Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

0
1922

Жетісу — тарихи-географиялық аймақ. Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.

Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атауын құрайтын жеті өзен туралы түрлі пікірлер айтылған. Олар: Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендері.

Кейбір тарихи әдебиеттерде Жетісуға Шу және Талас алабы мен Қырғызстандағы Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырапты да жатқызады.

Жетісу солтүстіктен оңтүстікке 900 км-ге, ал батыстаншығысқа 800 км-ге созылған үлкен аумақты қамтиды. Шығысы мен оңтүстігін биік таулар алып жатса, бастысы мен солтүстігі — шөлге ұласатын қыратты жазық.

Бұл өлкеде суармалы егін шарушылығы, жайылымдық мал шаруышылығы ертеден-ақ дамыған.

Жетісудың оңтүстік — шығыс бөлігінің тау бөктерлерінде ауа райы ылғалды, қоңыр салқын, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын көптеген тау өзендері бар.Жеміс ағаштары, жапырақты орман өседі.

Ал жоғарыда шыршалы ормандар кездеседі. Міне, осындай қолайлы табиғи жағдайлар Жетісуды ертедегі мәдениет ошақтарының біріне айналдырған.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  2. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  3. Көксерке мен қортпа балығы

  4. Алабұға және сазан балығы

  5. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  6. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  7. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ