Қазақ тілі: ҰБТ және КТА кешенді тестінде келетін деректер,сұрақтар және жауаптар

0
2414

Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай; күн-делікті, күнде-лікті, күнделік-ті, т.б. Санаулы сөздер дауысты дыбыстан басталып тасымалданады. Мысалы, ау-ыл, бу-ын, қи-ыр, жи-ын, т.б.

Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:

1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т.б.

2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т.б.

3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А.Құнанбаев, М.Әуезов, С.Торайғыров, Г.Дулатова, т.б.

4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11-сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,
70 км, 52 кг, 120 г, т.б.

5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т.б.

Сөз ішіндегі бір сөздің, бір буынның, бір дыбыстың көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі.

Екпін 1) сөз екпіні, 2) ой екпіні, 3) тіркес екпіні, 4) дыбыс екпіні болып бөлінеді.

Сөз екпіні – екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы. Көктем таңының мұншалық сұлулығын бұрын байқамапты.

Ой екпіні – сөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Мысалы, Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Ертең Астанадан Тілектің әкесі келеді. Тілектің әкесі Астанадан ертең келеді.

Бірнеше сөздің тізбектеліп келіп бір ғана екпінге ие болуы тіркес екпіні деп аталады. Мысалы, ар-ұждан, ұзын бойлы, үнсіз қалды, қоңыр ала, төбе шашы тік тұрды, құлақ қой, т.б.

Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп, созып айту дыбыс екпіні деп аталады.

Дыбыс екпіні қуанышты көңіл күйді білдіргенде дауысты дыбысқа түседі: тама-ша-а, жара-а-йсың, т.б. Ренжу, қынжылу сезімін білдіргенде дауыссыз дыбысқа түседі: отыр-р-р, тоқт-тат, ж-жап есікті, т.б.

Дыбыс екпіні қалай жасалатынын көрсетіңіз.
Дұрыс тасымалданбаған сөзді көрсетіңіз.
Дұрыс тасымалданбаған сөзді көрсетіңіз.
Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз.
Екпін түспейтін жалғауды көрсетіңіз.
Екпін түспейтін жалғауы бар сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
Екпін түспейтін қосымша түрін көрсетіңіз.
Екпін түспейтін қосымшасы бар сөзді көрсетіңіз.
Екпін түспейтін қосымшасы бар сөйлемді көрсетіңіз.
Екпіннің анықтамасын табыңыз.
Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Сөйлемдегі ой екпіні түсетін сөзді көрсетіңіз.
Тіркес екпіні түсетін күрделі сөзді табыңыз.
Тасымал қалай жасалатынын көрсетіңіз.
Тасымалданбайтын күрделі сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.
Тасымалданбайтын сөз қатарын көрсетіңіз.
Тасымалданбайтын сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
Тасымалданбайтын сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
Тасымалдауға болатын сөз қатарын белгілеңіз.
Тасымалдауға болмайтын қатарды көрсетіңіз.
Төрт рет тасымалданатын бес буынды сөзді көрсетіңіз.
Қазақ тілінде екпін сөздің қай буынына түсетінін табыңыз.
Қай буынға екпін түсетінін табыңыз. Бүлдіршіндерге
Қай сөзге тіркес екпіні түсетінін көрсетіңіз.
Қандай етістіктің жұрнағына екпін түспейтінін табыңыз.
Құрылысшылар сөзіндегі екпін түсетін буынды көрсетіңіз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ