Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

0
2555
Freepik.com

Қамыс — қияқ тұқымдасына жататын ең көп тараған өсімдік. Суда, ылғалды жерлерде өседі.

Негізінен, 250-ден астам түрі белгілі, ал Қазақстанда оның 14 түрі бар. Ең жиі кездесетіні — көл қамысы немесе қоға. Оның биіктігі — 2,5 м-дей. Төсемелі тамыры тереңге жайылып өседі.

Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағында сақтайды да, «үнемдеп» пайдаланады. Осы қасиетіне байланысты қамыстың тамыры қандай тереңге кетсе де, тіршілігін жоймайды. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартады.

Қамыстың сабағынан түрлі тоқыма бұйымдарын, жылу ұстағыш құрылыс материалдарын дайындайды. Кейбір тропиктік елдерде өздері тұратын баспана және жүзіп жүретін «аралдар» тоқиды. Осы «аралдарға» тіпті картоп егеді. Дәрілік өсімдік санап, тамырын тағам ретінде де пайдаланады.

Ақ тұңғиық — көпжылдық су өсімдігі.
Тамыр мен сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Гүлі кешке жабылып, күн шыққанда ашылады. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады.

Онда көзге көрінбейтін саңылаулар бар. Сол арқылы ауа сыртқа тарап, желдің әсерінен тұқым су бетіне түседі. Ал келесі жылы жаңа өсімдік өсіп шығады. Тамыры мен тұқымын су құстары, ондатр, кәмшат, жұпартышқан қорек етеді. Ақ тұңғиықты бау-бақша, саябақтарды көгалдандыру үшін де өсіреді. Егер су температурасы құрлықтағыдан төмен болса, олар өзен бойындағы құрғақ жерлерде де өсе береді. Ақ тұңғиық  — сирек кездесетін, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдік.

Мысырда ежелден ақ тұңғиық гүліне табынған. Себебі оның әр гүлінен күн сайын күн Құдайы — Ра туады деп сенген.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен

  2. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары

  3. Биология пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен


ПІКІР ҚАЛДЫРУ