Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

0
1432
Freepik.com

Шырша қайшыауызы — тау өзенін жағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері — қыста пісетін шырша тұқымдары.

Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол жемін алауына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі — көктемде жұмыртқаламай, керісінше, қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапан шығарады. Қоректі оларға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан ұшырғанға дейін шықпайды.

Олар балапандарын жемсауындағы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.

Самыркеш — ақшыл жолақтары бар, қоңыр қызғылт түсті орман құсы. Ол ұзақ уақыт бойы ағаш басында отыруды ұнатады. Самыркештің тұрқы — ұзақтан сәлі кішірек. Ұя салар кезінде қалың орман ішіне еніп, адам көзіне түспеуге тырысады.

Бұл құс көктем айларында шырша зиянкестері — бізтұмсық және қоңыздармен, ағаш қандаласымен қоректеніп, табиғатқа едәуір пайдасын тигізеді.

Самыркештің бір ерекшелігі — жазды күндері ол жемін аулай жүріп, ағаштағы жаңғақтарды біртіндеп үзіп, оны түскен жапырақтардың астына тыға береді. Осылайша бір құс жылы күндері бір мыңға жуыақ шырша жаңғағын жинап, оны суық қыс айларында азық ететін көрінеді.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  2. Көксерке мен қортпа балығы

  3. Алабұға және сазан балығы

  4. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  5. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  6. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  7. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет
  8. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

  9. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен
  10. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары

  11. Биология пәнінен ҰБТ сұрақтары, жауаптарымен

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ