Мақсаты:
- Пәндік тақырыптарды пысықтау;
- Баланың білімін тереңдету арқылы жан-жақты дамуына ықпал ету, жеке қабілеттерін дамыту;
- Білуге, білімге құштарлығын арттыру;
- Ойын ашық айтуға, дәйекті сөйлеуге жетелеу;
- Баланы дарындылыққа, лидерлікке баулу.
I-кезең. Қас-қағым сәт!
/Қас-қағым сәтте берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Әр-бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.Егер бірінші жауап дұрыс болмаса, келесі сұрақ оқылады және ұпай берілмейді. Ойынға сегіз сайыскер қатысады./
- Күш бірлігі. (Ньютон).
- Вольтметрмен не өлшенеді? (Кернеу).
- Жердің табиғи серігі. (Ай).
- Радионы ойлап тапқан Кронштад офицері.(Попов).
- Дене қызуын сиппатайтын шама. (Температура)
- «Эврика» деп қуанышты дауыспен маңызды жаңалықты ашқан ғалым. (Архимед).
- Жылдамдық өзгерісін сиппатайтын шама. (Үдеу).
- Жұмыстың белгіленуі. (А)
- Ең үлкен планета. (Юпитер).
- Бірінші ғарыштық жылдамдықтың мәні. (8 км/сек).
- Бізге ең жақын жұлдыз. (Күн).
- Физика тарихына енген ғалым, ағылшын ботанигі? (Броун).
- Қуаттың өлшем бірлігі? (Ватт).
- Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу. (Қаныққан бу)
- Молекулалар арасындағы өзара әсерлесуі елеусіз аз болатын газ? (идеал газ)
- Денеге басқа дене әсер етпесе өз жылдамдығын сақтау құбылысы? (инерция)
II- кезең. Жекпе-жек!
/Әр ойыншыға жеке сұрақ қойылады, дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі./
- Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме? (Өзгермейді)
- Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі. (Орын ауыстыру)
- Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)
- Қандай денеде конвекция болмайды (қатты дене, вакуум)
- Күннің көзі неше рет шығады? (365)
- Дүниежүзінде ең көп тараған сұйық (су)
- Электрон грек тілінде қай сөзден шыққан? (янтарь)
- Мұзда тайғанамау үшін не себеді? (Тұз, құм).
/Екі кезеңнен кейін ұпайлары ең аз үш сайыскер ойыннан шығады./
III- кезең. Полиглот.
/Ойынға бес сайыскер қатысады. Ойыншыларға жұмбақтар жасырынады, егер жауабы дұрыс болса 10 ұпай және аудармасын орыс, ағылшын тілдерінде айтылса бес-бес ұпайлардан қосылады./
- Көк жиектi көмкерiп,
Шатыр жайдым кең көрiп. Жауабы: аспан – небо- sky - Әдемi түнде мен жүрсем ,
Жүредi бiрге менімен.
Жауабы: ай – луна — moon - Суда қалқиды, отқа балқиды. Жауабы: мұз – лёд – ice
- Сылдыр сұйық, су емес ,
Iшсең шөлiң қанады. Ақ болса да, қар емес. Шешуiн кiм табады ?
Жауабы: сүт – молоко — milk - Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамын күн сайын жарық үшін. Жауабы:Электр тогы – ток -energy. - Шетін көргенмен, Қусаң жете алмайсың.
Жауабы:Көкжиек – горизонт -horizon - Күннен де күшті, желден әлсіз, аяғы жоқ жүреді, көзі жоқ, жылайды? Жауабы:Бұлт – облако — cloud
- Жерде жатады: бояй алмайсың, құлата алмайсың, баса алмайсың. Жауабы:Көлеңке- тень -shade .
- Бар-жоғын оның білмейсің, онсыз өмір сүрмейсің. Жауабы: Ауа – воздух —air.
- Мамықтай ұлпа, қанттай аппақ, Қыста жер бетін басады. Жазда сайға қарай қашады. Жауабы: Қар — снег — snow.
- Жай көзге көрінбейді, Қозғалуға ерінбейді. Жауабы: (Молекула — молекула — molecule).
- Хабар алған алыстан, екі өріс табысқан. Жауабы: (Электромагниттік өріс — электромагнитное поле — electromagnetic field(margin
/Үшінші кезеңнен кейін ұпайлары ең аз екі сайыскер ойыннан шығады./
IV- кезең. Қазақтың мақал-мәтелдері және Физика.
/Ойынға үш сайыскер қатысады.Қазақтың мақал-мәтелдерінің мағынасын физика жағынан түсіндіру. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. /
- Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. (Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.)
- Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды. (Қыста үйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.)
- Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды. (инерция заңы)
- Нан піскенше күлше күйеді. (Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.)
- Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен. (Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді. )
- Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (диффузия құбылысы)
/Төртінші кезеңнен кейін ұпайлары ең аз бір сайыскер ойыннан шығады./
V- кезең. «Кім көшбасшы?»
/Ойынға екі сайыскер қатысады.Төрт кезеңнен жиналған ұпайлары нөлмен теңестіріледі, осы кезеңде екі ойыншының қайсысы артық ұпай жинайды, сол ойынның көшбасшысы болып есептеленеді./
- Физиканың атасы кiм? 100 ұпай
- А) Армстронг
- Ә) Аристотель
- Б) Әл-Фараби
- Жауабы: Аристотель
- Қозғалыссыздық, әрекетсiздiк қай сөздiң мағынасы? 100 ұпай
- А) диффузия
- Ә) броун
- Б) инерция
- Жауабы: Инерция
- Атмосфералық қысымды өлшейтін альтиметр деген құралмен теңіз астының қысымын өлшей ме,әлде тау биігінің қысымын өлшей ме? (тау биігінің) 200 ұпай
- Ағаштардың қайсысы орнықты тепе-теңдік қалыпта бола алады шырша немесе емен? (Емен.) 200 ұпай
- Ежелгі грек астрономы ІІ ғасырда теңізде жүзушілердің орнын анықтау үшін географиялық координаттарды қолданған. Ол кім деп ойлайсың? (Клавдий Птоломей)300 ұпай
- Герон патша : Архимедке мынадай тапсырма беріпті: «Менің патшалығым басқа патшалықтан асып түсуі үшін сарайдың ортасында фонтан атып тұрсын. Сарай сол фонтанның астында су тимейтіндей болсын», деген екен. Архимед іске кірісіп, сарайды сала бастайды. Бәрін бітіріп, фонтанды іске қосқанда фонтан көтерілмей қалған. Архимедтің жіберген қателігі неде? (Ол кезде атмосфералық қысым белгісіз еді) 300 ұпай
Қорытынды. Әділқазылар алқасы. Марапаттау.
Дереккөз: tak-to-ent.net
Басқа материалдар: