«Ежелгі Қазақстан» тақырыбы бойынша тест сұрақтары жауабымен

0
14638

Тас дәуірі көне тас ғасыры – палеолит, өтпелі кезең – мезолит, жаңа тас ғасыры – неолит болып бөлінеді. Ежелгі Қазақстан тақырыбы бойынша тест сұрақтарын жауабымен ұсынып отырмыз.

1. Алғашқы адамдардың негізгі шаруашылығы қандай болған?

  • а) аң аулау, балық аулау, терімшілік
  • ә) мал шаруашылғы, қолөнер
  • б) жер өңдеу
  • в) қолөнер және сауда

2. Ерте палеолитке тағы қандай атау беруге болады?

  • а) ежелгі
  • ә) жоғарғы
  • б) орталық
  • в) төменгі

3. Ежелгі палеолит дәуірінің ескерткіштері қай ауданда табылған?

  • а) Шығыс Қазақстан
  • ә) Солтүстік Қазақстан
  • б) Оңүстік Қазақстан
  • в) Батыс Қазақстан

4. Соңғы палеолит қай кезеңді қамтиды?

  • а) 150 мың – 30 мың жыл бұрын
  • ә) 35 мың – 10 мың жыл бұрын
  • б) 700 мың – 150 мың жыл бұрын
  • в) б. з. 2 млн – б. з. 800 мың жыл бұрын

5. Мезолит дәуірі қандай аралықта орналасқан?

  • а) төменгі және жоғарғы палеолит аралығында
  • ә) неолит және қола ғасыр аралығында
  • б) палеолит және неолит аралығында
  • в) қола және темір ғасырлары аралығында

6. Қашан бумеранг, садақ пен жебе жасалынған?

  • а) неолит
  • ә) энеолит
  • б) палеолит
  • в) мезолит

7. Қола дәуіріне дейін адамдар қандай металды қолданды?

  • а) мыс
  • ә) темір
  • б) алюминий
  • в) жез

8. Неолит кезеңінің соңында (б. з. д. III мың жыл бұрын) адамдар немен шұғылдана бастады?

  • а) аң аулау
  • ә) тоқыма
  • б) құрылыс
  • в) бейнелеу

9. Неолит дәуірін қалай атайды?

  • а) ескі тас ғасыры
  • ә) қола ғасыры
  • б) жаңа тас ғасыры
  • в) мыс тас ғасыры

10. Қандай кезең неолиттен бұрын болған?

  • а) палеолит
  • ә) қола ғасыры
  • б) темір ғасыры
  • в) мезолит

ІІ нұсқа

1. Андронов тайпалары қашан өмір сүрген?

  • а) темір дәуірі
  • ә) қола ғасыры
  • б) тас ғасыры
  • в) тастан мысқа өтпелі кезеңде

2. Қоланың құрамы қандай?

  • а) қалайы мен мыстың қортындысы
  • ә) мыс пен алтынның қорытпасы
  • б) табиғатта таза түрде кездеседі
  • в) мыс пен темір қорытпасы

3. Қола ғасыры орталық Евразия континентінде қай мәдениетпен байланысты?

  • а) түркі мәдениеті
  • ә) сақ мәдениеті
  • б) скиф мәдениеті
  • в) андронов мәдениеті

4. Андронов мәдениетінің ескерткіштері алғаш қашан табылды?

  • а) 1924 ж.
  • ә) 1950 ж.
  • б) 1914 ж.
  • в) 1921 ж.

5. Андронов мәдениеті қай дәуірдің алдында қалыптасты?

  • а) қола ғасыры
  • ә) неолит
  • б) темір ғасыры
  • в) тас ғасыры

6. Андронов тайпалары тұрғылықты мекен-жай үшін (б. з. б. XVIII-VIII ғғ.) нені пайдаланған?

  • а) үңгірлерді
  • ә) ағаш үйлерді
  • б) киіз үйлерді
  • в) балшық үйлерді

7. Андроновтарға бағалы болған малдың түрі

  • а) сиыр
  • ә) жылқы
  • б) қой
  • в) ешкі

8. Қола дәуірінде қандай үй тұрақтары көбірек тараған?

  • а) киіз үйлер
  • ә) тастан және балшықтан жасалған үйлер
  • б) үлкен жертөлелер
  • в) үңгірлер

9. Андроновтықтар жерлеу рәсімінде адамды қалай қойған?

  • а) ұзыннан созылған, қолы қусырылған түрде
  • ә) бетін төмен қаратып
  • б) жауаптардың ішінде дұрысы жоқ
  • в) бүктелген түрде

10. Жерленген андроновтықтардың басы қай жаққа бағытталып қойылған?

  • а) шығыс немесе солтүстік-батыс
  • ә) солтүстік
  • б) батыс немесе оңтүстік-батыс
  • в) оңтүстік

Дереккөз: Тarih.spring.kz

Тарих пәні бойынша басқа да ақпараттар: 

  1. Тас ғасырының тарихи хроникасы
  2. Сақтар. Олардың қоғамдық құрылымы мен мәдениеті

  3. Ежелгі Египеттің тұрмыс-тіршілігі

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ