Бетпақдала шөлді өңірі туралы

0
1796

Бетпақдала — Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан кеі байтақ шөлді өңір. Ол Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерлерін қамтиды.

Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 шақырымға созылған үлкен аймақ.

Бетпақдала атауы «бетпақ» және «дала» сөздерінің бірігуінен пайда болған. «Бетпақ» парсы тіліндегі «бәдбах» деген сөзден шыққан. Оның екі мағынасы бар. Біріншісі — «бақытсыз». Бетпақдала атауы осы мағынасынан жасалған. Бұл осы өңірдің табиғатының  қаталдығына байланысты қолданылған болуы мүмкін. Екіншісі — «оңбаған, бетсіз, арсыз» деген мағына береді.

Дала — түрікше «жазық жер» дегенді білдіреді. Атаудың мағынасы : «аса ыстық, шөл дала, жапан тұз» ұғымын береді.

Бетпақдаланың оңтүстік — баты бөлігі жазық, ал солтүстік — шығысы қыратты. Ең биік жері — Жамбыл тауы(974 км).

Бетпақдалада жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі.  Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе өзендері көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналады. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Жауын-шашын  көп түспейді. Жер асты суының қоры мол.

Бетпақдала — көктемгі және күзгі мал жайылымына өте қолайлы. Тұрақты ағатын  өзендері болмағанымен, жайылымдар құдықтар арқылы сумен қатамасыз етіледі.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  2. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  3. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  4. Көксерке мен қортпа балығы

  5. Алабұға және сазан балығы

  6. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  7. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  8. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ