Ұлытау мен Қаратау туралы ақпарат

0
2542

Ұлытау — Қарағанды облысының аумағында орналасқан аласа тау. Ең биік жері — Әулие Ақмешіт.

Ол — Қазақстандағы ескі таулардың бірі. Шамамен 410-440 млн. жыл бұрын пайда болған. Сол кездері биік таулардың қатарына жатқан. Уақыт өте сыртқы пішіні өзгеріп, біршама аласарды. Нәтижесінде тау ішінде бірнеше кішігірім ойыстар мен үңгірлер пайда болды.

Етегінде көктерек, аққайың өсетін орман кездеседі. Олар көктемгі еріген қармен, жазды күндері жер асты суларымен толсады. Тау іші мен өзен жағалауларында сабаншы, қосаяқ, шұбар күзен, құлан, арқар сияқты жануарлар мекендейді.

Олар көктемгі еріген қармен, жазды күндері жер асты суларымен толысадыү Тау іші мен өзен жағалауларында сабаншы, қосаяқ, шұбар күзен, құлан, арқар сияқты жануарлар мекендейді. Бұталы өсімдіктер өседі.

Ұлытауда көне қалалардың орындары кездеседі. Бұл-қазақ хандары мен билерінің бас қосқан жері, батырларының Ордасы. Аты әлемге әйгілі Ақсақ Темір әскерімен Ұлытау маңында бірнеше күн аялдап, демалып, аттарын суытқан. Алтыншоқы төбесінде үлкен қазаншұңқыр қаздырған. От жағып, тас балқытып, 200 мың әскермен келгендігі туралы таңба қалдырған. Бұл таңбаны алғаш белгілі қазақ ғалымы, геолог Қ.И.Сатбаев тапқан. Ол Ұлытаудың етегіненжез, темір кен орындарын да ашты.

Қаратау тауы. Қазақ жерінде Қаратау атты таулар бірнешеу. Ең көлемдісі — Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының орталығындағы орташа тау.  Алыстан қарайып көрінетіндіктен Қаратау деп аталған. Ең биік жері — Мыңжылқыдағы Бессаз шыңы. Өзендерге, көлдерге тапшы. Негізгі өзендері — Бөген және Арыс салалары. Олар көктемгі еріген қар суымен молаяды. Таудың төбесі тегіс, көбінесе мал жайылады.

Бөген өзенінің жоғары жағындағы сайда «Әулие» деп аталатын үңгір бар.  Үңгір миллиондаған жылдар бұрын пайда болған. Тереңдігі — 30 метр, қызындығы — 150 метр. Үңгірдің топырағы тыңайтқыштарға бай. Ертеде құстардың мекені болған.

Қаратаудың тарихта алатын орны ерекше. XVII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарларға қарсы бірігіп соғысу үшін қазақтың үш жүзінің билері Қаратаудың Ордабасы төбесінде кездесіп, келіссөз жүргізген. Сол жерде билерге арналып ескерткіш қойылды. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының басынан өткізген қасіретті «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1725) жылдары халық өлеңі «Елім-ай» осы Қаратау жерінде туған.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Алатау мен Алтай тауы

  2. Ұлытау аймағы туралы қызықты мәліметтер

  3. Қызылқұм өңірі туралы мәлімет

  4. Сыр бойы туралы ақпарат

  5. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  6. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  7. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  8. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ