Абляция – мұздықтар мен қар жамылғысының еру, булану және механикалық бұзылудың әсерінен салмақтарының азаюы.
Аборигендер – Австралия материгінің байырғы халықтары.
Абрация – толқындардың теңіз, көл, су қоймалары жағалауын жуып-шаюы.
Абсолют биіктік (латынша абсолют – толық, сөзсіз) – мұхит деңгейінен есептелетін биіктік. Одан жоғары жатқан нүктелердің абсолют биіктігі – оң (+), төмен жатқан нүктелердікі – теріс (-) болады. Біздің елімізде абсолют биіктігі Балтық теңізі деңгейінен есептелінеді.
Абсолют максимум – көп жыл ішіндегі ең жоғарғы метеорологиялық көрсеткіш (температура, ылғалдық және т.б.).
Абсолюттік шақ – топырақ құралуынан кейін өткен уақыт.
Абсолюттік ылғалдылық – 1 м3 ауадағы болатын су буының мөлшері, оны әдетте, мм немесе мб есебімен көрсетеді.
Абсорбция – сұйық заттар мен газдардың топырақ түйіртпектері ішінде ұсталып тұруы.
Агломерат – көлемі мен пішіні әр түрлі тау жыныстарының және минералдардың жиынтық үйіндісі.
Агломерация – қалалық типтегі елді мекендердің шоғырлануы.
Агрономия – егін шаруашылығы туралы бір топ пәндерді қамтитын ауыл шаруашылық өндірісі негізін салатын ғылым.
Агротехника – ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіру технологиясы.
Агрохимия – ауыл шаруашылық дақылдардың түсімін арттыру үшін өсімдіктер қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштар т.б. химиялық заттарды пайдалану тиімділігін зерттейтін ғылым.
Ағынды желдер – Антарктида материгінің ені 600-800 км жағалық алабында соғатын тұрақты желдер.
Ағынды көл – өзен ағып шығатын көл.
Ағынсыз көл – ешбір өзен ағып шықпайтын көл.
Азимут (арабша ас-сумут – жол) – бақылаушының тұрған нүктесіндегі меридианның бағыты мен сол нүктеден белгілі бір затқа қарай жүргізілетін бағыттың арасында пайда болатын бұрыш. Сағат тілінің айналу ретімен 00 -тан 3600 -қа дейін есептеледі.
Азиялық немесе моңғол-сібірлік антициклон – қыс айларында Еуразия материгінің орталық бөлігінде тұрақты жоғары қысымды аймақ. Ол негізінде Монғолия территориясында қалыптасады.
Азор максимумы – орталығы Азор аралдары маңы болып келетін Солтүстік Атлантиканың субтропиктік және тропиктік ендіктеріндегі тұрақты жоғары атмосфералық қысымды аймақ.
Айсберг (голландша ейс – мұз, берг – тау) – мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүретін орасан зор мұз шоңғалы. Полярлық аймақтардан материктік мұздықтардың жылжып теңізге жеткен шеттерінің омырылып бөлінуінен пайда болады.
Акватория – мұхиттар, теңіздер, көлдер мен су қоймаларының беткі бөліктері.
Акклиматизация – тірі ағзалардың жаңа табиғи ортаға бейімделуі.
Аккумуляциялық процесс – су, жел, т.б. әсерінен әр түрлі бос жатқан минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың бір жерге жиналуы, үйілуі.
Акустика – дыбыс туралы ұғым.
Аққұм «әнші тау» – Іле өзенінің оң жақ жағасындағы биіктігі 100 метрден асатын үлкен құмтөбе.
Аласа таулар – биіктігі 400 м-ден 1000 м-ге дейінгі таулар.
Альбедо – жер беті бөліктерінің немесе аспанның шағылыстыру мүмкіндігі.
Алғашқы жазықтар – бұрын теңіз түбі болып, кейін көтерілудің нәтижесінде пайда болған жазықтар.
Алеут минимумы – орталығы Алеут аралдары маңы мен Тынық мұхиттың солтүстігіндегі көпжылдық төмен атмосфералық қысым аймағы.
Альпілік – мұздықпен өңделген тау жоталарының үшкір шыңды, беткейлітік, терең шатқалды болып келуі.
Альпілік белдеу – таудағы субальпілік және нивальдік (қарлы климат) аралығындағы ормансыз биіктік белдеу.
Альпі қатпарлығы – кайнозой эрасындағы тау түзілу кезеңі.
Альпілік тектогенез – жер қыртысының неоген дәуірінен осы ке зге дейін тауларды жаратушы қозғалысы.
Аллювий – тау жыныстарының үгінділері сумен ағып келіп,содан өзен бойында жиналған барпылдақ қатпарлы шөгінді жыныс.
Алмас – минерал, кристалдық көміртегі.
Андезит – орташа қышқыл темір мен магнийге бай эффузивтік тау жынысы.
Аномалия – жалпы құбылыс заңдылықтарынан ауытқу мөлшері.
Анемометр – желдің жылдамдығын есептейтін құрал.
Антарктикалық белдеу – оңтүстік полюс төңірегіндегі географиялық белдеу. Антарктида, материк маңындағы аралдар және мұхиттардың оңтүстік шеттері кіреді.
Антарктикалық шұрат – Антарктикалық жаз кезінде кейбір жағаға жақын биіктеу жерлердің беті қардан арылып, тез жылынып үлгеретін жерлер.
Антиклиналь – қатпарлы, шөгінді немесе эффузифтік тау жыныстарының жату формалары. Олар әдетте қатпарлары бұзылмай майысып көтерілген жерлер.
Антициклон – атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ. Антициклон орталығында қысым жоғары, шетіне қарай төмен болады.Антициклон аймағында жел солтүстік жарты шарда сағат тілінің қозғалу бағытымен, оңтүстік жарты шарда оған қарсы бағытта соғады.
Антропогенді әрекет – адамның ландшафтыны өзгерту әрекеті.
Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1,8 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.
Антропогенді ландшафт – адам әрекетінен түлеп қайта түзілген ландшафт.
Антропогенді табиғат кешені – адам әрекеті нәтижесінде күшті өзгеріске ұшыраған табиғат кешені.
Антропогенді фактор – ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті.
Антропсфера – адамзаттың мекендейтін жер қабаты немесе адамзаттың шаруашылық әрекеттерінің ықпалы тиетін жер қыртысына жақын ғарышқа дейінгі жер қабаты.
Аңғар – табаны ылдиланып келетін ұзынша ойыс. өзен және тау
аңғары болады.
Апогей – Ай орбитасының, жердің жасанды спутнигі, ғарыш кемелерінің жерден ең алыстаған нүктесі.
Арал – құрлықтың жан-жағынан сумен қоршалған шағын бөлігі.
Аралас орман – қоңыржай белдеудегі орман зонасынан қылқанды
және жалпақ жапырақты ағаш тұқымдары аралас өсетін өңірі (кіші зона).
Арасан – минералды немесе жылы бұлақ.
Ареал – жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін бөлігі.
Аридті климат – үлкен тәуліктік температурасы ауытқуы болатын
құрғақ климат.
Аридті ландшафт (қуаншылық ландшафт) – құрғақ жылы немесе ыстық континенттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт.
Арктика – жер шарының қиыр солтүстігіндегі табиғигеографиялық жер атауы.
Арктикалық белдеу – Жер шарының ең солтүстігіндегі географиялық
белдеу. Солтүстік полюстен шамамен 700 с.е. дейін түседі.
Арна – аңғардың табанындағы үнемі су ағып жататын ойыс (судың
жолы).
Артезиан суы – (Францияның Артуа, ескі латынша Артезия провинциясының атынан алынған) – су өткізбейтін қабаттардың арасындағы сулы қабатта жайласқан қысымды жер асты суы.
Архипелаг – өзара жақын орналасқан ондаған, жүздеген аралдар тобы.
Археология – «архос – көне», логос – ілім» деген мағынаны береді. Бұл көне ғылым емес, ықылым замандарды зерттейтін пән.
Арық – Орта Азия, Қазақстан, Закавказьедегі суару жүйесіндегі жергілікті жердегі өздігінен ағатын кішігірім канал.
Арыстанды-Қарабас желі – Қаратау жотасы арқылы солтүстікшығыстан оңтүстік-батысқа қарай Арыстанды өзені бойын қуалай соғатын жел.
Аспан – төбедегі кеңістік, көк, әуе.
Астероид (грекше астер – жұлдыз, оид – тәріздес) – Күн жүйесінің көбінесе Марс пен Юпитер арасында айналып жүретін шағын денелері. Ол «шағын планеталар» деп те аталады.
Астрономия – аспан денелерін зерттейтін ғылым.
Астронавт (грекше наутес – теңіз жүзуші) ғарышкерлермен тең ұғым. Бұл термин АҚШ-та т.б. елдерде таралған.
Атлас – белгілі бір бағдарламаға сәйкес топтастырылған карталар жиынтығынан тұратын біртұтас туынды.
Атмосфера (грекше атмос – бу, сфера – шар) – Жер шарын айнала қоршаған ауа қабығы. Жермен қоса айналады.
Атмосфера циркуляциясы – жер бетіндегі ауаның әртүрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жиынтығы.
Атмосфералық ауаны қорғау – атмосфералық ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық, физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы мемлекеттік және халықаралық шаралар жүйесі.
Атмосфералық жауын-шашын – жер бетінде атмосферадан сұйық немесе қатты күйінде түсетін ылғал. Бұлттан жаңбыр, қар, бұршақ, қиыршық жауады. Ауаның жер бетіне таяу қабатынан тікелей бөлініп шық, қырау, қылау тұрады.
Атмосфералық жылу режімі – ауа температурасының ат-мосферада таралуы мен үздіксіз өзгерістері. Ол атмосфера мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу нәтижесінде жүзеге асады.
Атмосфералық қысым – бүкіл атмосфера қабатының жер бетіне түсіретін қысымы немесе салмағы. 1см жерге 1 кг 33 грамм салмақ түсіреді. Қазіргі кезде атмосфералық қысымды гектопаскальмен (гПа) көрсетеді. Қалыптағы атмосфералық қысым ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа көрсеткіші (1013 гПа) алынады.
Атмосфералық қысым белдеулері – жер бетінде күн сәулесінің әркелкі түсуі мен жердің өз білігімен айналуы әсерінен пайда болатын қысым белдеулері. Жер бетінде 3 төмен қысымды белдеулер (00 , 650 с.е., 650 о.е.) және 4 жоғарғы қысымды белдеулер (300о.е., 300 с.е. және солтүстік, оңтүстік полюстер) бар.
Атмосферадағы конвекция — температурасы мен тығыздығының айырма жасауына байланысты ауаның жеке бөліктерінің вертикаль бағытта алмасуы.
Атмосфералық ластану – атмосфералық ауа ортасына аэрозольді ластанушы заттардың таралуы.
Атмосфералық фронт – әр түрлі ауа массаларының араларында бірнеше шақырымға жететін өтпелі аймақтар.
Атолл – мұхиттың ортасындағы білезік тәріздес маржан аралы. Білезіктің ені 100-200 м, ал бүкіл атолдың диаметрі 200 м-ден 50-60 км-ге дейін жетеді.
Атырау – өзен сағасының ерекше бір түрі. Ол өзен, теңіздің немесе көлдің тайыз бөлігіне құяр жерінде тұнбалардың арасымен тармақтанып ағуының нәтижесінде пайда болады.
Ауа – 1). Жер атмосферасын құрайтын газ тәрізді заттардың жиынтығы; 2). Сыртқы ортаның тіршілікке аса қажетті мәнді бөлшегі, тыныс алу үшін қажетті, түссіз, иіссіз газ.
Ауа айналымы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.
Ауа массасы – тропосфераның температурасы, ылғалдығы, мөлдірлігі, т.б. қасиеттері жөнінен біртектес ірі бөлігі.
Ауа райы – атмосфераның қысқа мерзімдегі жай-күйі.
Ауа райын болжау картасы (синоптикалық) – бір тәулікте қандай температура күтуге болатыны, желдің қай бағытта қандай күшпен соғатыны, жаңбыр немесе қар жаууы, тұман түсу мүмкіндігі және сол сияқтылар белгіленген карта.
Ауаның тұрақты өрлеген қозғалысы – экватор маңында күшті қызған ауа көлемі ұлғайып, салмағы жеңілдей беретіндіктен жоғары көтерілетін ауа.
Ауаның ылғалдығы – ауадағы су буының мөлшері. Абсолют және салыстырма ылғалдықтар ажыратылады.
Афотобиосфера – күн сәулесі түсетін биосфераның қабаты (гидросфера және литосфера көлемінде.
Аэрация – белгілі бір ортамен атмосфера арасындағы ауа алмасу
құбылысы.
Аэросурет түсіру – жер бетін аспаннан (ұшақ, жер серігі аппараттарын қолданып ) суретке түсіру. А.т. топографиялық карталар мен пландарды жасау, орман мен жер қорларын зерттеу және есепке алу, инженерлік құрылыстарды жобалау, геологиялық зерттеу мен кен іздеу, топырақ пен өсімдік жамылғысын зерттеу үшін т.б. мақсатпен
жүргізіледі.
Аэрозоль – сұйық және қатты заттардың ауадағы шашырап жүрген кішкене бөлігі.
Аэротерапия – адамдарды ауамен емдеу.
Аэротермикалық градиент – ауа температурасының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік.
Дереккөз: Физикалық географияның терминдері мен ұғымдары (Анықтамалық көмекші құрал), Жанәділ Орынбасар Басарұлы
Ұқсас материалдар:
- Материктер мен мұхиттар географиясы туралы тест жауабымен (І нұсқа)
- Материктер мен мұхиттар географиясы туралы тест жауабымен (ІІ нұсқа)
- Географиядан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
- Географиядан ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
- «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
- Географиядан аттестация сұрақтары жауабымен
- Жер-күн жүйесінің ғаламшары
- Географиядан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
- Жердің ең сыртқы қатты қабаты. Литосфера туралы түсінік
- Географиялық зерттеулерде матрицалық әдісті қолданудың әдістемелік ерекшеліктері
- Географиядан ҰБТ сұрақтары
- Материктер мен мұхиттар географиясы туралы тест жауабымен (ІІІ нұсқа)