FLEX бағдарламасы арқылы Америкада білім алу

2
4120

Егер сіз жоғары сынып оқушысы болсаңыз, егер сіз АҚШ-та оқуды армандасаңыз, онда FLEX бағдарламасы сіз үшін.\r\n\r\nМұхиттің арғы жағында оқу бүгінгі күнде іске асырылатын арманға айналды. FLEX бағдарламасы арқылы кез-келген қазақ баласы Америкада тегін оқып, шәкіртақы алуға мүмкіндігі бар. FLEX (The Future Leaders Exchange Program) бағдарламасы толықтай АҚШ үкіметі жағынан қаржыландырылады.\r\n\r\n \r\n\r\nБұл бағдарлама 20 жылдан бері іске асырылып келе жатыр. Осы уақыт аралығында FLEX арқылы 22000 студент АҚШ елінде білім алды. Соны ішінде 2000 студент Қазақ елінен аттанған болатын.\r\n\r\nБиыл 2015-2016 жылғы оқу маусымы үшін Қазақстаннан 100 оқушыны іріктеп алады. Іріктелген студенттерге Америка үкіметі тарапынан жататын орын ақысы, жолақысы және шәкіртақы мен медициналық сақтандыру ұсынылады.\r\n\r\nІріктеуге қатысу үшін келесі талаптар орындалуы тиіс\r\n

    \r\n

  • ҚР азаматы болуы
  • \r\n

  • 1998 жылдың 1-қаңтары мен 2000 жылдың 15 шілдесі аралығында туылуы
  • \r\n

  • 8, 9, 10 немесе 9 сыныптан соң колледжге түскен 1-курс студенті болуы
  • \r\n

  • Ағылшын тілін орташа білуі
  • \r\n

  • Соңғы бес жылда АҚШ-та өмір сүрмеуі
  • \r\n

  • Америка визасының талаптарына жауап беруі
  • \r\n

  • Ата-анасының біреуінің рұқсат қағазы
  • \r\n

\r\n \r\n\r\n11 қыркүйектен бастап Қазақстанның 14 облысында FLEX бағдарламасының іріктейтін өкілдері өз жұмыстарын бастайды.\r\n\r\nТолықтай ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы білуге болады: +7 (727) 291-92-26, 291-92-35, 291.\r\n\r\n 


2 ПІКІРЛЕР

  1. Жасым 25те, маган окуга түсу мүмкіндігі барма?докторантура тапсырсам қалай болады? Мен каз магистр окуын бітірдім.

  2. Сәлеметсіз бе! Білім алу ешқашан кеш болмайды. Докторантура үшін өзінің қоятын талаптары бар. Сол шарттарымен толық танысып, оқуыңызды ары жалғастырсаңыз болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ