Физика: Атом ядросының байланыс энергиясы

0
5379

Атом ядросының байланыс энергиясы

Ядролық күштер өте үлкен, бірақ өте аз ара қашықтықта әсер етеді (әсер аз аралықта білінеді).
Байланыс энергиясы ‒ ядроны жеке нуклондарға ыдыратуға қажетті энергия (немесе нуклондардан ядро түзілгенде бөлінетін энергия).

Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектер және гамма кванттармен өзара әсерлесу кезінде болатын түрленулер ядролық реакциялар деп аталады.

Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және ракциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымын ядролық реакцияның энергетикалық шығуы деп атайды.

Тізбекті ядролық реакция деп белгілі ядролық реакция келесі дәл сондай реакцияны туғызатын процесті айтады.

Нейтрондық көбейту коэффициенті (k) деп нейтрондардың кезкелген «буынындағы» санының алдынғы «буынындағы» санына қатынасын айтады. k=1 болса нейтрондар саны уақыт өтуімен өзгермей, реакция бірқалыпты өтеді, k>1 болса реакцияның қарқыны тез өсіп, ядролық қопарылыс болады, k<1 болғанда нейтронның саны уақытқа байланысты азайып тізбекті реакция тоқтап қалады.

Реакцияның жүру ықтималдығын арттыру үшін шапшаң нейтрондардың жылдамдығын кеміту үшін баяулатқыштар (кәдімгі су, ауыр су (H3O) және графит) деп аталатын заттар қолданылады.

Өте жоғары температурада жеңіл ядролардың бірігіп ауырлау ядроны түзу реакциясын — термоядролық реакция деп атайды.

Мысалы, сутегінің изотоптары дейтерий мен тритий ядроларының бірігу ракциясында гелий атомының ядросы түзіледі және 17,6 МэВ энергия бөлінеді.

ҰБТ — Кешенді тестте кездесетін конспектегі сұрақтар.

Дененің толық энергиясы ∆Е=27 Дж-ға артты. Дене массасының өзгерісі (с=3·108 м/с)

Квант энергиясы электронның тыныштық энергиясына тең, электромагниттік сәуле шығарудың толқын ұзындығы (h=6,62·10-34Дж·с, me=9,1·10-31кг, с=3·108 м/с)

Электронның тыныштық энергиясы (me=9,1·10-31кг, с=3·108м/с)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ