«Қош бол, бөбекжай!» (сценарий)

0
1978
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Қош бол, бөбекжай!»

1.Жүргізуші:

/Ата –аналар слайд тамашалайды. /

Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын.

2 . Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, бөбекжай қызметкерлері! Бүгінгі біздің балаларымыздың «Бөбекжай мен қоштасу» мерекесіне қош келдіңіздер. Бүгінгі сәт балаларымыздың естерінде қалатын әсерлі сәт екені белгілі. Ендеше кішкентай болып кіріп, ақыл- ойлары толысып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйренген тәрбиеленушілеріміз таудай талаптары мен мектеп атты білім ордасына қадам аттағалы отыр. Біздің бүлдіршіндерімізге сәт- сапар, ақ жол тілейік! Олай болса, болашақ жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар.

«Қошақан» тобының тәрбиеленушілерін өлең шумағымен ортаға шақырайық. (әр балаға өлең арнап ортаға шақыру)

1.Жүргізуші:

1. Кіп-кішкентай болса да
Сүйкімді қыз   Балауса
Көркі оның көз тартар.

Тұрсынхан Балауса мен

2. Жүргізуші:
2. Іс келгенде алдына

Жан салмайтын ұлымыз

Ер мінезді көрікті,

Ибраев Амирді қарсы алайық.

1. Жүргізуші:

3. Ортамыздың ажары,
Перизаттай ерке қыз.
Әр қылығын көтерген

Марат Кәусар мен

2. Жүргізуші:

4. Арнур деген бүлдіршің ,
Жарыс десе жайнайтын,
Топ намысын қорғайтын.

Абрахманов Арнурды қарсы алайық

1. Жүргізуші

5. Инабатты сұлу қыз.
Әдемі де түзу қыз.

Инжу біздің аруымыз,
Иманжанова Инжумен

2. Жүргізуші:

6. Ән салғанда шырқап бір,

Әлибек біздің өнерлі,
Сырын терең ұға біл.

Сейілбек Әлибекті қарсы алайық

1. Жүргізуші:

7. Түрлі рөлді сомдайды.
Күлімдеген Айзерені
Барлық бала қолдайды.
Аманбаева Айзере мен

2. Жүргізуші:

8. Ақылына көркі сай

Біліміне өзі сай

Бөбекжайдын алғыры-

Қасен Қасымжанды қарсы алайық

1. Жүргізуші:

9. Аспандағы жұлдыздай

Жағадағы құндыздай бақшамыздың ай-жұлдызы-

Хамиева Адия мен

2. Жүргізуші:

10. Айтыскер болу арманы
Өзі сондай салмақты.
Біздің Сабыржан жан-жақты

Қасен Сабыржанды қарсы алайық

1. Жүргізуші:

11. Өнермен ашып жетілген,
Әні, сөзбен көсілген.
Таныстырсам оны мен
Резахан Дайана мен

2. Жүргізуші:

12. Отбасының берекесі

Ата-анасының еркесі-

Бардащук Ильяны қарсы алайық
1. Жүргізуші:

13. Ай десе аузы бар

Күн десе көзі бар

Бөбекжайдын сұлуы

Жұмабек Іңкәрмен

2. Жүргізуші:

14. Бойында үлкен намыс бар,
Әрқашан алға ұмтылған.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Мукушев Алиханды қарсы алайық
1. Жүргізуші:

15. Сабырлы,  жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді.

Топтас құрбы

Кужахметова Адия мен
2. Жүргізуші:

16. Алтыннан ардақты

Күмістенде салмақты

Бөбекжайдын мақтанышы-

Кенжебек Айбарды  қарсы алайық

1. Жүргізуші:

17. Өнермен ашып жетілген,
Шешендік сөзбен көсілген.
Таныстырсам оны мен,
Дарын болар есімі

Исенов Дарынды қарсы алайық

(балалар кіріп өз орындарына келіп тұрады)

2.Жүргізуші: 

Думандатып бөбекжай,

Қызықты той басталсын.

Бөбекжайдың түлектері,

Әдемі ән шырқасын. дегендей балалардың әнің қабыл алыңыздар

Ән: «Қош, балбұлақ бақшамыз »

1.Жүргізуші:

Өтті қызық көп күндер

Бес жасқа да жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл-ойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың–дей отыра қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Балалар тақпақтар айтады /Сегіз қыз айтады/

2.Жүргізуші: Бірге ойнап, бірге жүрген.

Күндерімді қимаймыз.

Естелік болсын біздерден,

Джентелмен биін сыйлаймыз.

Ұлдар биі:

(Музыкамен (жалқаубек әні)бала Әли келеді)

1.Жүргізуші: -Әли сен мында неғып жүрсің, болашақ оқушы ойыншықтармен ойнайма екен?

Әли: —Мектепте не істейді, мен білмеймін ғой.

2.Жүргізуші: Неге білмейсің, біздің балалар мектепке дайын. Олар санауда біледі, ертегілерді біледі, тапсырмаларды орындайды.

Әли: —А-а мен ондайларды білмейді екенмін, онда мен машинамен ойнамаймын -деп үлкен машинаны штордың артына итеріп жібереді штордың артынан …..

(сол кезде робот шығады)

(Роботтың музыка әуені ойнатылады.)

Машина робот: -Сәлем балақай . Сәлеметсіңдер ме, балалар.

1.Жүргізуші: -Сәлеметсіз бе. Сіз қайдан келдіңіз?

Робот: -Мен болашақтан келген қонақпын. Менің елімде балалардың барлығы ғаламторда отырады, ғаламтор арқылы сабақ оқиды, тапсырмалар орындайды. Ал, сендер тапсырма орындай аласыңдар ма?

Балалардың жауабы.

2.Жүргізуші: Біздің бөбекжайда балалар ойын ғана ойнамай, білім де алады.

Робот:-Ал олай болса, келешек оқушылардың мектепке дайындығын көрейік.

Математикадан тапсырма:

1.«Тура және кері санау»

2. «Көрші санды тап»

3. «Пішіндерді ата»

Сөйлеуді дамытудан тапсырмалар:

1. «Ертегі білесің бе?»

Бауырсақ, Шалқан, Жеті лақ,Үйшік, Қызыл телпек, Шұбар тауық

2. «Буынға бөлу»

Доп, машина, қалам, кітап, қарындаш

3.Жыл мезгілдерін ата

Робот: Жақсы балалар тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар.

1.Жүргізуші: Ия біздің балалар өте білімді және өнерлі. Енді құрметті қонақтар және робот «Қошақан» тобынның мың бұралған биші қыздарынын биін тамашаланыздар.

Қыздар биі: «Тентегім»

Ағылшын оқу қызметі.

Тақпақ: 9 ұл

2.Жүргізуші: Балақай көрдің бе біздің балалар барлығын біледі, сенде осылай дайындал ,үйрен.

Бала: -Түсіндім, енді мен де мектепке дайындаламын.

Робот: Иә. Балалар бәрін біледі екен. Енді мен өз еліме қайтайын. Әли сен менімен бірге жүр, мен саған көп нәрсені үйретемін.

1.Жүргізуші Балаларда өнерлі,

Шақырамыз  ортаға

Тамсандырып  көп  елді,

Би билесін баршаға дегендей,
Би: «Қошақан» тобының қыздарының «Қазақша» биі

2.Жүргізуші

Жаңа өмір басталсын,

Үміт сенім ақталсын

Ұмытылмай бөбекжай

Көңілде мәңгі сақталсын демекші келесі кезекті

Ән : «Әліппе»

1.Жүргізуші: Көктем, жаздың  кереметі көп екен,

Көбелектер әсем гүлдің сәні екен

Шақырайық олай болса дәл қазір,

Мың бұралған биімен кішкентай бүлдіршіндерді қарсы алайық.

«Нұрсауле» тобының биші қыздары.

Бөбекжай қызметкерлеріне:

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам болып шығамыз

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс! демекші ертеңгілігімізде балалардың таза көңілмен қимас жандарға арналған  алғыстарыңды айтатын кез келді.

7 баланың апайларға тақпағы

1.Гүлдендірген бөбекжайды

Меңгеруші жақсы адам.

Сондықтанда біз үшін

Артық өзі басқадан

Бақыт Асылбекқызына мың алғыс!

Балауса

2.Әдіскер бар бөбекжайда

Талапты, да әдемі

Меруерт апайды байқасақ

Әрбір сөзі мәнерлі

Меруерт апайға мың алғыс!

Кәусар

3.Сымбат апай біздерге

Әсем әндер үйретеді

Тал шыбықтай иілген,

Ұл-қыздарды билетеді,

Сізге шексіз алғысты

Айтып жүреміз ұмытпай.

Айзере

4.Тәтті тағам пісірген

Айран, сүтін ішкізген

Аспазшы біздің апайлар !

Сіздерге де мың алғыс!

Сабыржан

5.Төсек орын тап-таза
Аппақ жуған сүлгісі
Сауле апай  сізге де
Балалардан мың алғыс

Х. Адия

6.Ақ халатты киеді

Аппақ болып жүреді

Витамин жеп қолынан,
Өскен сәби баламыз.
Дәрігер Гауһар апайға,
Алғыс айтып барамыз!

Әлибек

7.Біздер үшін еңбек еткен шаршамай

Баршаңызға рақмет апайлар

Көмекші апай сізді де

Еске аламыз ешқашан да ұмытпай!

Қасымжан

1.Жүргізуші: Қандай ғажап кун бүгін

Куміс кулкі жан-жагын

Кулімдеген бар бала

Ән айтады шаттана , -демекші кезекті балалардын әніне баереміз.

Ән: «Мен мектепке барамын»  

2.Жүргізуші: Енді ата-аналармен ойын.

Ойын: «Әуенді тап»

Шарты: Әуенің атын атау,орындарында отырып қай әуен екенің табады.

1.Жүргізуші: Жаңа өмір басталсын,

Үміт сенім ақталсын.

Алғашқы бүлдіршін вальсі,

Көңілде мәңгі сақталсын. Демекші «Қошақан тобының» қоштасу вальсі.

2.Жүргізуші: Міне құрметті ата- аналар біздің сәби түлектеріміз осылайша өздерінің қимас ұялары балабақшамен қоштасты, сіздерге айтарымыз балалардың әрі қарай жақсы- жаманды айыра білуі, денсаулықтарының мықты, берік болу сіздердің қоларыңызда, әр кез баламен бірге болып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, тек қуанышқа бөлене берулеріңізге және үлкен төзімділік, шыдамдылық тілейміз, ендігі сөз кезегі өздеріңізде. 1-2 ата- ана сөз сөйлейді.

Жүргізуші: Рахмет, енді біздің түлектерімізге бөбекжайды бітіргені үшін дипломдары мен венеткаларын және сыйлықтарын беруге рұсат етіңіздер

1.Жүргізуші:

Әр сөзінің  түйінін,

Жақсылыққа тірейтін,

Қадап айтып ақылын

Көпке бақыт  тілейтін. -деп «Ақбота » бөбекжайының директоры

Бақыт Асылбекқызына сөз кезегін берейік.   (Мадақтама, тапсыру рәсімі)

2.Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім,
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Сүйкімді балғын бала шақ,
Сендердіке болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар

 

Айтжанова Алмагүл Сағындыққызы
Бурабай ауданы, Щучинск қаласы
«Ақбота» бөбекжайы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ