Қазақ этнопадагогикасының ғылыми негiзiн қалаушы педагог-ғалымдар

0
2459

Қазақ этнопадагогикасының ғылыми негiзiн қалаушы педагог-ғалымдар.\r\n\r\n \r\n\r\nХХ. ғ. басындағы этнопедагогика негізін салушылардың идеялары.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоспар:\r\n

    \r\n

  1. Әбубәкір Диваев, Шәкәрiм Құдайбердиевтың мұралары.
  2. \r\n

  3. Ахмет Байтұрсынов, Хәлел Досмұхамедов Мiржақып Дулатовтың тәлімдік идеялары.
  4. \r\n

  5. Нәзипа Құлжанова, Жүсiпбек Аймауытов, Мағжан Жумабаевтардың этнопедагогикалық ой-пікірлері.
  6. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Әбубәкiр Диваев (1855-1933). Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, бастыру мәселелерi ХIХ-ғ. мен ХХ-ғ. Басында бiр топ орыс ғалымдары айналысты. Олардың iшiнде Сырдария генерал-губернаторы Н.И.Гродековтың 1884 ж. қазақ, өзбек, қырғыз халқы ауыз әдебиетiн жинауды қолға алып, бұл жұмысты жергiлiктi халықтың тiлiн, салт-дәстүрiн жетiк бiлетiн Орынбор кадет корпусiнiң түлегi Ә.Диваевқа тапсырды. Ол араб, парсы тiлдерiмен қоса қазақ, өзбек, тәжiк тiлдерiн де жетiк бiлетiн едi.
  2. \r\n

\r\nӘ.Диваев белгiлi түркiтанушы В.Н.Наливкинмен, тарихшы, этнограф, филолог А.Н.Вышнеглярскиймен жүздесiп, ақыл-кеңес ала отырып, зерттеу жұмысының жоспарын жасады. Ел аузындағы ертек, аңыз-әңгiме, батырлар жырын жетiк бiлетiн қариялармен пiкiрлесiп, олардың бiлгендерiн жазып алып жiберiп отыратын мұғалiм-молдаларды бұл iске тартты. Өзi жинаған материалдардың бiр тобын Ресей география қоғамының Қазандағы бөлiмшесiне жiберiп отырды. Сондай-ақ 1886 ж. Ташкентте шыға бастаған “Түркiстан уалаяты” газетiнде жариялады. Диваев бiрiншiден қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажеттi дүние деп қараса, екiншiден жиналған материалдарды орыс тiлiне аударып, бастыру арқылы қазақтың көне мәдени мұрасымен орыс, батыс халық өкiлдерiне таныстыруды көздедi. 1896 ж. Қазан университетi жанындағы археология, тарих және этнография қоғамы Ә.Диваевқа хат жолдап, аталған қоғамға мүшелiкке алғанын хабарлайды.\r\n\r\nБұл қоғамның белсендi мүшелерi; В.В.Радлов, ВАлекторов, Г.Н.Потанин, В.П.Наливкин, Н.П.Остраумовтар да түркi халықтарының мұраларын жинау, зерттеу iсiмен айналысатын.\r\n\r\nӘ.Диваев осы қоғамға өзi ел аузынан жинаған бай материалдарды және өзiнiң олар туралы жазған зерттеу мақалаларын жiберiп тұрды.\r\n\r\nҚазан университетiнiң  ғалымы П.Н.Ахметов (Сахит Герей АКхметов) Диваев жiберген қолжазба материалдардың маңыздылығын жоғары бағалады.\r\n\r\n1896 ж. 22 қаңтарда Ә.Диваев ТКЛА ( Ташкентский кружок любителей археологии) мүше болып қабылданып, 1917 ж. дейiн сол үйiрмеден қол үзбей қызмет етедi. Диваев кейiн Москва университетiнiң табиғаттану, антропология, этнография қоғамына мүшелiкке өтiп, оларға да көптеген материалдар жiберiп тұрды.\r\n\r\n2004 ж. Диваевтың қатынасымен Ташкентте мұсылман зиялыларының әуесқой театрын ұйымдастырды. Онда Диваев өзiнiң “Махаббат машақаты” атты пьесасын қойды. 1915 ж. Диваевтың ғылыми қызметiнiң 25 жылдығы аталып өтiлiп, “Қазақ”, “Туркестанские ведомости”, “Живая старина” газеттерiнде оған арнау мақалалар жарияланды.\r\n\r\n1918 ж. Түркiстан Халық Университетi ашылып, Диваевты осы университетке оқытушылық қызметке шақырады. Ташкен университетi кеңестiк Орта Азияның шығыстану орталығына айналды. Кейiннен одан шығыстану институты бөлiнiп шығып, онда көрнектi шығыстанушы ғалым-академиктер қызмет еттi. Олардың iшiнде: В.В.Бартольд, С.Е.Малов, И.И.Зарубин, М.С.Андреев, М.Ф.Гаврилов, А.А.Семенов, В.М.Кун т.б. сияқты көрнектi ғалымдар болды.\r\n\r\nА.Диваев 100-ге тарта ғылыми еңбек қалдырды. Ол жинаған қазақтың батырлар жыры 1922-23 ж.ж. Ташкентте тұңғыш 9 том болып басылды. 1924 ж. Ташкентте қазақтың тұрмыс-салт өлеңдерiнен құрастырған “Тарту” атты жинақ, ал 1926 ж. Қызылордада “Балаларға тарту” жинағы шықты. Ол “Алпамыс”, “Қамбар батыр” жырларының бiрнеше варианттарын, “Тазша бала” ертегiсiнiң үш нұсқасын салыстыра зерттеп, олардың iшiндегi ең толығын және ең көркем дегендерiн баспа арқылы шығарып отырған.\r\n\r\nДиваевтың 1920 ж. Жетiсу, Сырдария бойына ұйымдастырған экспедициясы орасан мол материал әкелген. Олардың iшiнде аңыз да, жұмбақ та тақпақ та, мақал-мәтелдер де, айтыс өлеңдер де бар.\r\n\r\nДиваев жинаған мұралар iшiнде көлемi 8 томдық “Манас” дастаны да бар. Диваев “Манас” дастанын ең ұзақ, энциклопедиялық жыр дей келiп, “Манас” батырдың атымен бүкiл қырғыз елiнiң өмiрi мен тұрмысы жырланады” дейдi. Диваев осы еңбегiнде Орақ-Мамай, Ер Қосай сияқты қазақ батырларының  да жырда кездесетiнiн айтып, оны қойы қоралас, ауылы аралас қазақ-қырғыз елiнiң мәдени қарым-қатынасының  куәсi деп қарайды.\r\n\r\nДиваев “қазақ” сөзiнiң шығу тарихы туралы да өз пiкiрiн, бiлдiредi. Ол қазақтың тыю сөздерi мен 70-ке тарта ырымдарын талдай келiп, олардың шығу тегiне, тәлiмдiк мәнiне тоқталады. Бақсылардың кiм екендiгiне түсiнiктеме бередi. Қазақтың “Ас иесiмен тәттi”, “Айналайын” деген сөздердiң этимологиясына талдау жасайды.\r\n\r\nӘ.Диваев қазақ ойындары мен ойыншықтарының мән-мағынасына да талдау жасайды.\r\n\r\nЖарты ғасыр өмiрiн қазақтың мәдени мұрасын жинауға, зерттеуге арнаған Ә.Диваевтың еңбегi туралы  кезiнде М.Дулатов, М.Жұмабаевтар өлең, мақала жазып, жоғары бағалаған.\r\n

    \r\n

  1. Шәкәрiм Құдайбердиев (1858-1931). Абайдың реалистiк дәстүрiн жалғастырушы әрi ақын, әрi жазушы, аудармашы, философ, шежiрешi әмбебап ғалым.
  2. \r\n

\r\nОл жастайынан өнер-бiлiмге, әдебиет пен тiлге (араб, парсы, түрiк, орыс тiлдерiн жетiк бiлген) бейiмдiлiк көрсетiп, көп iзденiп, шығыс, батыс классиктерiнiң еңбектерiн оқып үйренген.\r\n\r\n1905-1906 ж. Орыс география қоғамының Семей бөлiмшесiне мүше болған. 1905-1906 ж.ж. Меккеге сапар шегiп Стамбул кiтапханасындағы бай мәдени мұрамен танысқан. Қайтып келе жатып, Ясная поянадағы Л.Н.Толстоймен кездесiп пiкiрлескен. “Толстойша” деген өлеңiн жазған.\r\n\r\nОл халық аңыздары негiзiнде “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлiк-Кебек” дастандарын жазып, қазақтың әдет-ғұрыптары туралы мол мәлiметтер бередi. 1911 ж. “Түрiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежiресi” атты еңбегiн жазады. Ол Толстойдың қысқа әңгiмелерiн, Физулидiң “Ләйлi-Мәжнүн” поэмасын, Пушкиннiң “Дубровский” атты поэмаларын аударады. 1918 ж. “Абай” журналына  Қожа Хафиз шығармаларын аударып бастырады.\r\n\r\nШәкәрiмнiң дүниенiң жаратылысы, философиялық-геологиялық көзқарасы “Үш анық”, “Қазақ айнасы”, “Анық пен танық”, “Мұсылмандық шарттары” атты еңбектерiнен көрiнiс тапқан. Ол бұл еңбектердi жазбас бұрын батыс, шығыстың атақты ғалымдары: Пифагор, Маско, Эпиур, Демокрит, Аббас, Ньютон, Линней, Гасанди, Мұхаммед, Исус Христос, Дарвин т.б. еңбектерiн оқып шығып үлкен дайындықпен келген. Олардың пiкiрлерiмен терең танысқан Шәкәрiм дүниенiң негiзi атомдардың қосындысынан тұрады, жаңа туып, өсiп-өнiп, өлiп-өшiп үнемi жаңаруда, өзгерiстерде болады дегендi қуаттайды.\r\n\r\n“Кеттi, келдi, толды, семдi, өзгелендi бұл ғалам…\r\n\r\nТуды, өлдi, жанды, сөндi, өршiп, өндi қайтадан” дей келiп: “Iздедiм, таптым, анығын. Тастадым ескi танығын” – деп ой түйедi. Дүние сырын бiлу, нану, ұғыну, тану – бәрi ақыл iсi. Ол мида қорытылып түсiнiк, ой, сезiм болып көрiнiс бередi дейдi.\r\n\r\nТән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,\r\n\r\nМұрын иiс, тiл дәмнен хабар бермек.\r\n\r\nБесеуiнен мидағы ой хабар алып,\r\n\r\nЖақсы-жаман – әр iстi сол тексермек – деп мидың қызметiнiң нәтижесi сезiм мүшелерiнiң әрекетi арқылы белгiлi болады, адам өзiн айналада қоршаған дүниенiң сырын бес сезiм мүшелерiнң әрекетi хабарына нагiзделген мидың қорытуымен танып бiледi деп материалистiк философиялық қорытынды жасайды.\r\n\r\nАқын өзiнiң бұл ойын “Тәңiрi мен жан” деген өлеңiнде де тереңдете түседi.\r\n\r\nТiптi кетпес еш жоғалып,\r\n\r\nБайқасаңыз барша жан.\r\n\r\nТағы деге тауып алып\r\n\r\nТағы өседi қайтадан.\r\n\r\nТүрлi жанда дене түрлеп,\r\n\r\nӨзгерiп тұр бұл ғалам\r\n\r\n“Жоғалтатын нәрсе жоқ” деп\r\n\r\nАйтты ғылым байқаған” – дей келiп адамдардың қосындысынан түрлi құбылыстардың пайда болып, түрлi өзгерiске ұшырайтынын (судың буға, будың бұлтқа айналуы, оны ңқайта жаңбыр, қар болып жерге жаууын) поэзия тiлiмен бейнелеп берiп отыр.\r\n\r\nШәкәрiм өнердi, бiлiмдi, адал еңбекпен күн көрудi, әдiлет жолын қууды насихаттады.   Оның “Жастарға”, “Дүние мен өмiр”, “Ар”, “Арман” т.б. өлеңдерiнен көруге болады. Жастарға “өзiңе-өзiң сын көзiңмен қара, өз мiнiңдi өзiң түзей бiл” дей келiп:\r\n\r\nЕрiнбесең еңбекке дәулет дайын,\r\n\r\nЖаратқан жоқ тек жат деп бiр құдайың.\r\n\r\nОйлансын деп ой бердi, көруге көз\r\n\r\nАяқ бердi, тапсын деп басқан сайын\r\n\r\nБiреуге телмiрiп көзiң сатпай, еңбектен, тер төк, iзден, адалдан тапқан мал тәттi дегендi айтады.\r\n

    \r\n

  1. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”, “Баяншы”, “Әдебиет танытқыш” т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды.
  2. \r\n

\r\nА.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда “Қазақ” газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады. Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.\r\n\r\nОқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды көредi. “Оқыту жайында” атты мақаласында “Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi… дейдi.\r\n\r\nОқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап “әлiппе” кiтабын жазды.  Сондай-ақ оның “Тiл жұмсар” деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты.  Ал М.Дулатов бастауыш мектепке арнап “есеп” кiтабы мен  қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.\r\n\r\nА.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. “Жаңа мектеп” журналының 8-санында жарияланға “Қай әдiс жақсы?” деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың “Үйрету әдiстерi туралы”  деген еңбегiне талдау жасай отырып, “әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес… Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi – бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi – түрлi әдiстi болу” деп ойын тұжырымдайды.\r\n\r\nОл сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз – әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз – суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы – қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда “Баяншы” деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.\r\n\r\nА.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың  бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi.\r\n

    \r\n

  1. Халел Досмұхамедов ( 1883-1937) 1909 ж. Петербургтегi әскери медицина академиясын оқып, бiтiрiп Керм губерниясында, кейiн 22 Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери дәрiгерлiк қызмет атқарады. Осы кезден бастап қоғамдық iстерге белсене араласып, “Орал”, “Пiкiр”, “Қазақ” газеттерiне мақалалар жазады.
  2. \r\n

\r\n1917 ж. бастап  Алашорда үкiметiнiң басқару жұмыстарына белсене араласады. Батыс Қазақстан өлкесiндегi  Алаш партиясының белсендi қайраткерлерiнiң бiрi болады.\r\n\r\n1924 ж. Орта Азия университетiнде ординатор, 1926-29 ж.ж. Қазақ педагогикалық институтында проректор, кейiнне педалогия кафедра меңгерушiсi, профессорлық қызметтер атқарады.\r\n\r\nЖаратылыстану ғылымы саласында тұңғыш “Адамның тән тiршiлiгi” (1927) “Сүйектiлер туралы” (1928) Жануарлар (1929) атты оқулықтар жазып шығарады. Осы ғылым саласында тұңғыш ұлттық ғылыми терминдердi қалыптастыруда елеулi еңбек етедi.\r\n\r\nХ.Досмұхамедов тарих, әдебиет, тiл бiлiмi ғылымдар саласында да бiрнеше ғылыми еңбектер жазып көзге түседi. Мысалы: “Қазақ халық әдебиет”, “Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингормонизм заңы”, “Кенесары-Наурызбай”, “Шатай қозғалысы туралы” еңбектерiнде қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң тәлiмдiк жағына баса көңiл бөлген, қазақ әдебиетiн жинап зерттеушi орыс ғалымдары: В.В.Радлов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин, А.В.Алекторов, Ә.Диваев т.б. еңбектерiне талдау жасаған. Қазақ ауыз әдебиетiн ғылыми тұрғыда тұңғыш классификация жасаған. Ұлттық өнер туындыларына, әсiресе айтыс өнерiне, қазақтың барымта-аламандығы жөнiнде келелi пiкiр бiлдiрген. Ұлттық тұрмыс-тiршiлiк, кәсiпкерлiк мәселелерiне де мән бере қарастырған. Қазақтың ою-өрнек, зергерлiк бұйымдардың жасалу ерекшелiктерiн, Самарханд шаһарындағы “Тiлләқари” және “Ширдар” медресесiн салдырушы Жалаңтөс батыр туралы тың мағлұматтар берген.\r\n\r\nХ.Досмұхамедов тiл, сөйлеу-мәдениетiндегi адам психологиясының ерекшелiктерiн сөз ете келiп “Тiлiнен айырылған жұрт жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тiлi дұрыс болса, елдiң тiлi көркейiп, гүлденедi… Ал мектеп пен баспада қолданудан қалған тiл – шатасқан тiл. Ол ел сорлы ел, мұндай елдiң тiлi бұзылмай қалмайды” … дейдi. Өз тiлiн бiлмей тұрып, жат елге елiктей беру зор қате” – дегендi айтады. Бiз бұдан оның ұлтын, ұлт тiлi мен ұлт мәдениетiн қастерлейтiн нағыз патриот азамат екенiн байқап бiлемiз.\r\n

    \r\n

  1. Мiржақып Дулатов (1885-1935)
  2. \r\n

\r\n1897 ж. Торғайдағы орыс-қазақ мектебiне түсiп, оны 1902 ж. бiтiрiп шығып 6-7 жыл ауылда мұғалiм болған Мiржақып кейiн Омбы, Қарқаралы қалаларына барады. 1909 ж. Уфада “Оян, қазақ” атты еңбегiн, кейiн “Бақытсыз Жамал” романын бастырып шығарады. “Айқап” журналына әртүрлi тақырыпта мақалалар жазып тұрады. 1913-1917 ж.ж Орынборда А.Байтұрсыновпен бiрге “Қазақ” газетiн шығарады.\r\n\r\nҚазан төңкерiсiне дейiн, сондай-ақ Кеңестiк үкiмет жылдарында Алаш үкiметi мен партиясының белсендi қайраткерi болғаны үшiн бiрнеше рет 1922-26 ж.ж. Орынбордағы қазақ ағарту институтында оқытушы болады. 1922 ж. екi бөлiмнен тұратын бастауыш сыныпқа арналған “Есеп құралы”, 1924 жылы “Қирағат” атты оқулығын басып шығарды.\r\n\r\nҰлы педагог Ы.Алтынсариннiң оқу-ағарту мәселесiне байланысты идеяларын әрмен қарай жалғастырып, ол да А.Байтұрсынов  сияқты оқу-тәрбие iстерiн ғылыми тұрғыда қарастырды. Оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерiн марапаттап, шәкiрттердiң жаңа бағдарлама бойынша бiлiм алуына, сабақтың ғылыми дидактикалық негiзде жүргiзiлуiне зер салды. Мәселен “Қирағат” атты кiтабының алғы сөзiнде “балаларды – дейдi ол – оқыту өз алдына бiр ғылым. Ғылыми педагогикада… мектеп программасында бiрiншi орыналатын нәрсе қирағат, баяндап оқыту… Қирағаттың мақсатын түсiнбеген мұғалiм үмiт еткен пайданы бере алмайды… Баланы оқыған нәрсесiн бiр-бiрiне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққанын жадында рет-ретiмен һәм толық мағынасымен сақтауға әрекеттендiру керек”. Ал орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский айтқандай, оқу-тәрбие процесiне (жазу, сызу, есептеу, оқу т.б.) шәкiрттердiң сезiм мүшелерiн (көз, құлақ, қол т.б.) тұтастай қатыстырып отыру қажеттiлiгiн мұғалiмдердiң есiне салады. Ғалым оқыту процесiндегi тәрбиенiң ролiне зор көңiл бөле келiп, “Туысынан қанша зеректiк болса да, ғылымымыз тәрбиесiз кемелiне жетпейдi. Кiмде-кiм өзiнiң табиғатында не нәрсеге шеберлiгi барлығын сезiнiп, өз жолына түссе ғана, көзге көрiнедi”…. деп мамандық таңдаудың адам қабiлетiн ескере асырылуын қалайды.\r\n\r\nМ.Дулатов өзiнiң “есеп құралы” кiтабын бiрiншiден, қазақ өмiрiмен байланыстырса, екiншiден тұңғыш рет елуге тарта материалдық терминдердi тiлiмiзге енгiзудi, үшiншiден оқулықтағы материалдардың бiлiмдiк және тәлiмдiк жағынан бiрдей қарастырылуына зер салды. Сөйтiп, М.Дулатов математикалық оқудың негiзiн салды.\r\n

    \r\n

  1. Нәзипа Құлжанова (1887-1934)
  2. \r\n

\r\nОл қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды. Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар гимназиясын оқып бiтiрiп, Торғайдағы қыздар училищесiнде, кейiн (1904-1919 ж.ж.) Семейдегi мұғалiмдер семинариясында мұғалiмдiк қызмет атқарды.\r\n\r\nН.Құлжанова 1924 ж. “Мектепке дейiнгi балаларды тәрбиелеу” атты еңбегiн жазып, Орынбордан бастырып шығарды. Кейiн “Әйел теңдiгi” журналында қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер жайында бiрнеше мақалалар жазады.\r\n\r\n1924 жылы “Ана мен бала” атты еңбегiн жазып шығарады. Бұл еңбекке  алғы сөзi атақты – турколог ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.\r\n\r\nАвтор мектепке дейiнгi тәрбиенiң мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына тоқталады. Бала ойынының мәнi мен маңызына тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне, дүние-танымына табиғаттың әсерiнiң ерекшелiгiне тоқтала келiп, “суға түсiп, жүгiрiп, құспен бiрге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен бiрге көкорай шалғын, тоғай арасын сайрандап жүрiп, көңiлi де, жан-тәнi де бiрдей тегiс өсiп, өркендемек” – дейдi.\r\n\r\nАвтор баланың елiктегiштiк, айналаны танып-бiлуге деген құмарлық қасиетiн жетiлдiре тәрбиелеуге баса көңiл бөлудi қуаттайды.\r\n

    \r\n

  1. Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931)
  2. \r\n

\r\nЖазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.\r\n\r\nЖ.Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда бала оқытады. 1920 жылы РК(б)К  қатарына кiредi. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР Халық ағарту комиссариатының  коллегия мүшесi, “Қазақ тiлi”, “Ақ жол” газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-29 жылдары Шымкенттегi педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып, жазықсыз өлiм жазасына кесiледi.\r\n\r\n1918 ж. “Абай” журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады.  Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан “Тәрбие жетекшiсi” атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов “Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы – тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” – дейдi.\r\n\r\nАвтор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, “Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт – жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты “ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.\r\n\r\nЖ.Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.\r\n\r\nТәлiмгер-ғалым бала тәрбиесiнде туған елдiң әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрiнiң белгiлi мөлшерде әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен.\r\n\r\nОл “ойын-сауық, өлең-жырды естiп өскен елдiң баласы өнерге бейiм болады, дiндар елдiң баласы дiншiл келедi. Жастайынан кемдiк, жоқшылық, қағажу көрiп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады” – деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигiзетiн ықпалына тоқталады.\r\n\r\nОның жазбаларынан Л.Н.Толстойдың “Тәрбие дегенiмiз бiр адамның екiншi бiр адамға жасайтын ықпалы” немесе А.С.Макаренконың “Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейдi. Адамның тұтыну заттары, табиғи құбылыс т.б. бәрi тәрбиеге белгiлi әсерiн тигiзедi. Соның iшiндегi ең әсерлiсi – адамдардың қарым-қатынасы, әсiресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше” деген секiлдi таныс пiкiрлер жиi ұшырасады.\r\n\r\nЖ.Аймауытовтың пiкiрiнше мұғалiмнiң айналысатыны – үнемi қозғалып, өзгерiп, өсетiн, өркендейтiн тiрi адам болғандықтан, бiркелкi әдiстен табан аумай шектелiп қалуға болмайды… Сабақ үйреншiктi жай шеберлiк емес, ол үнемi жаңаны табатын өнер… Дидактика мұғалiмге жиi жөн-жоба көрсетiп жетекшiлiк етедi… Сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды ғана нұсқайды”– деп, оқыту, бiлiм берудiң әдiстердiң догма емес, iзденуден туатын iс-әрекет екенiн дұрыс атап өткен.\r\n\r\nЖ.Аймауытов бiлiм негiзi ана тiлi арқылы меңгерiлетiнiн айта келiп, “Ана тiлiн жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндердi түсiну мүмкiн емес. Ана тiлi – халық болып жаралғаннан бергi жан дүниесiнiң айнасы, өсiп-өнiп, түрлене беретiн, мәңгi құламайтын бәйтерегi” – деп, оның қоғамдық рөлiн, оны жан-жақты және терең меңгеру қажеттiлiгiн баса көрсетедi.\r\n\r\nАвтор, адамның жан қуатын тәрбиелеп жетiлдiрудегi тарих пәнiнiң алар орнын айта келiп “Тарихты оқыту арқылы шәкiрттерге қазiргi өмiр мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата бiлерлiк сана туғызамыз” – дейдi.\r\n\r\nАвтор мектепте “қандай тарихтың түрiн оқытуды алғаш қолға алу керек?” дегендi де сөз етедi.\r\n\r\n“…Алдымен балалардың өздерiне күнделiктi өмiрден жақсы таныс өз жұртының тұрмыс-салты, тыныс-тiршiлiгiне байланысты тарихты оқытудан бастағанды жөн… басқа жұрттың тарихқа керек жерлерiн ғана алу керек” – деп тұжырымдайды.\r\n\r\nЖ.Аймауытов осы еңбегiнде туған өлкенiң жағрафиясын оның тарихымен байланыстыра қарастыруды ұсынады. Автор ерте замандағы “половец”, “кеченет” тәрiздi көшпелi жұрттың шаруашылығын қазақ халқының ертедегi тарихымен байланыстыра жүргiзудi қуаттайды.\r\n\r\nКөшпелi жұрттың өткендегi салт-санасы, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсiбi және мәдени өмiрiнен хабардар ету үшiн 4-сыныпта әдебиеттi, тарихты және жағрафияны бiрiктiрiп, яғни интеграциялап “Бiздiң Отан” деген атпен оқытуды қажет деген пiкiр ұсынды.\r\n\r\nЖ.Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердiң көрнектi орын алып келгенiне, өнерсiз қоғамның дамуы, рухани мәдениеттiң молаюы мүмкiн еместiгiне тоқталып, ұлт мектептерiнде әуелi кескiн (сурет) пен әуез (ән-күй) пәнiн үйретудiң керектiгiн, әрбiр баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабiлетiн тәрбиелеуде бұл пәндердiң маңызын баса айтты.\r\n\r\nЖ.Аймауытов 1929 ж. “Комплекстi оқыту жолдары” деген еңбегiнде баланың бiлiмге деген ынта-ықыласын, зейiн-зердесiн арттыру үшiн мұғалiмдерден төмендегi шарттарды орындауды талап еттi. Олар: жаңа берiлетiн бiлiмдi баланың бұрын меңгерген бiлiмiне негiздеу, оқушылардың жаңа бiлiмдi меңгеруiне бағыттайтын проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың назарын меңгерiлетiн жаңа бiлiмге бағыттау, басы артық, қажетсiз мағлұматтарды айтудан сақтану, салыстыру, теңеу, ұқсату, сияқты тәсiлдердi қолдану арқылы балалардың бiлiмге деген қызығушылығын артыру. Тәсiлдердi үнемi жаңартып жандандырып отыру, көрнекiлiктi пайдалану т.б. дидактикалық әдiс-тәсiлдердi сөз етедi.\r\n\r\nСондай-ақ ол “Психология” (1926), “Жан жүйесi және өнер таңдау”(1926) деген оқулықтарын жазып, психология, педагогика, әдәстеме ғылымдарын ұщтастыра оқытуға терең мән бередi.\r\n

    \r\n

  1. Мағжан Жұмабаев (1893-1938) әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр – С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”.
  2. \r\n

\r\nШынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.\r\n\r\nОқу құралының бiрiншi бөлiмiнде педагогиканың жалпы мәселесiне  арналған. Оның пiкiрiнше тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек.\r\n\r\n Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны.  Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…” Баланы келешек заманына лайық қылып шығару” – деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. “Ұлт тәрбиесi – деп жазды ол, – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесiмен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi”.\r\n\r\n Мағжан сонымен бiрге ұлт тәрбиесiне сын көзiмен қарап, тозығынан озығын айыра бiлуге шақырады. “Киiз үйдiң зиянды жағы болғаны сияқты, – деп жазды ол, – пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай бiлуде. Шын таза ауа сол киiз үйде болмағанда қайда болады? Ал балаға таза ауа аса қажет… Малмен бiрге жүрiп, бiрге өскен қазақ баласын аса нәзiк қылып, үлбiретiп тәрбие қылмағаны дұрыс болмас… Қазақ баласының тәрбиесi қазақ тұрмысына қабысуы мақұл” дегендi айтады.\r\n\r\nЯғни баланы жастайынан шыңдау, өмiрге үйрету қажет дегендi айтады.\r\n\r\nАвтор “Қазақ бесiгi – аса ұқыптылықпен жасалған нәрсе. Жөргегi, тартпалары, астындағы тесiгi, шүмегi, түбегiмен баланың таза, жинақы жатуына көп себепшi” дей келе, қазақ бесiгiнiң құрылымын  жетiлдiрудi (қол, аяқ бауларды жалпақ жасамау және қатты тартып байламау) ұсынады.\r\n\r\nМағжанның “Педагогикасы” он төрт тараудан тұрады. Соның он тарауы ұлттық психологияны сөз етедi. Ол жан көрiнiстерiн ол “бiлу, яки ақыл, сезiм яки көңiл, һәм қайрат деп үшке бөлiп қарастырады. Олардың өзара табиғи үйлесiмiн Абай тұжырымымен байланыстырып, Абайдың “Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,\r\n\r\nСонда адам боласың елден ерек” – деуi ақыл (ми) мен ерiк, жiгердi байланыстыру деп қарайды. \r\n\r\nОл сыртқы сезiмдердi: көру, есту, иiскеу, тату, сипау (ет сезiмi) деп беске бөлiп қарастырып, олардың атқаратын қызметiне, ерекшелiктерiне сипаттама бередi. Оларды дұрыс жетiлдiрудiң жолдарын көрсетедi.\r\n\r\nБұларды жетiлдiруде ұлттық дәстүрге сүйене отырып жүргiзудi, мәселен құлынның кiсiнеуiн, қойдың маңырауын, түйенiң боздауын ажырата бiлу арқылы тәрбиелеудi ұсынады. М.Жұмабаев: “Адамның әдемiлiктi сүю сезiмiн тереңдететiн де осы есту сезiмi”, – дей келiп өз  пiкiрiн гректiң Орфейi, қазақтың Қорқыт күйлерi туралы ойларымен тиянақтайды.\r\n\r\nМ.Жұмабаев адам өмiрiндегi қиялдың (фантазияның) рөлiне тоқтала келiп “Қиялы дамымаған адам мылқау адам… Қиял адам ойын дамытады… Ол үшiн балаларға жастайынан қиял-ғажайып ертегiлер айтқызып үйрету керек” дейдi.\r\n\r\nМағжан ой-қиялдың өрiстеудегi тiлдiң рөлiне тоқтала келе “Бiр ұлттың тiлiнде сол ұлттың жерi, тарихы, тұрмысы, мiнезi көрiнiп тұрады… Ұлттың тiлiнiң кеми бастауы – ұлттың құри бастауы… дегендi айтады.\r\n\r\nҚорыта келе айтарымыз, Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырады. Сөйтiп, ол қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда қарастырып, тұңғыш этнопедагогика ғылымының теориясын жасаушы  болды.\r\n\r\n \r\n\r\nНегізгі әдебиеттер:\r\n\r\n1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi  және тарихы. А; “Бiлiм” 2004 ж.\r\n\r\n2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. А; “Санат” 1995 ж.\r\n\r\n3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. А; “Санат” 2001 ж.\r\n\r\n4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” Астана. 2005 ж.\r\n\r\n5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. А; “Рауан” 1995 ж.\r\n

    \r\n

  1. 6. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. А; “Рауан” 1т. 1994., 2 т. 1998 ж.
  2. \r\n

\r\n7.Құдайбердiұлы Ш. Шығармалары А; “Жазушы” 1991 ж.\r\n\r\n8.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-7 том. 1998-2005 ж.\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ