Мұнай және газ өндіру өнеркәсібі

0
1723

   Мұнай — Жер шарының шөгінді қабатында таралған жанғыш майлы сұйық зат. Түсі ашық қоңырдан қараға дейін өзгеретін мұнай жер бетінен 1,2-2,0 км-ден 5-15 км және одан да тереңде жатады. Ол газ тәрізді көмірсутектерімен бірге түзіліп, бірге жүреді. Сондықтан да оны мұнайлы — газды алып дейді. 

Мұнайды өндіру үшін бұрғылау мұнарасы орнатылады. Ол бұрғылау аспабынан, кен орнындағы қозғалтқыштардан, сондай-ақ жалғастырмалы құбырларды түсіруге және көтеруге арналған ұңғыма үстіне орнатылған көтергіш құралынан тұрады.

Мұнараның биіктігі 9 метрден 60 метрге дейін жетеді. Ол көбіне пирамида тәрізді келеді. Құбырлар арқылы мұнай ұңғымадан жоғары сору арқылы немесе әртүрлі реагенттер (ауа, газ) жіберу арқылы көтеріледі.

Табиғатта газдың да түрлері өте көп. Өндіру әдісі мұнайға ұқсас. Олар жанғыш және жанбайтын болып бөлінеді. Тұрмыста және өнеркәсіпте біз табиғи газдың метан, этан, пропан сияқты түрлерін пайдаланамыз.

  Жер жүзінде жыл сайын 4,5 млрд тонна мұнай және 3,5 трлн м куб газ өндіріледі. 

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

География пәні бойынша басқа да ақпараттар: 

  1. Жеті қат жер қазынасы. Қазба байлығы мен кен өндіру қызметі
  2. Географиялық зерттеулерде матрицалық әдісті қолданудың әдістемелік ерекшеліктері

  3. Теңіз бен мұхит географиясы туралы не білесіз? (Тест)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ