Ертегі терапиясы (педагогтармен тренинг)

0
4605
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Ертегі терапиясы

        Мақсаты: Тәрбиешілердің өз мамандығын шыңдай түсіп,  тәжірибесін басқаларға өнеге ету. Педагогтің өз ойын аша білуге, белсенділігін арттыру. Біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтау. Бірлесе топ болып жұмыстануды көздеу. Өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.

             Тренинг барысы:  Құрметті әріптестер, бүгінгі ұйымдастырылып отырған тренингтің мақсаты педагог-тәрбиеші мамандардың біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтауға өз шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға және өзара тәжірибе алмасуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Шаттық шеңбері:  

Күлімде күн, күлімде,

Күлсін барлық адамдар,

Берекелі бүгін де,

Достығымыз жарасқан.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Қайырлы таң, қонақтар!

Біздер сәлем береміз!

«Ертегі айтайық»

Балалық шақта барлығымызға ертегі тыңдаған ұнайтын еді ғой. Біз қазір сіздермен бірігіп ертегі құрастырайық. Бірақ бұл ертегі ерекше болады, өйткені біз оны соңынан бастап айтамыз (әрқайсысы 1 сөзден немесе сөйлемнен) Қатысушы жаңадан бір сөз айтып, алдыңғы жолдарды қайталайды. Бірінші қатысушы ертегінің соңғы фразасын айтады. Ол «олар бақытты өмір сүріп, бір күнде қайтыс болды». Келесі қатысушы оның алдыңғы жағдайды айтып толықтырады. Ертегі осылай жалғаса береді, ең соңғы қатысушы ертегінің атын айтып, басынан аяғына дейін айтып шығады.

«Ойлан тап»

«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзі жазылған парақ беріледі, қатысушыларға 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру керек. 

«Мәнерлеп оқу»

Қатысушылар алдарында жатқан парақты алып, сонда берілген тақпақты мәнерлеп оқиды.

  1. «Қыс» А.Құнанбаев
  2. «Ғылым таппай мақтанба» А.Құнанбаев
  3. «Құлақтан кіріп, бойды алар» А. Құнанбаев
  4. «Отан» М. Мақатаев т/б

«Әртіс»

Тәрбиешілер берілген ертегілер бойынша ертегіні баяндау, сахналау.

  1. «Екі дос»
  2. «Ешкі мен түлкі»
  3. «Арыстан мен түлкі»
  4. «Жақсылардың жақсысы»
«Ойна да, ойла»

Қатысушыларға жасырын рольдар жазылған қағаздар таратылады. Екі қатысушыда бір роль жазылған. Қатысушылар рольге еніп, өз актерлік қабілеттерін көрсету арқылы өз жұптарын табуы керек. ( Ата, сәби, қүс, әнші, спортсмен, түлкі, т.б.)

Рефлексия.Бүгінгі ойын сізге ұнады ма? Ойыннан қандай әсер алдыңыз? Стикерге жазу.

«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген Ә. Науаи. Шеңбер бойына тұрып жүректі үлестіріп, бір-біріңізге тілек айтыңыздар.

Қортынды: Құрметті әріптестер, ойынға белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет! Татулық бар жерде достықтың, бірліктің, сыйластықтың болаты

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ