Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері

0
11222

Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Есімше түрлері, мағынасы мен қызметі.
  2. \r\n

  3. Есімшенің түрленуі, көптелуі, тәуелденуі, септелуі мен жіктелуі.
  4. \r\n

  5. Көсемше түрлері, мағынасы мен қызметі, жіктелуі.
  6. \r\n

  7. Тұйық етістік, түрленуі, көптелуі, тәуелденуі, септелуі.
  8. \r\n

\r\n \r\n\r\nӘдебиетер:\r\n

    \r\n

  1. Маманов. ҚҚТ, 89-116-б.
  2. \r\n

  3. Ысқақов. ҚҚТ, 310-316-б.
  4. \r\n

  5. ҚТГ, 178-189-б.
  6. \r\n

  7. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. А,1985
  8. \r\n

\r\n

    \r\n

  1. Исаев С.М. Из истории розвития послелогов дейін, шейін и аффиксов –ша/ше, –дай/дей в казахском языке. ҚТ мен әдебиеті. 1970. VII шығуы. 114-125-б.
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\nАкадемиялық  грамматикада: «Есімше – етістік пен сын есім арасындағы аралық категория»,-деп көрсете отырып, мынадай анықтама берілген: «іс-әрекеттік мәнін заттың сапалық белгісіне айналдыра отырып, бірде етістік, бірде есімдер қызметін атқаратын, есімдерше де, етістіктерше де түрленетін ерекше форма». (ҚТГ, 178)\r\n\r\nЕсімшенің етістіктен басқа түрлерінен айырмашылығы – оның атрибуттық, субъектілік мағынасына байланысты. Есімшелер есім тобындағы сөздермен мынадай ерекшеліктері арқылы жақындасып тұтасады:\r\n

    \r\n

  1. Есім сөздер сияқты  тәуелденеді, көптеледі, септеледі.
  2. \r\n

  3. Есімше сөйлем құрамында анықтауыш, толықтауыш, бастауыш қызметін атқарады.
  4. \r\n

\r\n

    \r\n

  1. Есімшелерді басқа етістік формаларынан ажыратудың бір критерийі – оның сын есім сияқты анықтауыш ретінде қолданылуы. Есімше, мәні жағынан заттың белгісін білдіреді. Бірақ есімше арқылы көрсетілген белгі мен сын есім арқылы көрсетілген белгі бір емес. Сын есім заттың өзіне тән тұрақты белгісін білдірсе, есімше оның іс-әрекетіне байланысты көшпелі, динамиканың белгісін білдіреді.
  2. \r\n

  3. Есімшелер, есімдер сияқты, болымсыздық мағынаны жоқ, емес сөздері арқылы да білдіре алады.
  4. \r\n

\r\n \r\n\r\nЕсімшелерді етістікпен жақындастыратын белгілер.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Етістік сияқты, іс-әрекет, жай-күйді білдіреді, яғни, заттың, нәрсенің динамикалық белгісін білдіреді, ал есімдер, статистикалық мәнді білдіреді.
  2. \r\n

  3. Есімше, етістік сияқты, шақтық мағынамен ерекшеленеді.
  4. \r\n

  5. Есімше жақтық мағына білдіреді.
  6. \r\n

\r\n \r\n\r\nЕсімше, біріншіден, жіктеліп келіп, шақтық мағына білдіріп, етістіктің бір тұлғасы, грамматикалық категориясының (шақ) көрсеткіші болса, екіншіден, есімдерше түрленіп (көптеліп, тәуелденіп, септеліп), қатыстық-анықтауыштық, субстантивтік мәнді білдіріп, екі жақты қызмет атқарады.\r\n\r\nСемантикалық жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да, тұлғалық жағынан да тіліміздегі басқа категориялардан өзіндік ерекшеліктері бар етістіктің ерекше түрі. Мысалы: (Білгенге маржан, Білмеске арзан. А).  Осындағы есімшелер қай шақта тұр? Бұдан нақты шақтық мәнді аңғару қиын. «Есімше есім сөз мәндеріңде қолданылғанда, категориялық сипаттан айрылып қалады да, етістік мәнінде қолданылғанда, етістіктің белгілі кетегориясын (шақ) жасауға негіз болады. Сондықтан да оны бір категорияның шеңберінде қарауға болмайды да, етістіктің ерекше түрі деп атаймыз» (Исаев, ҚҚТНГҰ. 139-140-б).\r\n\r\n \r\n\r\nЕсімшенің жасалуы мен түрлері.\r\n\r\nЕсімше етістіктің негізгі, туынды түбірлеріне, етіс, болымсыз етіс тұлғаларына мынадай жұрнақ қосу арқылы жасалады:\r\n\r\n1) -қан, -кен, -ған, -ген арқылы өткен шақ есімше жасалады: бар+ған, кел+ген.\r\n\r\n2) -ар, -ер, -р, с – болжалды келер шақ: барар.\r\n\r\n3) -мақ, -мек – мақсатты келер шақ: бармақ.\r\n\r\n4) -атын, -етін — өткен шақ.\r\n\r\n                                                Түрленуі.\r\n

    \r\n

  1. Көптік жалғау: -ған/-ген, -атын/-етін тұлғалық жалғау.
  2. \r\n

  3. Есімшенің барлық түрі тәуелденеді.
  4. \r\n

  5. Барлық түрі септеледі.
  6. \r\n

  7. Барлық түрі де тікелей жіктеледі.
  8. \r\n

  9. Сөйлемнің барлық мүшесі бола алады.
  10. \r\n

\r\n \r\n\r\nКөсемше түрлері, мағынасы мен қызметі.\r\n\r\nКөсемшенің грамматикалық сипаты есімшеге ұқсас, яғни көсемшеде  де екі түрлі мәнді білдіріп, екі жақты қызметте жұмсалады. «Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында (негізгі етістік болып), қимыл, іс-әрекеттің өзін емес, оның әр түрлі сипатын, амал-сынын, себеп-мақсатын, мезгілін білдіріп, екі түрлі мәнде (бірі етістік, екіншісі – үстеу мәніңде) қолданылып, екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің ерекше түрін көсемше дейміз».\r\n\r\nМысалы: Үйге сөйлей кіріпті. Кіріпті – деген көсемше формасы шақтық мағына білдіріп, жіктеліп келіп етістіктің грамматикалық категориясын (шақ) жасауға негіз болса, «сөйлей» дегенде ондай категориялық мән де, сипат та жоқ, тек  –й тұлғасы арқылы ғана бұл сөзді етістіктің көсемше түрі дей аламыз, ал грамматикалық мағынасы да, сөйлемдегі қызметі де бұл жерде етістікке жат. Мысалы: Көре-көре көсем боласың (м).\r\n\r\nКөсемше етіс түрлеріне немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:\r\n\r\n1) а, е, й – осы шақ.\r\n\r\n2) ып, іп, п — өткен шақ.\r\n\r\n3) ғалы, гелі –  келер шақ.\r\n\r\n4) ғанша, генше – келгенше (барғанға дейін).\r\n\r\n5) -мастан, -пастан.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКөсемшенің сөйлемдегі қызметі.\r\n

    \r\n

  1. Баяндауыш: Білікті бірді жығады. (м)
  2. \r\n

\r\n

    \r\n

  1. Пысықтауыш: Олар әңгімені қызығып тыңдады. Мадақтап, асыра мақтап, қошеметтегенді ол ұнатпайды.
  2. \r\n

\r\n-ғанша, (-генше) жұрнағы етістік негізіне жалғанып, контекске қарай, оған келер шақ мәнін жамайды. Бұл форма арқылы белгілі шекке дейін жүзеге асырылмақшы амал аталады және одан бұрын, әдетте, басқа бір амал жүзеге асады. Мысалы: Таз таранғанша, той тарқайды.\r\n\r\nТілімізде етістік негіздеріне – майынша, (– мейінше) жұрнағы жалғану арқылы да көсемшенің ерекше бір түрі жасалады. Бұл форма Орта ғасыр ескерткіштерінде -мадын, -мазын, -майын тұлғаларында кездеседі. «Тарихи жағынан күрделі: -ма, болымсыз етістігі мен Орхон жазбаларында кездесетін –йын  -көсемшесі»,- деп көрсетілген. М.Томанов (ҚТТГ, 227). Соңғы мезгіл мәнін беретін –ша қосымшасының қосылып, бірігіп жұмсалуы – Алтын Орда жазбаларында ұшырасады  екен. Бұл аффикстің дейін, шейін шылауымен синонимдес екенін ескерсек (келгенше – келгенге шейін, барғанша – барғанға дейін), профессор Исаевтың көрсеткеніндей, «дейін, шейін шылауымен –ша, -ше, аффикстерінің шығу төркіні жақындығы талас тудырмаса керек. Осы жұрнақ арқылы: алмайынша, жазбайынша, төзбейінше, бітпейінше тәрізді көсемшелер көп жасалады.\r\n\r\nСондай-ақ, айт+пастан, келместен дегендегі форма да көсемше формасы ретінде қаралады. (Ак. гр. 183-б) Ысқақов: егер бұл форманы көсемшеге телу керек болса, айтқандай, біткендей, айтқандықтан, біткендіктен, айтатындай, бітетіндей дегендердегі –қандай, -қандықтан, -атындай, -арлықтай формаларын да көсемшеге телу қажет болады. Ендеше, бұл формаларды арнайы тексермейінше, осы категорияға жатқыза қою орынсыз сияқты. (ҚҚТ, 321-б).  \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nТЕСТ \r\n\r\n1.Жіктелмейтін, шақтық мағынаны білдірмейтін етістікті көрсетіңіз:\r\n\r\nА.есімше,\r\n\r\nВ.көсемше\r\n\r\nС.етіс\r\n\r\nД.тұйық етістік\r\n\r\n2.Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері:\r\n\r\nА.рай, шақ, жақ\r\n\r\nВ.есімше, көсемше, тұйық етістік\r\n\r\nС.сабақты, салт, болымсыз, етіс\r\n\r\nД.етістіктің аналитикалық форманттары.\r\n\r\n3.Жіктеліп, шақтық мағынасын білдіретін және есімдерше түрленетін етістіктің ерекше түрі.\r\n\r\nА.есімше\r\n\r\nВ.көсемше\r\n\r\nС.тұйық етістік\r\n\r\nД.күрделі етістік\r\n

    \r\n

  1. «Көрмес – түйені де көрмес» мақалында –с қандай қосымша?
  2. \r\n

\r\nА.болжалды келер шақтың болымсыз түрінің жұрнағы.\r\n\r\nВ.шартты райдың жұрнағы\r\n\r\nС.етістік тудыратын жұрнақ\r\n\r\nД. етіс жұрнақтары.\r\n

    \r\n

  1. Ол ауылға жиі баратын. –атын қандай тұлға?
  2. \r\n

\r\nà) көсемше           \r\n

    \r\n

  1. b) есімше
  2. \r\n

\r\nñ) шартты рай      \r\n

    \r\n

  1. d) жедел өткен шақ
  2. \r\n

  3. Бармаспын дегендегі —с қандай тұлға?
  4. \r\n

\r\nà) есімше              \r\n

    \r\n

  1. b) көсемше
  2. \r\n

\r\nñ) шартты рай\r\n

    \r\n

  1. d) осы шақ
  2. \r\n

  3. Жіктеліп тұрған сөз:
  4. \r\n

\r\nà) оқуды\r\n\r\nâ) адамды\r\n\r\nñ) жаздырады\r\n\r\nä) арманды\r\n

    \r\n

  1. Оқу – білім бұлағы. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі:
  2. \r\n

\r\nа) баяндауыш\r\n\r\nв) бастауыш\r\n\r\nс) анықтауыш\r\n\r\nд) толықтауыш.\r\n

    \r\n

  1. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Ермек сөзіндегі —мек:
  2. \r\n

\r\nа) көсемше жұрнағы\r\n\r\nв) есімше жұрнағы\r\n\r\nс) сөз тудырушы жұрнақ\r\n\r\nд) сөз түрлендіруші жұрнақ.\r\n

    \r\n

  1. Күн қызарып батты. Сөйлемдегі көсемше тұлғасының қызметі:
  2. \r\n

\r\nа) шақты білдіру\r\n\r\nв) жақты білдіру\r\n\r\nс) қимылдың сипатын білдіру\r\n\r\nд) қимылды білдіру\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ