Фирма

0
2995

Кіріспе \r\n\r\nІ-тарау. Фирма табиғаты\r\n\r\n1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі………………………………………………………………………….2\r\n\r\n1.2 Фирма кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі…………………………….7\r\n\r\n1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы…………………………………………………………………………………………..10\r\n\r\n \r\n\r\nНегізгі бөлім\r\n\r\nІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы фирма\r\n\r\n2.1 Нарықтың мәні, оның эконмикалық субъектілері………………………….13\r\n\r\n2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері…………………………………………………………………………………………..\r\n\r\n2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы фирма қызметі және мінез-құлқы………………………………………………………………………………………………………\r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\nІІІ-тарау. Фирма шаруашылығын жүргізу\r\n\r\n3.1 Фирма ішілік жоспарлау………………………………………………………………..\r\n\r\n3.2 Фирма табысы және оны бөлу……………………………………………………….\r\n\r\n3.3 Фирма пайдасын көбейту және щығындар мәселесі……………………….\r\n\r\n \r\n\r\n       Экономистері фирманың өмір сүруі негіздеуді талап ететінін ұзақ уақыт мойындамай келді. Рынок тәніндегі иерархиялық бөртпелерді түсіндіру үшін 1937 жылы Рональд Коуз бірінші болып тұжырымдаған бұл теория операция бағасы тұжырымдамасына негізделді. Автономды кісілер арасындағы кез-келген нарықтық операция уақыт пен келіссөзді талап етеді, сондықтан оның бағасы болды. Фирма – шынтуайтында, саяси ұйым — өндірісті үйлестіріп, айырбасты базар бағасынан төмен жүргізе алатын жерде бәсеке оның басым түсіп отыруына мүмкіндік береді. Осы заманғы кешендіэкономикада ақпарат секілді қоғамдықтауардың маңызы арта түскен сайын көптеген секторларда базардан фирманың артықшылығы ұлғайып орташа фирмалардың өсуіне жол ашты. Бір рет жасалған ақпарат халықтың үлкен топтарына оп-оңай жол аша алады, мұның үстіне әрбір қосымша тұтынушы үшін оның пайдалылығы ешқандай кемімейді. Егер ол қаралған болмаса, оны алу соншалық оңай болғандықтан, ешкім оның шын құнын паш етіп, оны төлеуге құлықты болмады.Бірақ, егер барлығы төлеуден бас тартса, ақпарат жасауға ынта жойылады. Фирма бұл проблеманы былай шешеді: ақпарат алу құқығына ие болған кісінің пайда табуын қамтамасыз етуге көмектесу үшін беделін пайдаланады. Ол ақпарат  тауар жатқан жерді анықтау, оны жетілдіру технологиясы немесе оны базарға шығаратын жаңашыл да пәрменді әкімшілік жүйе болуы мүмкін.\r\n\r\n   ХІХ- ғасырдың басында француз экономисіЖан Батис Сэй (1767-1832 жылдар) Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. « Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».\r\n\r\n   Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.\r\n\r\n   Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі болытеоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытты бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма ала шықты.\r\n\r\n   Осы бойынша америка ғалымы, экономист, америка жоғары оқу орындарының студенттері үшін белгілі «Экономика» оқулығының авторы Пол Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минимум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» — деп жазды.\r\n\r\n   Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда  ерте ме, кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына әкеледі.\r\n\r\n  Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады:бір елдер, бұрынғы социалисттік елдерді қосып алып нарық тық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустриалдыға дейінгі деңгейінен индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.\r\n\r\n   Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көп қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әртүрлі болуда.\r\n\r\n    Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылыемес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыру керек, шын мәнінде осы факторлар өз ара байланысты болса да.\r\n\r\n   Жалпы қабылданғандай, фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының бірінші орынға жаңашылдық, сапа дизайн, жиі жаңартумен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегісервис қойылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.\r\n\r\n   Микроэкономика саласындағы мамандардың бағаланушы кез-келген фирма үшін кез-келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс:\r\n\r\n   Біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісті тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;\r\n\r\n   Екіншіден, фирма жаңа технологиямен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандары көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын, әсіресе, фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;\r\n\r\n   Үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірімен өзгертті.\r\n\r\n   Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.\r\n\r\n   Фирма анықтамасын іздеу жолында экономикалық жүйені кәдімгідей экономистің баян етуіндей қарастырғанымыз ыңғайлы болар. Экономикалық жүйенің сэр Артур Салтер берген сипаттамасын қарастыруға көшелік. Нормалдық (әдеттегі) экономикалық жүйе өзімен өзі жұмыс жасайды. Өзінің күнделікті операциялары үшін ол орталық басқарманың қол астында болуды, орталық бақылауды қажет етпейді. Автоматты, сезімтал және икемді процесс көмегімен адами белсенділік пен адами мұқтаждығының барлық диапазонында ұсыныс-сұранысқа, өндірістік тұтынысқа бейімделеді. Экономистің пікірінше экономикалық жүйе бағалық механизм арқылы үйлесімді болып тұрады да, қоғам ұйым болмай организм болып қалыптасады. Экономикалық жүйе өз бетінше жұмыс жасайды». Бұдан жеке адамдардың жоспарға ұатысы болмайды деген ұғым тумаса керек. Олар болжамдар жасап, бәсекелер арасынан керектісін таңдайды. Жүйеде тәртіп болсын десек бұл қажетті нәрсе. Алайда, осы теория ресурстар қозғалысын бағалық механизмге тікелей байланысты деп жорамалдайды. Расында, осы жағдай экономикалық жоспарлауға қарсылық ретінде жиі қарастырылады, өйткені экономикалық жоспарлау бағалық механизм атқарған істі қайтадан қайталауға тырысып бағады. Сэр Артур сипаттамасы, алайда біздің экономикалық жүйенің мүлдем толымсыз суретін береді. Фирма төңірегінде бұл сипаттама жалпы үйлеспейді. Мәселен қндіріс факторларын әртүрлі қолдану тәсілдерінің арасында орналасуы бағалық механизммен анықталатынын біз экономикалық теориядан көріп отырмыз. А факторларының Хтегі бағасы У тегі бағасынан жоғары болсын. Нәтижеде А У-тен Х-ке қарай Х-пен У-тегі бағалар айырмасы жойылғанға дейін- бұларада айырма соншалықты басқадай әр түрлі артықшылықтармен орнын толтыратын жағдайларды есептегенде- жылжиды. Зайыр дүниеде әлі де болса осы айтылған жайттар қолданылмайтын салалар кездесіп тұрады.\r\n\r\n   Егер, жұмыскер У бөлімінен Х бөліміне ауысса, ол оны салыстырмалы бағаның өзгеруінен емес, қайта өзіне берілген бқйрық бойынша істейді. Мәселе бағалардың қозғалысымен шешіледі деген негізге сүйенген экономикалық жоспарлауды жақтаушыларға біздің экономикалық жүйенің ішінде жоғары келтірілген және экономикалық жоспарлау дегенге төркіндес ұғымнан мүлдем қзгеше болатын, жекешеленген жоспарлаудың кездесетінін көрсету арқылы жауап беруге болады. Бұл біздің экономикалық жүйедегі үлкен іскерлік аумаққа тән мысал. Әрине, бұл факт экономистер назарынан тыс қалмады. Маршалл ұйымды өндірістің төртінші факторы ретінде енгізеді; Дж. Б. Кларк үйлестіру функциясын кәсіпкерге ұсынады; профессор Найт үйлестіруші менеджерлерді енгізеді. Д. Г. Робертсон көрсеткендей, біз «піскектегі шайқалған май сияқты саналы биліктің аралдарын санасыз кооперациялау мұхитынан» тауып отырамыз. Әдетте, үйлестіру дағалық механизм көмегімен орындалады деген дәлелдеме факт ретінде қарастырылса, осындай ұйым не үшін қажет? «Осындай саналы күштер аралдары не себепті кездеседі?» Фирма сыртындағы бағалар қозғалысы өндірісті нарықты айырбас мәмілелер сериялары арқылы бағыттып отырды. Фирма ішінде осы нарықтық мәмілелер жойылып, айырбас операцияларымен бірге күрделенген нарықтық құрылым орнына өндірісті бағыттайтын үйлестіруші (координаор) отырғызылады. Осы жайт өндірісті үйлестірудің бәсекеләк тәсілдері екендігі түсінікті. Бірақ та егер өндіріс бағалар қозғалыстарымен реттелген жерде өндіріс жалпы ешбір ұйымсыз-ақ жалғасатынын ескерсек, онда кез-келген ұйымның болуы міндеттіме деген сұрақ туады.\r\n\r\n   Әрине, бағалық механизмді ығыстыру дәрежесінің құбылуы әжептәуір. Әмбебап дүкенінде әр түрлі секциялардың ғимаратта орналасуы жоғарыдан көрсетілуі мүмкін бағалардың күрес нәтижесі болуы да мүмкін. Лакширде, мақта иіру саласында тоқымашыэнергия мен дүкен үшін баспананы жалға ала алады, және тоқымашының станоктар мен жіптерді несиеге алуына да болады.\r\n\r\n   Өндірістің әр түрлі факторларын осылай үйлестіру әдетте бағалық механизмнің қатысуынсыз орындалады. «Тік» интеграциялау саны саладан салаға, фирмадан фирмаға көшкен кезде қатты өзгеріске ұшырауы түсінікті де.Рональд Коуздың ойынша, фирманың өзгеше бет әлпеті – бағалық механизмнің басты бөлігі болып табылады. Ол, әрин, профессор Роббинстің атап өткеніндей, «салыстырмалы бағалар мен шығындардың сыртқы торымен байланысты», бірақта ол осы өзаралық байланыстардың дәл табиғатын ашу үшін құнды. Қорларды фирмада орналастыру мен экономикалық жүйеде орналастыру арасындағы алшақтықты Маурисс Добб мырза капиталист Адам Смиттың концепциясын талқылау барысында өте айқын сипаттап берді: «кәсіпкермен басқарылатын әрбір фабрика немесе бірлік ішіндегі қатынастардан да өте маңызды бір нәрсенің бар екендігі белгілі бола бастады; кәсіпкердің өзінің төңірегінен тыс экономикалық әлеммен қарым-қатынастары бар болғаны ғой… Кәсіпкер әрбір фирма ішінде еңбекті бөлумен айналысады және ол саналы түрде жоспарлап, ұйымдастырады», бірақ, «ол өте үлкен мамандандыру мен байланысқан, өзі де маманданған бірлік болып табылады. Осы жерде ол үлкен организмнің жеке ұясы рөлін атқарып, көп жағдайда өзінің өте кең роль атқаратынын  сезбейді».\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n2.2Экономистер бағалық механизмді үйлестіруші құрал деп есептеумен қатар, «кәсіпкердің» үйлестіру функциясын жоққа шығармауына байланысты: неліктен үйлестіру – бір жағынан бағалық механизмнің жұмысы, екінші жағынан кәсіпкердің жұмысы болып табылады деген заңды сұрақ туындайды. Осы мақалада экономикалық теориядағы қорларды бағалық механизм құралдары көмегімен орналастыру туралы жасалған (кейбір мақсаттар үшін) болжам мен осы орналастыру кәсіпкердің үйлестіруіне тәуелді деген болжам (басқа мақсаттар үшін) арасындағы үзілісті жалғастыру көзделіп отыр.\r\n\r\n    Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі, Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батис Сэй (1767-1832жж.) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».\r\n\r\n    «Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.\r\n\r\n   Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.\r\n\r\n   Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез – келген қызмет түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол — өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.\r\n\r\n   Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғым да бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той – думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсатылықпен , коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Демек, бизнес бұл – табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.\r\n\r\n   Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.\r\n\r\n   Қазақстан Республикасы президентінің «Шаруашылық  серіктесі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:\r\n

    \r\n

  • жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
  • \r\n

  • — толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
  • \r\n

  • — жаупкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;
  • \r\n

  • Коммандитті – аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен);
  • \r\n

  • Қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алады;
  • \r\n

  • өндіріс және тұтыну кооперативтері;
  • \r\n

  • консорциумдар;
  • \r\n

  • акционерлік қоғамдар.
  • \r\n

\r\nМемлекеттік жіне қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.\r\n\r\nКәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және әрі қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір – бірінен айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтык ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процессті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:\r\n

    \r\n

  • азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
  • \r\n

  • ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
  • \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Кәсіпкерліктің түрлері Артықшылығы Олқылығы
1.Бір тұлғалы жекелеген шаруашылықтар Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызмет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі. Қызметінің құпиялылығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максималды мүделілігі. Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс- әрекеттің біріктірілу қажеттілігі.
\r\n

    \r\n

  1. Серіктестіктер
  2. \r\n

\r\n

Басқару бойынша міндеттерді бөлу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс- әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі  шектеулілігі. Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік- психологиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы.
\r\n

    \r\n

  1. Акционерлік қоғамдар
  2. \r\n

\r\n

Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі. Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі. Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҰжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайдалық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:\r\n

    \r\n

  • акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
  • \r\n

  • мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құралады;
  • \r\n

  • құрылтайшылар мүлкінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтары да енеді.
  • \r\n

\r\n  Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлік дамыту туралы», «Жеке кәсіпкелік қолдау мен қорғау туралы» республика заңдарында кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.\r\n\r\n   Қазіргі кезде экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКәсіпкерлік қызметті белгісіне қарай нысаны мен түріне классифакациялау\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Ұйымдық – құқықтық нысаны бойынша Шаруашылық қызметінің сипатына қарай Салалық қызметі бойынша Меншік нысаны бойынша
Картелдер\r\n\r\nСиндикаттар (консорциумдар)\r\n\r\nТрестер\r\n\r\nКонцерндер\r\n\r\nКонцерн- конгломераттар\r\n\r\nХолдинг- компаниялар\r\n\r\nАкционерлік қоғамдар (корпорациялар)\r\n\r\nКооперативтер\r\n\r\nСеріктестіктер Өндірістік\r\n\r\nСаудалылық\r\n\r\nДелдалдық Банктік\r\n\r\nСақтандырулық\r\n\r\nИнвистициялық\r\n\r\nИнжинирингтік\r\n\r\nВенгурлік (тәуекелділік)\r\n\r\nКонсалтингтік\r\n\r\nАудиторлық\r\n\r\nТрастолдық Өнеркәсіп\r\n\r\nАуыл шаруашылығы\r\n\r\nСауда Байланыс\r\n\r\nКөлік\r\n\r\nҚаржы- несиелік\r\n\r\nМәдениет\r\n\r\nӨнер\r\n\r\nБілім\r\n\r\nҒылым\r\n\r\nДенсаулық сақтау\r\n\r\nТұрғын үй шаруашылық Мемлекеттік\r\n\r\nҚазыналық\r\n\r\nҰжымдық\r\n\r\nЖалгерлік\r\n\r\nКооперативтік\r\n\r\nАкционерлік\r\n\r\nЖекелеген\r\n\r\nАралас (біріккен)\r\n\r\nМемлекеттік кооперативтік пен бірге\r\n\r\nҰжымдық жекемен бірге\r\n\r\nМемлекет аралық (біріккен кәсіпорын)

\r\nБір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзіндеолардың саны 7 млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.  \r\n\r\n         Нарықтық теория мен практикадағы  мәнінің зор екендігіне қарамастан таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым – экономистерінің нарық жайлы пікірі біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп өтейік:\r\n\r\n     «Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай қндірістік өатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым»\r\n\r\n    «Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы».\r\n\r\n     Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді». \r\n\r\nОсы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушы жатқызылады.\r\n\r\nНарықтың мәнін дәлірек Ю.Я. Ольсевич айтқан: «Нарықты әдеттегідей айналым саласына теңей салу»… «дұрыс емес, себебі, өндіріс, бөлу, тұтынудың тұла бойы «нарықтық таңбамен сызылған».\r\n\r\n   «Нарық — өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элементпен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде болады».\r\n\r\n Нарықтың атқаратын рөлі оның жалпы түрдегі қызметі арқылы ашыла түседі.\r\n\r\nНарықтың атқаратын қызметтері:\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

    \r\n

  • ұдайы өндіріс процессін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші;
  • \r\n

\r\n

   —  ұсынымнің көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделуі;
   — Экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арсын байланыстыратын буын;
   — экономиканің жағдайы туралы объективті ақпарат көзі;
   — тауар мен еңбектің қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал;
   — бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы суықтыру, санациялау, тазалау;
   — құрылымдық тұтыну, тұтынысынан (табыстың осы кездегі деңгейіне қарай) ыңғайлы рациональдіні таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету;
   — өндірістік шығындарды төмендетуге тауар өндірушілерді экономикалық ынталандыру және оларды өте қажетті қоғам аясына жұмсау;
   — тауар өндірушіні жоғары сапалы және жоғары еңбек өнімділігіне экономикалық тұрғыдан мәжбүр ету.

\r\nНарықтың өызметінің көп түрлілігінің ішінде ерекшксі реттеуші рөл атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процессін тиімді және үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші рөліін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сәйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші рөлін жоюға алып барады.\r\n\r\n  Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі  нарықтық экономиканың барометріне әрі айнасына айналды. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.\r\n\r\n   Нарықтық механизм «санациялық» (сауықтыру) қызметті де атқарады.Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз бірыңғай шаруашылықтан тазалап, үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.\r\n\r\n   Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауарлардың 50-70% солардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын (фирма) қызметі монополияланған саналады. Сондықтан нарықтан ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтың қатынастардың табиғи күй-жайы.Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен айналысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, өндіріске белсене кіріседі.\r\n\r\n  Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық мақызын мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.\r\n\r\nҚазақстандағы нарықтың дамуы тарихы \r\n\r\nНарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық –феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Менің бұл пікіріме әркім күмәнін, өз пікірлерін айта жатар.\r\n\r\n         Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты: Өндіріс құрал-жалдықтарына жекеменшік .Ал Қазақстанда  өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды,Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес , сонымен бірге  оның негізгі құралы да болды.\r\n\r\n         Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті.          Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне жағдай жасады.Шындығында айырбас, сауда  қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды.Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.Академик С.Бәйішевтің мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау,әсіресе  XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған,оның едәуір  бөлігі айырбас , шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.\r\n\r\n         Өздеріңізге белгілі, қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды,егіншілікпен жеткілікті көлемде айналыспаған деген жалған тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді.Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік , оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын.Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну ғана емес , басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған.Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды.\r\n\r\n         Сонымен бірге нарықтық қатынастардың  қалыптасуына белгі бір дәрежеде дамыған қолөнер  кәсібі де,өнеркәсіп те әсер Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқылды,терінен былған иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті,киіз бастыкілем тоқыды.Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін , ретінде де шығарылатын болды.\r\n\r\n         Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылық ыдырауына ,капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алматы.Оның негізгі себептерінің бірі – Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта қалғандығы еді .\r\n\r\n         Қазірге тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр.Негізгі стратегиялық мақсат-демократияны дамыту,меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болыптабылады.\r\n\r\n         Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеу жүзінде жинақталған бай тәжірибиесін қолдану қажеттігі тұр.Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды және олай болуға тиісте емес.\r\n\r\n    Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы\r\n\r\n  Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма және үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды. Мұның өзі кестелік түрде көрсетілген.\r\n\r\n               Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілік) ресурстарды өткере (өткізу)отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады.Соңғылары тауар өндірісіне қажетті сұраным ресурстарын талап етеді.Сұраным мен ұсыныстың өзара әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді.Үй шаруашылығы тұтыным нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.\r\n\r\nҮй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды(қор) және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.\r\n\r\n  Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты (өткруден түскен табыс) ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвистицияны жүзеге асырады және т.б.\r\n\r\n   Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке кәдімгідей әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметін жүзеге асырып, экономиканы әр деңгейде – жалпы мемлекеттен аймаққа дейін – реттеп отырады.\r\n\r\n   Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады.\r\n\r\nҮкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнет ақы, табыс азарға көмек ақы, жұмыссыздарға көмек ақы) төлейді. Құқықтық негізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыт үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып теңгеріледі. Түпкі есепте (нәтижеде) өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығымен табысы көрсетіледі.\r\n\r\n   НАРЫҚТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Аукциондар Консультациялық – делдалдық фирмалар
Биржа мен брокерлік конторлар Бизнестің коммерциялық орталықтары
Банктер Сақтандыру және аудиторлық компаниялар
Коммерциялық орталықтар және компаниялар Жарнамалық – ақпараттық қызметтер
Мемлекеттік резервтік және сақтандыру қорлары Складтық, элеваторлық, тоңазтқыштық және транспорттық шаруашылық
Баға мен стандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция Сауда үйлері
Мемлекеттік салық инспекциясы Маркетингтік зерттеу орталықтары
Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы Көтерме сауда орталықтары
Құқық қорғау органдары Кадрларды дайындау орталықтары
Лизингтік компаниялар Жәрмеңкелер
Кеден қызметтері Өндірушілердің әртүрлі ассоциациясы
Тұтынушыны қорғайтын қоғам Және басқалар

\r\nНарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бңрң болып инфрақұрылым жатады.\r\n\r\n  Инфрақұрылым – бұл институттар(ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасынарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып өызмет көрсетеді.\r\n\r\n  Нарықтың инфрақұрылымының элементіне – тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б. жатады.\r\n\r\n  Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық инфрақұрылым негізгі элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Құрылған объектілер қалыпты экономикалық рыноктық қызметті қамтамасыз етуге тиіс. Оларға:\r\n

    \r\n

  • топтасқан тауарларды көтерме сауда жасау үшін сауда биржасы;
  • \r\n

  • Бағалы қағаздарды саудалау үшін қор биржасы;
  • \r\n

  • өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын сату үшін коммерциялық көтерме сауда кәсіпорындары;
  • \r\n

  • акционерлік кәсіпорын мен бірлестіктер №қаржысына құралған қоймалар, элеватор, тоңазытқыш, транспорт шаруашылықтары;
  • \r\n

  • коммерциялық банктердің коммерциялық несиелер арқылы қызмет жасауы, ол несиелер құрылтайшы-кәсіпорын пай жарнасынан немесе акцианерлік негізде құрылуы керек;
  • \r\n

  • коммерциялық ақпараттық орталықтар және кәсіпорындағы маркетингтік бөлімдер. Нарық коньюктурасы мен сұранымды зерттеу орталықтары;
  • \r\n

  • жарнамалық сипаттағы қызмет үшін құрылтайшылар;
  • \r\n

  • сервистік, ремонттық, консультациялық, банктік және құқықтық қызметтер жүйесі жатады.
  • \r\n

\r\n2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері\r\n\r\nНарықтық қатынастардың Қазақстан Республикасындағы қалыптасуының ерекшелігі көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі: ұлттық , әлеуметтік-демографиялық, ғылыми-тех\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ