Торғаймын,Торғаймын,
Ағаштарды қорғаймын!

Бұлбұл:
Қызықсың өзің шамаңа қарашы, мен сенімен дос бола алмаймын!
Жолда келе жатып Бүркітті кездеседі.

Бүркіт:
      Мен Бүркітпін,Бүркітпін,
      Құстың бәрін үркіттім!

Бұлбұл:
Ой сен маған ұнамайсың,тым үлкенсің,қорқыныштысың!
Жолда келе жатып Қарлығашты кездеседі.

Қарлығаш:

Келе ғой,Бұлбұл,
Қарлығашпын қалықтаған,
Ұшудан еш жалықпаған!

Бұлбұл:

Қандай әсем құссың,

Бірақ құйрығың неге айыр?

Ұнамайсың сен маған-ұшып кетеді.

Шаршап өз ұясына келеді.
Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл жадыратып ән салады.
Сазды әуенмен табиғат тамсанады.
Тербелген әнмен балапан бұлбұл ұйықтап қалады.

Ертеңіне таңмен бірге  оянып:

  Туған жерім қымбат екен,
  Өскен ұям ыстық екен.
  Бұлбұл үні өз тіліме,
  Ешбір әуен жетпейді екен!

Ерке Бұлбұлдың сазды әуенін барлық құстар қызыға тыңдайды.
Сол күннен бастап, әнші Бұлбұлдың даңқы әлемге жайылады.

 

Дайындаған: Б.К.Жасимбекова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ