Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

0
1687
Freepik.com

Үштүсті шегіргүл — шегіргүл тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік.

Сабағы тік, жапырағының пішіні әртүрлі. Гүлі көз қызығарлық өте әдемі. Бір гүлдің өзі бірнеше түске боялып тұрады. Жоғарғы екі күлте жапырағы қара қошқыл, екі бүйіріндегі күлте жапырағы көгілдір, ал төменгі күлте жапырағы ақ түсті болып келеді.

Күлтелердің біріккен жері сап-сары сақина тәрізді. Оның дәл ортасында қызғылт сары аталық гүлі желбіреп тұрады. Бұл өсімдік, негізінен, көбелектер арқылы тозаңданады. Халық медицинасында өсімдік қайнатындысы мен тұнбасын сары ауруды, ұшықты, қышыма, қотырды және түрлі тері ауруларын емдеуге қолданады.

Күймесгүл — көпжылдық, өте улы өсімдік. Бұтақты сабағын қалың түк басқан.

Гүлі күлгін қызғылт түсті. Жағымсыз иісі болғандықтан, мал да жемейді. Ұлпасынан қатты күйдіргіш зат бөлінеді. Жаңбырлы күндері гүлін бқтағымен жұлып алса, денеге тиген жерін күйдіріп жібереді. Орны қара дақ болып, көпке дейін кетпейді. Егер өсімдікті өртесе, жанып біткен кезде ешқандай өзгеріс болмағанын көреміз. Себебі отқа лап етіп жанатын — эфир майы бар. осы қасиетіне байланыс өсімдік күймесгүл атанған.

Атпақияр — асқабақ тұқымдасына жататын өсімдік. Ол көбіне егіс алқаптарында кездеседі.

Жуан боп келген тамыры жақсы жетілген. Сабағы қатты әрі ұзын. Жапырақтары қатпарланған жүрек тәрізді. Гүлдері ақ, сары түсті. Жасыл әрі ұзын келген жемісі кәдімгі ас қиярына ұқсайды. Айырмашылығы — мөлшері кішілеу, сыртын қалың түк басқан. Егер піскен жемісіне бір нәрсе тиіп кетсе, жемісінің түп жағынан жабысқақ кілегей сияқты сұйық зат бөлінеді. Осы кезде ол өзімен бірге тұқымын 6 және 12 метр аралығындағы қашықтыққа шашыратады.

Өсімдіктің атауы осыған байланысты қойылған. Атпақиярдың  бұл ерекшелігі өсімдік тұқымының тез таралуына мүмкіндік береді. Атпақиярдың жемісі мен шөбін мал сүйсініп жейді. Оның құрамындағы шырынның емдік қасиеті де бар.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет
  2. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі
  3. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен

  4. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары

  5. Биология пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен


ПІКІР ҚАЛДЫРУ