Жалқы есім мен жалпы есім

0
11121

Мұхтар Әуезов атындағы

№128 жалпы білім беретін мектеп мұғалімі

Бургебаева Лаура Калмуратовна

 

Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім мен жалпы есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: бірлікке, ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: суреттер, ребус, сөзжұмбақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көркем сөз оқу, топтастыру, тірек сызба, Венн диаграммасы

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз».

Сәлем беріп сіздерге

Бас иеміз біз!

Үй тапсырмасын тексеру: 136 бет, 4-жаттығу. А әрпімен басталатын қала аттарын тауып жаз.

Арал, Ақтау, Алматы, Арқалық.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау:

Бұл ненің аттары?

Бұл сөздерді қандай әріптермен жаздық?

Бұл қай сөз табына жататын сөздер ?

Зат есім дегеніміз не ?

Жалқы есім дегеніміз ше ?

Жаңа сабақ:

Дәптерлерін жинап, күн ретін, көркем жазу жұмысын жүргізу.

Көркем жазуға:

Құтжол

Алабай

Ит

Біз өткен сабақта жалқы есім деген не? Жалпы есім деген не? екенін білдік. Бүгінгі сабағымыз осы сабақты қорытындылау, пысықтауға берілген.

  1. Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.Жаңылпашты жатқа жазып, жалқы есімдерді тап.  Жаңылпашты жаттап ал.

Айдарбек

Бұзауды байлар,- деп

Айтып кетті,

Айдар мен Жайнар кеп.

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Дәурен жалқы есімдерді дұрыс  жазды ма? Қатесін түзетіп, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Жетісу – Қазақстанның Оңтүстігіндегі жеті өзеннің аты. Олар Іле, Шу, Тентек, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Көксу.

Сергіту сәті:

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Жалқы есімдер мен жалпы есімдерді екі бөліп жаз. Венн диаграммасын құру.

 

Өзің қалаған төрт сөзді пайдаланып сөйлемдер құрастыр.

4-жаттығу. Мәтінді оқы. Жалқы есімдерді теріп жаз.

Бөрте мен Нұржан

Нұржанның әкесі Қаратау бойынан тауешкі лағын тауып әкелді. Лақ Нұржанға қатты ұнады. Әкесі Нұржаннан:

Мұның атын кім қоямыз? – деп сұрады

Бөрте қояйық, — деді Нұржан

Содан бастап Нұржан Бөртемен достасып алды. Жем, су берді, кейде қант та береді. Бөрте қантты қатты ұнатады.

Өзің үй жануарларына қандай қамқорлық жасайсың?

Топтастыру ұйымдастыру:

 

6-жаттығу. Мақалды оқы. Жалпы есімдерді тауып, сұрақ қой.

Адам жерге нәр береді,

Жер адамға нан береді.

Нәр өзінің мағынасын аш. Мақалды жаттап ал, мағынасын түсіндір.

Тақтамен жұмыс: Көру диктанты.

Жетісу көркем өлке. Іле – осы өлкедегі үлкен өзен. Ол балқаш көліне құяды. Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан.

Тапсырмасы: Жалқы есімдерді табу.

  1. Қорытындылау:

Жалқы  есім дегеніміз не?

Жалпы есім дегеніміз не ?

Мысал келтіру.

  1. Үйге тапсырма беру:

Күнделікті ашайық,

Тапсырманы жазайық,

Бүгінгі алған білімді

Ұмытпай есте сақтап алайық.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ