Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

0
1864
Freepik.com

Бекіре — аузы кіші, тұмсығы сүйір, дене тұрқы 2м-ге, салмағы 12-24, кейде 80 кг -ға баратын көшпелі балық. Теңізде және оған құятын өзендерде өседі. Олар уылдырықтарын сәуір-мамыр айларында өзенге шашқаннан кейін теңізге қайта оралады.

Бекіре шаян тәрізділіерді, ұлуларды, балықтарды қорек етеді. Олар 50 жылға дейін өмір сүреді. Бекіренің еті майлы әрі дәмді болады. Оның уылдырығы да аса бағалы. Каспийде бекіренің қоры соңғы жылдары едәуір кеміп кетті.

Табан. Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді.

Табанның негізгі жемі — су өсімдіктері, бунақденелілердің дернәсілдері және су түбінде тіршілік ететін әртүрллі жәндіктер. Ол судың жылы болғанын қалайды. Сондықтан салқын түссе-ақ, су түбіндегі құмды, қиыршықты шұңқырларға жиналады.

Табандар уылдырығын көктемде шашады. Бұл балықтың да кәсіптік маңызы зор.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Көксерке мен қортпа балығы

  2. Алабұға және сазан балығы

  3. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  4. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  5. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  6. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет
  7. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

  8. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен
  9. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары

  10. Биология пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен


ПІКІР ҚАЛДЫРУ