Көксерке мен қортпа балығы

0
1089
Freepik.com

Көксерке. Республикамыздың көптеген өзендері мен көлдерінде бағалы балықтар да кездеседі. Соның бірі — көксерке. Оның еті дәмді, салмағы 6-10 кг-дейін, ұзындығы 40 см-ге дейін жетеді. Кейде одан да ұзын. Көксеркенің кейбір қимыл-қылықтары шортанға ұқсайды: балықтарды қуып жүріп те аулайды. Көксерке жаз айларында бақа және бунақденелілердің дернәсілдерімен, құрттармен қоректенеді.

Көксерке жылы суда тіршілік етеді. Ол суда оттегі жеткіліксіз болса, өмір сүре алмайды. Уылдырық шашу мерзімі: сәуір-мамыр айлары. Уылдырықтарын су жағасына таяу жерге салады. Уылдырықты көксеркенің еркегі қамқорлыққа алады. Көксерке жыртқыш балық болса да, оның шабақтарына алабұға, шортан өш болады.

Қортпа. Бұл балық бекіре тұқымдастарының ішіндегі өте ірісі. Қортпаның ұзындығы 4 м-ден астам, салмағы 1-1,5 тоннаға дейін барады. Бірақ Каспий теңізінде аулағанда қолға түсетіні 46-64 келі. Терісі сауыт секілді болып келеді. Денесін өзге балықтардыкындей қабыршақ емес, ұсақ-ұсақ мықты мүйізделген сүйектер қаптап тұрады.

Уылдырық шашу үшін қортпа өзенге өтеді. Ол көбіне Орал өзеніне уылдырық шашады. Бұл өзенге қортпалар жылына көктемде және күзде екі рет келеді.

Жағалық алқапта және ашық теңізде қортпа судың жоғары қабатында, 50 метрдей тереңдікте жүреді, ал басқа тұқымдас балықтар судың төменгі қабатында , түбіне таяу жерде болады. Ол ұсақ балықтармен, ұлулармен, шаян тәрізділермен қоректенеді.  Қортпа — ұзақ жасайтын, жыртқыш балық. Олардың 100 жыл жасайтындары да болады. Оның еті дәмді, әсіресе, уылдырығы өте бағалы.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1.  Алабұға және сазан балығы
  2. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  3. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  4. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  5. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет
  6. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

  7. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен
  8. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары

  9. Биология пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен


ПІКІР ҚАЛДЫРУ