Торғай үстірті туралы ақпарат

0
3217
Freepik.com

Торғай, Торғай үстірті — батысында Оңтүстік Орал (Мұғалжар) тауымен, шығысында Сарыарқамен шектесетін жазық өлке. 

Торғай атауы «кең алқаптағы өзен, су» ұғымын білдіруі мүмкін деген жорамал бар. Солтүстігіндегі Тобыл аңғары жазығынан оңтүстігіндегі Щалқартеңіз  көліне дейін 600 шақырымға созылған.

Торғай үстірті, негізінен, Қостанай облысы аумағында орналасқан, аздаған бөлігі Ақмола және  Қарағанды облыстарына қарайды. Солтүстігінде «Торғай қақпасы» арқылы жазыққа ұласады. «Торғай қақпасы» — Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастырып тұратын табиғи аңғар.

Оңтүстік бөлігінде үстірттің дәл ортасын жарып Торғай қолаты өтеді. Торғай қолатын жерімен солтүстік бағытта Обаған өзені, оңтүстік бағытта Торғай өзені ағады. Бұлардан Басқа Торғай үстіртінде Ырғыз, Өлкейек, Ұлы Жыланшақ өзендері бар. Мұнда суы таяз әрі ащы көлдер көп (мысалы, Құсмұрын, Ақсуат, Сарықопа, т.б)

Торғай үстіртінің қиыр оңтүстігін сусыма құмды алқаптар алып жатыр. Далалық бөлігінің көп жері егіншілікке пацдаланылады. Шөлейт және шөлді аймақтарында мал жайылады.

Торғайдың жер қойнауынан боксит пен қоңыр көмірдің аса бай кен орындары ашылған. Торғай үстіртінің солтүстігінде Наурызым қорығы орналасқан.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  2. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  3. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  4. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  5. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  6. Көксерке мен қортпа балығы

  7. Алабұға және сазан балығы

  8. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет


ПІКІР ҚАЛДЫРУ