Жеті қат жер қазынасы. Қазба байлығы мен кен өндіру қызметі

0
1192
Freepik.com

Қазба байлық. Біз әуелі кен байлығы, яғни қазба бацлық дегеніміз не екенін білейік. Біз өмір сүріп жатқан Жер, оның қыртысы алуан түрлі топырақтардан, тастардан тағы басқа нәрселерден тұратынын білеміз. Олардың барлығы кен байлығына жатпайды. Яғни, қазба байлыққа мөлшері мен сапасы жағынан өндірістік игеруге тиімді жер бетіндегі немесе жер қойнауындағы минералықдық заттардың шоғыры жатады.

Кен өндіру. Кен жер қыртысында әртүрлі тереңдікте орналасады. Олар қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі. Сондықтан да оларды өндіру де әртүрлі жолмен жүргізіледі. Жер қойнауындағы кендерді бұрғылау, геофизикалық зерттеу, сынама алу, т.б. тәсілмен анықтады. Кен байлығының сапасы мен мөлшерін анықттап болғаннан кейін сол кен орнында әртүрлі карьерлер, шахталар, кеніштер құрылады.

Шахта немесе карьер ішінде кенді бұрғылау, қопару, кентас кесектерін ұсақтау, көлікке жеткізу, тиеу, кен алынған кеңістікті құлатпай ұстау, кентасты жоғары  қарай көтеру және оны сұрыптау, жер бетіне кентасты белгілі бір тәртіппен үйіңп, оны тұтынушыларға  (зауыт, кен байыту комбинаттары)  тиеп жөнелту, пайдасыз тау жыныстарын үйіндіге төгу жатады. Бұл жұмыстар кентастарды өндіретін кеніштерде атқарылады. Кеніш ішіндегі суды сыртқа шығару, электр қуатымен, ауамен және сумен қамтамасыз ету, адамдарды шахтаға түсіріп, шығару тағы басқа жатады.

Қазіргі кеніштер, шахталар мен карьерлер автоматты басқару, бақылау және байланыс техникасымен жабдықталған және өндіріс процестерді толығымен механикаландырылған.

Егер кен байлықтары жер бетіне жақын жатқан болса, онда олардың беткі қабатын сылып алып тастайтын кен жұмыстары жүргізіледі. Кен байлығын ашық өндіруде электр энергиясы шахталық өндіруге қарағанда 10-30 есе арзанға түседі.

Жер жүзінде жыл сайын 25 млрд тоннаға жуық қатты кен байлықтары өндіріледі. Оныі ішіндегі 15 млрд тоннасы металл емес кен байлығы.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т


ПІКІР ҚАЛДЫРУ