Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

0
10802

Сарыарқа, Арқа — Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін алып жатқан аймақ. Қарағанды, Ақмола облыстарын толығымен, Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігін, Павлодар, Қостанай облыстарының біраз жерін қамтиды.

«Сарыарқа» атауының мағынасы «ұлан-байтақ қыратты» жазық дала дегенді блдіреді. Сарыарқаның жер бедері аласа оқшау таулар, төбелер, қырқалар мен шоқырлардан тұрады.

Сарыарқаның ең ірі өзендері — Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Аягөз. Орталық Қазақстанның елді мекендері мен өндіріс орындарын сумен жабдықтау және жер суаруға пайдалану үшін Ертіс-Қарағанды каналы жүргізілген.

Ең ірі көлі — Қорғалжың ойысындағы Теңіз көлі. Көкшетау, Нияз, Баянаула, Қарқаралы тауларында қайыңды-қарағайлы орман өседі. 

Сарыарқаның далалы жерлерінде жыртқыштардан: қасқыр, түлкі, қарсақ, дала күзені кездеседі. Құстардан — бозтоғай, тырна, құтан, әупілдек, су құстарынан — үйрек, сұр қаз, аққу, қоқиқаз мекендейді. Қарағайлы — қайыңды ормандарында бұлан, елік, т.б, Ерментау, Қарқаралы, қызыларай, Ұлытау тауларында арқар кездеседі.

Сарыарқаның қойнауында кен байлықтары мол: хром, никель, титан, мыс, қорғасын, алтын, күміс, темір, марганец, қалайы кендері шоғырланған.

Сарыарқаның табиғатын қорғау мақсатында Баянаула, Көкшетау, Қарқаралы ұлттық табиғи саябақтары, Қорғалжың қорығы және басқа да кішігірім қорықшалар ұйымдастырылған.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  2. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  3. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  4. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  5. Көксерке мен қортпа балығы

  6. Алабұға және сазан балығы

  7. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет


ПІКІР ҚАЛДЫРУ