Асыл тастар және оның түрлері

0
4420
Freepik.com

Дүниеде тау жыныстары пайдалылығына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оларды жалпы атпен кен байлықтары немесе қазба байлықтары дейді.

Ал минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар мен зергерлік әшекей заттар жасауға арналған ерекше тобын «Асыл тастар» деп бөледі. Оларға пішіні өрнекті келген, түс бояулары қанық, мөлдір әрі жарық сәулесін сындырып, түрліше құбылтып шашырата алатындай оптикалық қасиеті бар көптеген минералдар жатады. Мұндай тастардан жасалған бұйымдар атадан балаға мұра болып қалып отырады.

Асыл тастар құндылығына байланысты зергерлік, зергерлік — әшекейлік жәнеп әшекейлік болып 3 топқа бөлінеді.

Қазақстанда асыл тастардың көп түрі кезедеседі. Олардың ішіндегі ерекшелері: Делбегетейдің зүміреті (Шығыс Қазақстан), Сарыкөлболдының хризопразы (Орталық Қазақстан), Итмұрынның жадеиті (Орталық Қазақстан), көптеген кен орындарын  түзетін түрлі- түсті ақық, тау хрусталі, малахит, бирюза, т.б. Сондай-ақ, әшекейлік тастардың түр-түрлері Қазақстанның барлық аймағында кеңінен таралған. Қазіргі кездежоғары температура мен қысымда жасанды жолмен алмас, лағыл, сапфир, шпинель, көк шпинель, мөлдір александрит, зүмірет, т.б алынады.

Тау хрусталі — кварц түріне жататын зергерлік асыл тас. Ол түссіз, мөлдір, кейде солғын, сарғылт болып келеді. Призма тәріздес үлкен жеке кристалдар құрайды. Олар гранит немесе  кварцты тау жыныстарының қуыстарына жиналады. Тау хрусталін электротехникада, радиотехникада қолданады. Елімізде тау хрусталі Сарырқа тауларында жиі кезедеседі.

Зүмірет, зүбәржат немесе замартасжасыл түсті мөлдір минерал. Ол ұзынша баған тәрізді болып түзіледі. Әдетте, жеке кристалл түрінде кездеседі. Ең ірі кристалл Бразилияда 1974 жылы табылған. Оның салмағы 28,2 кг болды. Табиғатта кристалінің ірілігі 0,5*3 сантиметрден 34*45 сантиметрге дейін болады. Ал салмағы 5-30 каратка (1 карат 2 грамға тең)  дейін жетеді. Соңғы жылдары зүміртті жасанды түрде ала бастады. Елімізде Қу (Қарқаралы таулары) және Делбегетей тауларында кездеседі.

Ақық немесе халцедон — құрлымы талшық тәрізді жасырын кристалды асыл минерал. Ол табиғатта іркінді кесек, бүйрек немесе жалбыр және жұмыр кесек түрінде кездеседі. Түсі шыны май, балауыз секілді жылтыр болады. Түсі құрамындағы темір, марганец, кобальт, никель, т.б қоспаларына байланысты. Мысалы, оның сердолик деп аталатын түрі сарғылт қызыл, қызыл, қою қызыл болса,  хризопраз түрі — жасыл, гелиотрон түрі — қызыл ақ жолақты, қою жасыл болып келеді. Ал сарзер түрі — қоңыр, қызыл қоңыр, сапфирин түрі — сұр, көгілдір сұр, плазма түрі — жасыл, кахалонг түрі — сүттей ақ болады. Ақық асыл тасы табиғатта тау жыныстарының қуыстары мен жарықшақтарында кезедседі. Қазақстанда Қаратауда (Жамбыл облысы) ірі кен орындары орналасқан.

Алмас — табиғаттағы ең қатты асыл тас. Крситалдары әртүрлі түрде кездеседі. Алмас біздің заманымыздан бұрын белгілі болған. ХІХ ғасындың 70-ші жылдарына дейін ол тек кен қайраңдарында өндіріліп келді. Табиғатта кезедсетін алмастың түйіршіктері , әдетте, 0,1-1,0 караттан кездеседі. Салмағы 100 караттан асатын ірі кристалл түрлері өте сирек кездеседі. Мысалы, 1905 жылы Оңтүстік Африкадан табылған дүние жүзіндегі ең ірі «Куллинан» деген алмастың салмағы 3106 карант (621,2 грамм) болған. Кейін одан әртүрлі пішінді 105 бриллиант (өңделген алмасты бриллиант деп атайды) алынды. Кейінгі жылдары алмасты жасанды түрде ала бастады.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

География пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Түсті металдар туралы ақпарат

  2. Қара металдар туралы түсінік

  3. Тау жыныстарының құрылымы

  4. Минералдар дегеніміз не?

  5. Мұнай және газ өндіру өнеркәсібі

  6. Жеті қат жер қазынасы. Қазба байлығы мен кен өндіру қызметі

  7. Географиялық зерттеулерде матрицалық әдісті қолданудың әдістемелік ерекшеліктері

  8. Теңіз бен мұхит географиясы туралы не білесіз? (Тест)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ