Етістіктің шақтары

0
6258

Мұхтар Әуезов атындағы

№128 жалпы білім беретін мектептің

бастауыш  сынып мұғалімі

Әбілқайпова Ботакөз  Алибекқызы

 

Сабақтың тақырыбы:  Етістіктің шақтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Іс- әрекеттің орындалатын, орындалуға тиістілігі, орындалғанына қарай үш шаққа бөлінетіндігін ұғындыру. Шақтық мағына белгілі бір мезгілде дара етістікпен де, күрделі етістікпен де берілетіндігін түсіндіру.

Дамытушылық: Осы тақырып арқылы олардың өзіндік белгілерін меңгерту мақсатында дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бір – бірін тыңдай білуге, жүйелі сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс — тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба, ребус, үлестірмелі қағазбен жұмыс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:

Оқушылармен амандасамын.

Оқушылармен хормен айтамыз.

Әрбір адам? Туысым, досым

Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адалдық

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адамдық.

Олай болса балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен бастайық әрбір ісімізге мұқият болайық.

Балалар сабаққа дайынбыз ба? Үй тапсырмасына не берілді?

Үйге 151-беттегі 21-жаттығу. Ребусты  шеш:

Үй тапсырмасын тексеру

Ребустың шешуіндегі сөзге әңгімені кім айтады?

Әңгімедегі жіктік жалғауы жалғанған сөзді оқы.

Әңгімедегі етістік сөзді тап?

Үй тапсырмасын қорытындылау:

Балалар біз қай қалада тұрып жатырмыз?

Тағы басқа қандай қалаларды білесіңдер?

Жаңа сабақ.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)

Қыста ау райы қалай өзгереді?

Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады.

Енді өздерің айтып шыққан сөздердің заттың несін білдіреді? (қимылын)

Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Етістік дегеніміз не? Етістік қандай сұраққа жауап береді?

Етістік іс – әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы етістіктің шақтары деп аталады.

Ондай болса тапсырмаларды орындайық.

23-жаттығу.

Жұмбақты көшіріп жаз. Шешуін тап.

Жаңа туған айды алып,

Саптадық та қайрадық.

Енді егінді орамыз,

Пісіп тұрған сарғайып.             (орақ)

Етістіктерді тауып, олардың қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айт.

24-жаттығу.

Өлеңді түсініп оқы.

Ұшып келді ұзақ құс.

Созылса да ұзақ қыс,                       Ыдырадытозғандай

Ұшып келдіұзақ құс                        Қар жоғалды із қалмай…

 

Айқыш – ұйқыш шатынап,Жайнайды енді келбеті,

Жарылды мұз қақырап.                   Жасылданып жер беті.

 

Күн ерітті сүңгіні,                            Көлдің суы зеңгір көк,

Тамшы жерді үңгіді.                        Көз тартады мөлдіреп.

Егінжайлар бу атып,

Толқиды енді мұнартып.

Етістіктерді теріп жаз. Өлеңде олардың қандай мезгілдік ұғымда жұмсалғанын анықта.

Қарамен жазылған сөздің мағынасын түсіндір.

25- жаттығу.

Берілген етістіктерді өзгертіп үш шақта жаз.

Айт, оқы, біл.

Үлгі:

Осы шақ                   өткен шақ                 келер шақ

айтып отыр                айтты                            айтады

оқып отыр                  оқыды                           оқиды

біліп тұр                     білді                              біледі

26-жаттығу.

Суреттегі зат атауларын қатыстырып, іс – әрекеттің бұрын болып кеткенін және алдағы уақытта болатынын білдіретін сөйлемдер құра.

Суреттер тақтаға ілінеді.

27- жаттығу.

Сөйлемді көшіріп жаз.

Ажар сабақ оқып отыр. 2. Асхат малға жем беріп жүр. 3. Балалар көлге барды. 4. Ғани мектепке барады. Ол кейін оқиды.

Етістіктің астын сыз, оларға сұрақ қой. Қай шақта тұрғанын анықта.

28-жаттығу. Төмендегі жұрнақтармен көмекті сөздердің қай шақ түрлеріне қатысты екенін тап.

ып, — іп , — п,

отыр, тұр, жүр, жатыр

                Келер шақ

мақ , — мек, — бақ, — бек, -пақ,

пек, — шы, — ші, — еді, емес

                Осы шақ

ып, -іп, — п, — ды, — ді, — ты, — ті,

ған, -ген, — қан, — кен ,

атын, -етін, — еді, екен

 

Өткен шақ

Жаңа сабақты қорытындылау.

Берілген сөздерді ұяшықтарға салу.

Көріп отыр, өсіп тұр, ойнап жүр,биледі, ұшты, оқыды, келіпті,өседі, жинайын,келеді, келді, жетті, берді,жаттап отыр, жинап жатырмын, біледі,оқиды, айтады.

Үйге тапсырмасын беру.

Үйге 29-жаттығу, 153 беттегі. Тірек сөздерді пайдаланып , «Біз бейбітшілікті сүйеміз!» тақырыбына әңгіме құрау.

Бағалау.

Мақтап, мадақтап бағалау.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ