«Ешкімде ешқашан ұмытылмайды» тәрбие сағаты

0
5932
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Тақырыбы: «Ешкімде ешқашан ұмытылмайды»

Мақсаты: Балаларға соғыс кезеңдері туралы қысқаша мағлұмат беру. Осы соғыста құрбан болған ата-әжелеріміздің мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлер аруағына, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеуге,  Отансүйгіштікке, елжанды патриоттық сезімде тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақылды тақта, соғыс кезеңдерінен бейне көрініс.

Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Әнұран;

ә) Кіріспе сөз    (соғыстың басталуы туралы бейне көрініс).

1941 жылы 22 – шілдеде фашистік Германия Совет еліне тұтқиылдан шабуыл жасады. Гитлер сөзінде «Қыс түскенше Мәскеуді алу керек те, жер бетінен жойып жіберу керек» деді. Мәскеуді басып алу операциясын фашистер «Тайфун» деп атады.

Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл Совет халқы майданға аттанды. Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам аттанды. (слайд)

1 оқушы: Тоқта, достар, тез мін атқа,

Қатерлі ауыр сын сағатта.

Батыстан зіл қара бұлт

Төнді айналып Кавказ қартқа.

Қай жан шыдар бұл қорлыққа,

Қай жан шыдар бұл мазаққа.

Туған жерін талқандату

Өлім – арлы азаматқа.

Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал-майор В. Панфилов болды. (слайд арқылы суреті көрсетіледі)

Мәскеу үшін шайқаста И.В. Капровтың панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті.  Осылайша 316-атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшлін «Қызыл ту» орденімен марапатталады. (слайд арқылы суреті көрсетіледі)

2 оқушы: Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды, өрт ішінде қалды бақ,

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

Ленинградты қорғаушыларға туысқан республикалардың барлығы тылдан көмек жіберді, жыр алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңі қорғаушыларға күш, қуат, дем берді. ( Ж. Жабаевтың суреті слайд арқылы көрсетіліп тұрады)

Тәңірәлі «Ленинградтық өренім» өлеңін оқиды.

 3оқушы:Орыс, қазақ, қырғыздар,

Құралған бұл шағын топ

Жауға үрей туғызған.

Жаппай түскен жалын боп

Даңқын қосып даңққа

Сұрапылға төтеді.

Борыштарын халқының

Ерлігімен өтеді.

4 оқушы:Қанды құйын қу соғыс,

Қарғаған сені барша жан.

Қаһарман қатал ұлы орыс,

Қамалды тұрды қоршаған.

Шала-пала қоштасып,

Шартарапқа қарамай,

Майданға тарттық! От шашып,

Аққандай бұлттан найзағай.

Хор: Жойылсын, жалғыз сөз соғыс деген!(Әлия мен Мәншүк суреті слайд арқылы көрсетіліп тұрып, ақырын Әлия әні орындалып тұрады)

5 оқушы:Қазақ халқының мәртебесін биікке көтерген, қазақ қыздарының даңқын аспанға көтерген Әлия мен Мәншүктей жарық жұлдыздарымызды мәңгілік мақтаныш ете отырып, бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. (үнсіздік жарияланады)

2-жүргізуші: 18 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ қызы Әлияның ерлікке толы өмірі қалай тебірентпесін. Әлия өмір мен өлім арасында жүріп өмір сүруді үйренді, елін сүйе білді

Көрініс: (Әлия мен Мәншүк рөліндегі екі қыз ортаға шығады)

Әлия: Мен 18-ге толдым, бірақ өзімді ересек адамдай сезінемін. Себебі, Ленинград балаларының өлімін, жолдастарымның төгілген қанын өз көзіммен көрдім. Енді фашист жыртқыштарын аулауға өзім шықтым.

Әлия: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік.

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан ана отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағытын тірі өлік. (Мәншүк суреті слайд арқылы көрсетіліп тұрады)

Мәншүк: Отан ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмаған шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп. (Мәншүк рөлінде Фариза) Жанна Мәншүк әні

Екі батыр бірге: Жетсек деген арманымыз көп еді,

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі.

Бізді туған күнімізбен құттықтап.

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз.

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

Өсіріп пе ем сені мен

Майданда үнсіз жатсын деп,

Қарай алмай жауына,

Жерге бетін бассын деп. (ақырын күй тартылып тұрады)

1- жүргізуші: Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.

2-жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

1-жүргізуші: Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын көңілі жақсы үміткен.

2-жүргізуші: Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

6 оқушы: Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта.

Сұрапылдай соқты да жау қамалын,

Жеңіс туын қадады рейстагқа!

1-жүргізуші: 30-сәуір, 14 сағат 25 минутта рейхстаг төбесіне ту тіккен сержанттар Егоров пен Кантария қатарында жас қазақ Рахымжан Қошқарбаев та бар еді. (Р. Қошқарбаев суреті слайд арқылы көрсетіліп тұрады)

7 оқушы: Жеңіс! Жеңіс!

Елге таза ашық таң атырады,

Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды.

Ақбоз атты балалар сүйінші сұрап,

Ақбұлақтай аспанға шаң атылды.

8 оқушы: Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін Көк байрағым сан ғасыр.

Жас ұландар биік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Хор:  «Әрқашан күн сөнбесін».

Тәрбие сағаты

«Ешкімде, ешқашан ұмытылмайды»

Абдильдинова Қ.М.

«Ешкім де, еш нәрседе ешқашан ұмытылмайды» 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ