«Ерке төлдер» (Үй жануарлары туралы әңгімелеу)

0
5174
Дене шынықтыру
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Ерке төлдер» (Үй жануарлары туралы әңгімелеу)

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Оқу іс-әрекетінің мақсаттары:

Білімділік: Үй жануарлары туралы түсінік беру, үй жануарларының төлдерінің атын атай білуге үйрету.

Дамытушылық: Үй жануарлары мен дала жануарларын айыра білуге, үй жануарларының пайдасы туралы ұғындыру.

Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдістемелік әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, бой сергіту жаттығулары.

Кіріктірілген сабақ: Тіл дамыту, шығармашылық.

Көрнекілігі:Үй жануарлары мен дала жануарларынын ойыншықтары, слайд, плакат.

Сөздік жұмыс: Сиыр-бұзау, жылқы-құлын, қой-қозы, ешкі-лақ.

І. Кіріспе:

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабаққа қонақтар келіпті. Ал, келген қонақтармен амандасайықшы.

Шаттық щеңбері

Күннен алып шуақты

Жерден алып қуатты

Алақандар ашылып,

Жылуларын таратты

Сол жылулар жүрекке

Моншақтай болып асылды

Ал, моншақтар әлемге

Шашу болып шашылды.

ІІ. Негізгі бөлім

-Балалар, бүгін біз оқу іс-әрекетінде «Үй жануарлары және олардың төлдерімен» танысамыз.

Сиыр-бұзау, жылқы-құлыншақ, қой-қозы, ешкі-лақ деген сөздерді айтамыз.

ІІІ.Слайд көрсету

Үй жануарларының суреттерін көрсете отырып төлдерімен таныстыру.

Балалар, сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

Қой – төрт түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, еденге төселетін киіздер бәрі де осы қойдың жүнінен жасалады. Қойдың төлі – қозы.

Ешкі — түбіті, терісі өте мықты болады. Ертеректе ешкінің терісінен сусын құятын мес жасаған, сүті де өте пайдалы. Ешкінің төлі – лақ.

-Сиыр – сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар құрт, ірімшік, май, айран, қаймақ, сүзбе. Сиырдың төлі – бұзау.

-Жылқы – жылқыны көлік ретінде пайдалануға болады. Оның қымызы адамға пайдалы емдік қасиеті бар. Жылқының төлі – құлын.

-Түйе – түйені ертеректе көшіп-қонған кезде үстіне жүк артып көлік ретінде пайдаланған. Түйе сүтінен адамға пайдалы , емдік қасиеті бар шұбат жасалынады. Түйенің төлі – бота деп аталады.

Адамдар оларға қамқор жасайды. Суын береді, шөбін, жемін береді. Олар үйдің жанында қорада өмір сүреді. Оларды бір сөзбен үй жануарлары деп айтамыз.

Ғажайып сәт.

(Осы кезде жел соғып, есік ашылып бақташы кіреді)

Бақташы ата: Амансындар ма, балалар, ғафу етіңдер.

-Бұл қай жер екен?

-Қандай балабақша?

-«Ақбота» балабақшасы

-Естілмейді қандай балабақша

-«Ақбота» балабақшасы

-Мен қатты жауында асдасып кеткен төлдерімді іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара

жатыр деп еді. Тауып берсендер сыйлығым бар. Көрмедіңдер ме?

Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз. Бүгінгі ҰОІ үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.

Бақташы ата: Жарайды, балалар. Сендер үй жануарлары туралы тақпақ білесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар сізге тақпақ айытып береді.

Мирас: Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Аяужан:Момақаным менің,

Маңырама,төлім.

Тойғызады кешке

Енең келіп сенің

Айзере: Кіп – кішкене момақан,

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзім деп

Асыл: Ақ бұзауым ұнайды,

«Мө — мө» деп сүт сұрайды.

Келеді өсіп күн сайын,

Тұмсығын созып қарайды,

Тілімен мұрнын жалайды.

Адия:  Шөре – шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Ал, менің сендерге сыйлығып бар міне. Біраздан соң ашып көресіндер. Сау болыңдар. Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады.

Сергіту сәті:

Күркірейді күн- күн,

Терезеден шың- шың,

Жаңбыр жауды Топ- топ.

Шелек- шелек көп- көп,

Жон арқаңды тос- тос.

Күнбағысша өс- өс,

Жаңбыр жауды Топ- топ.

Шелек- шелек көп- көп,

Шығармашылық жұмыс.

Жапсыру: «Жануарларды төлдерімен бірге »

Мақсаты: Мында үй жануарларын төлдерімен бірге үйдің жанына жапсыруы керек.

Пысықтау: «Сиқырлы дорба»

Сиқырлы дорбадан үй жануарларын алып сұрақ-жауап арқылы бекіту.

-Неге үй жануарлары деп айтамыз?

-Олардың қандай пайдасы бар?

-Малдардың төлдерін қалай атаймыз?

Қане балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық.

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Бүгінгі келген қонаққа

Сау болыңыз деп айтамыз.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: суреттен үй жануарларынын аттарын атай біледі, пайдасы жайында айта алады.

Талапты болуы: Үй жануарлары мен төлдері жайында білді, бой сергіту жаттығуларын тапсырма бойынша орындайды, өлең шумақтарын жатқа біледі.

Қолынан келуі керек: Үй жануарларын төлдерімен бірге жапсыра алды.

Айтжанова Алмагүл Сағындыққызы
Бурабай ауданы, Щучинск қаласы
«Ақбота» бөбекжайы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ