Ғаламдық проблемалар

1
43952

 \r\n\r\n    Мазмұны:\r\n

    \r\n

  1. Кіріспе:Ғаламдық проблемалар
  2. \r\n

  3. Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.
  4. \r\n

  5. Парникті эффект (жылу эффекті).
  6. \r\n

  7. Ормандардың азаюы.
  8. \r\n

  9. Шөлейттену
  10. \r\n

  11. Биоалуантүрліліктің азаюы
  12. \r\n

  13. Жұмыссыздық
  14. \r\n

  15. Демографиялық жарылыс
  16. \r\n

  17. Дереккөздер
  18. \r\n

\r\n Кіріспе\r\n\r\nҒаламдық проблемалар — әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:\r\n

    \r\n

  • Ресурстар проблемасы;
  • \r\n

  • Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
  • \r\n

  • Энергетикалық проблема;
  • \r\n

  • Демографиялық проблема;
  • \r\n

  • Климаттың өзгеруі;
  • \r\n

  • Экологиялық проблемалар;
  • \r\n

  • «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
  • \r\n

  • Қауіпті ауруларды жою;
  • \r\n

  • Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
  • \r\n

  • Қылмыспен және терроризммен күрес;
  • \r\n

  • Наркобизнеспен күрес.
  • \r\n

\r\nҒаламдық проблемалар        \r\n\r\nҒаламдық проблемаларды ерекше білім саласы — глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа — өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.\r\n\r\nҒаламдық экологиялық проблемалар — ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.\r\n\r\n Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы.\r\n\r\nАтмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн.\r\n\r\nОзоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.\r\n\r\n1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.\r\n\r\n  Парникті эффект (жылу эффекті).\r\n\r\nЖанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.\r\n\r\nКлиматтың ғаламдық жылуы — биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.\r\n\r\nМәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nОрмандардың азаюы.\r\n\r\nЖаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) Спопикалы қ ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшыр ап жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар.\r\n\r\nОрмандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.\r\n\r\nХалықтың тропикалық аймақтарға көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады.\r\n\r\nБҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі ауыл тұрғындарының шамамен 90%, қала халқының 30% негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Коммерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.\r\n\r\nБҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы конференциясынан (1992 ж.) соң дамушы елдер орман ресурстарын сақтау проблемасы бойынша халықаралық келісімге дайын екендіктерін растады. 1993 жылы Бандунг қаласындағы (Индонезия) кездесуде әлемнің барлық климаттық аймақтарында орман шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау туралы халықаралық комитет құру жөнінде ойлар айтылды.\r\n\r\nҚазақстан аумағының 3,2% ғана орманды алқап. Мамандардың пікірінше, еліміз орман қорғау ісі бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ . Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті белен алды. Әсіресе еліміздің орман қорының 40%-ын құрайтын сексеуілді отау күшейіп барады. Ал сексеуілдің онсыз да эколоғиясы нашар, ылғалы аз, топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда өсетіні бәрімізғе белгілі. Айта кетерлігі, 1992 жылы орман көшеттерін отырғызу ісі 80,7 мың гектар болса, он жылдан сон 2002 жылы бұл көрсеткіш 8,9 мың гектарға дейін қысқарған.\r\n\r\nСу тапшылығын көптеген ғалымдар соңғы кездегі атмосферада көмір қышқыл газы мөлшерінің көбеюіне байланысты температураның көтерілуімен байланыстырады. Осыдан бірін-бірі тудыратын проблемалардың тізбегін жасау қиын емес: энергияның көп бөлінуі (энергетикалық проблемаларды шешу) — парникті эффект — су тапшылығы — азық-түліктің жетіспеуі (өнімнің болмауы). Соңғы 100 жылда температура шамамен 0,6°С-қа көтерілді. Әсіресе 1995-1998 жылдары температура қатты көтерілді. Көмір қышқыл газы, метан және басқа да газдар жылу сәулелерін сіңіріп парникті эффектіні (жылу эффектін) күшейтуде. Одан да маңызды фактор — тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсатта су шығынының артуы. Осының әсерінен Үндістан, Қытай, АҚШ-тың кейбір аудандарында жер асты суларының деңгейі айтарлықтай төмендеді. Кейбір жерлерде суғару жұмыстары үшін жаңбыр суын емес, тереңде орналасқан қазба суларын пайдалануға мәжбүр.\r\n\r\nҚытайдық ұлы өзендерінің бірі Хуанхэ бұрынғыдай Сары теңізге тек ылғалды жылдары ғана жетеді- АҚШ-тағы ірі Колорадо өзені де Тынық мұхитқа жылдағыдай құя бермейді. Амудария мен Сырдария өзендері де бұрынғыдай Арал теңізіне жете бермейді. Судың тапшылығы көптеген аймақтарда экологиялық ахуалды нашарлатып азық-түлік тапшылығына алып келуде.\r\n\r\nШөлейттену\r\n\r\nЭкожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және антропогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсімдіктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын Қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б. пайда болады. Шөлейттену әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде.\r\n\r\nҚазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі — табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымының сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі, антропогенді қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985 жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9 млн км²-ге жеткен және жыл сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып қалуда. Шөлейттену процесі жалпы жер көлемінің Азияда — 19%, Африкада — 23%, Австралияда — 45%, Оңтүстік Америкада — 10%- ын құрайды. Сахара шөлі оңтүстікке қарай жылына орташа 6 км жылдамдықпен жылжуда.\r\n\r\nОрта Азияның таулы аудандарында, Арал және Балқаш төңірегінде, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның биік зоналы геожүйелерін қоса (Тянь-Шань, Памир-Алай) шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын ауыл шаруашылығының қажетіне пайдалану Арал теңізінің сусыз жерлерінде сортаң, тақыр жазықтықтардың пайда болуына алып келді. Сондай-ақ Арал төңірегі ландшафтарының деградацияға ұшырауы көлді-батпақты және тоғайлы табиғи кешендердің тұздың жиналуы молая түскен гало-ксерофитті кешендерге алмасуда.\r\n\r\n Биоалуантүрліліктің азаюы\r\n\r\nБиоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады. Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн жыл түрлерінің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер – тірі қазбалар да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн жыл , жалаңаш тұқымды ағаш – гингко дәуірінен бері 150 млн жыл тіршілік етіп келеді. Жануарларының ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған. \r\n Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды.\r\n Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.\r\n Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі (109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті. \r\n П. Ревелль мен Ч. Ревельдің болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін. Олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер. \r\n Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр. \r\n Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған. \r\n\r\n \r\n\r\nБиоалуантүрліліктің сақталуының концептуалды тәсілдерінің сызбасы\r\n\r\n \r\n\r\n         Демография\r\n\r\nДемография (грек. Demos-халық, grapho- жазу) – халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қоғамдық ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жатқан демография – салыстырмалы жас ғылым.\r\n\r\nДүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі.\r\n Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін «моногенизм» бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын «полигенизм» бағыты бар. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. XX ғасырдың 70-жылдарында Кения азаматтары болып есептелетін әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері зинджантроп деп атаған ежелгі адамның қаңқасын тапты. Оның жасы шамамен, 1,7 млн жыл деп анықталды. Кейінгі археологиялық қазба жұмыстары барысында Рудольф көлінің шығыс жағалауынан табылған қаңқалар адамның ата- тегінің одан да ерте (шамамен 5 млн жыл бұрын) пайда болғанын дәлелдеді. Осы зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар адамзаттың пайда болған орны Шығыс Африка болған деген қорытындыға келді. Дегенмен полигенизм бағытын ұстанған ғалымдар адамзаттың әр нәсілдің жеке дүние бөлігінде дербес пайда болып, дамығаны туралы болжамдар келтіреді. Саналы адам (Homo sapiens) осыдан, шамамен, 50—100 мың жылдай бұрын пайда болған. (Адамның ататегінің даму сатылары туралы биология сабақтарынан алған білімдеріңді еске түсіріңдер.) Ғалымдардың көпшілігі алғашқы адамдар палеолиттің соңында Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға, кейіннен Азиядан Америка мен Аустралияға, одан соң Мұхит аралдарына таралған деп есептейді Уақыт өте келе, қоршаған орта жағдайларына бейімделу нөтижесінде дүние бөліктерінде тіршілік ететін адамдар әзіндік антропологиялық ерекшеліктерге ие болды.\r\n

Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы

\r\nҚазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20—25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық кезінде, американ маманы В. Лебоу: «Біздің өте жоғары өнімді экономикамыз тұтынуды — өмір сүру салтына айналдырып отыр, яғни затты сатып алу мен пайдалану күнделікті дәстүрге айналды. Бізге заттардың көп мөлшерде сатылып, одан соң тасталып және басқалармен көп мөлшерде ауыстырылып отырғаны қажет» — деді. Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны XIX—XX ғасырлар соңында өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен, жердегі халықтың өмір сүру жағдайының деңгейі бірдей емес. 1 млрд. өте бай адам болса, ал 1 млрд. өте мұқтаждық жағдайында өмір сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 миллиардер, 2 миллионға жуық миллионерлер және күндік табысы АҚШ-тың 1 долларынан кем болатын 1,5 млрд.-тан астам адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері (жылына 230 доллар), планетаның жарты млрд. кедей адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық. Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік — экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы және т.б. арқылы көрінеді. Мұндай жолмен табиғаттың бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып табылады. Себебі, күнделікті бір күнін қалай өткізуді ойлауға ғана мәжбүр адам өзін қоршаған орта мен табиғатты қорғау туралы ойлауға қабілетсіз. Қоршаған ортаиың бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және өте кедей болғанда да орын алады. Бірақ, жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд. бай адамдардың үлесіне тиеді. Өнеркәсібі дамыған елдер болат өндірудің шамамен — 2/3, қорғасын, мыс, никель, қалайы, цинктің — 2/3 астам бөлігін, энергияны пайдаланудың 3/4 көлемін құрайды. Сонымен қатар, соңғы 100 жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераға парниктік эффект туғызатын газдардың 2/3 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі энергияны пайдалану қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен 3/4 бөлігін шығарады. Дамыған елдердің өнеркәсібі зиянды химиялық қалдықтардың көп бөлігін және галогенді көмірсулардың 90%-ке жуығын береді. Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасының дамуының көзі — қоршаган орта есебінен тапшылықты қаржыландыру болып табылады. Яғни олар пайдаланған табиғат ресурстары мен биосфераның ластануы үшін табиғатқа келтірілген зиян өтелмейді. Бұл елдердің «экологиялық қарызы» үздіксіз өсуде: өсу жылдамдығы жыл сайын триллион доллармен есептеледі. Тек жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының концентрациясын өнеркәсіптік қызметі нәтижесінде кеміту үшін жылына 625 млрд. доллар мөлшерінде күрделі қаржы жұмсау қажет. Көптеген дамыған елдерде зиянды заттарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсат етілетін нормалары белгілеиген. Бұл нормалардың артып кетуіне жол берген өндірушілер табиғат қорғау шараларына жұмсалатын ірі қаржылай айыппұл төлейді. Бірақ, іс жүзінде бұл талаптар тек өзіиің еліне қатысты ғана орындалып келеді. Өз елінің территориясынан жүздеген, мыңдаған км қашықтықта орналасқан елдерге келтірілетін шығын үшін айыппұл төлеу туралы әңгіме де қозғалмайды. АҚШ және басқа да дамыған елдер экологиялық жауапкершілікті негізінен дамушы елдерге ауыстыруда. Олардың ойынша экологиялық лас өндіріс орындары үшінші әлем елдерінде орналасқан, сондықтан табиғатқа жасалған зиянкестіктің орнын солар толтыруға тиіс. Ал бұл өнеркәсіп орындарын дамыған елдердің ұйымдастырғаны, өндірілген шикізат пен өнімдік салығынан өздерінің алып кететіидігі туралы айтылмайды. Дамушы елдердің жерінде өзінің өнеркәсіп орындарын сала отырып, дамыған мемлекеттер, тек оларға жасалып жатқан «көмек» туралы айтады. Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980—1990 жылдар аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге — 49 млрд. доллар, дамушы елдерден дамыған елдерге — 242 млрд. доллар. Олай болса, табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жіберді. Өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер — кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады. Сөйтіп кім үйленіп, отбасын реттеп – жоспарлау “жалпыхалықтық құндылыққа” айналады. Соңғы кездердегі “Жоспарлы отбасы” атты ұғымның да қалыптасуы соның салдары. Ол түсінікке медициналық терминмен айтқанда, контрацепция (лат. тілінде жүктілікке қарсылық), аборт, тау, стерилизация (лат. тілінде жоғарғы қызу арқылы және басқа амалдармен бойға бала бітірмеу) кіреді. Осының өзінен – ақ мәселенің байыбына баруға болады ғой. Оны айтасыз, статистикалық мәліметке қарағнда, Қазақстандағы үлкен, тіпті, кейбір ауылдардағы аяғы ауыр 10 әйелдің 7-уі жасанды түсін жасатады екен. Сондықтан, кез-келген шетелдің көмегіне жығыла кетпей, түп-төркінін зерттеген жөн. Бізге қазір ұлттық – демографиялық императивті және иммунитетті қалыптастыру керек. Оны саясатпен араластыруға болмайды. Бұл бізде бұрын жақсы жетіліп, қалыпты тіршілікке айналған болатын. Оның ырғағын бұзған өзгеге еліктеу мен бейімдеушілік. Одан да батырып айтсақ сана-сезім бодандығы. Отбасындағы жоғарыдағыдай келеңсіздікке жол бермес үшін демографиялық саясат пен отбасы мәселесі бойынша үкімет аралық комитет құрылуы тиіс. Қазіргідей жағдайда оның ұлттық қауіпсіздігіміздің бірден – бір негізгі болары даусыз.\r\n

Демографиялық дағдарыс

\r\nДағдарыс — әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 — 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың күйзеліске, халықтың ашаршылыққа душар болуынан елдегі халықтың 19% — і (яғни 950 мың қазақ) оапт болды. Сонымен қатар, шет елдерге (Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия) 400 мың халық біржола қоныс аударды. Екінші Демографиялық дағдарыс 1931-32 ж басталды. 1932 жылғы ашаршылықтың кесірінен 2 млн 300 мың адам өлді. Осы кезде 900 мың қазақ жан сақтау үшін шет аймаққа көшті. Ал 2 – дүниежүзілік соғыста 600 мыңдай қазақ шығын болды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАшаршылық — саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның ашық және жабық түрі бар. Біріншісі — мүлдем үнемсіз қалу да, екіншісі — үнемі шала құрсақ болып жүру. Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады (қ.Ашығу). А. жеке адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемл-тердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайтып жібереді. Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң күшті А-тарға жиі ұшырап тұрған. ҚытайдаҮндістанда,РесейдеАфрикаелдерінде болған ғаламат Ашаршылықтар тарихтан белгілі. Жер бетінде адамзат баласы санының демогр. дүмпуінен кейін, 21 ғасырда экон-сы, әсіресе, ауыл шаруашылығы артта қалған кейбір дамушы елдерде Ашаршылық жайлауы мүмкін деп болжанады. Дегенмен, болашақта өркениетті елдердің өзара халықар. ынтымақтығы нәтижесінде ондай қауіптің алдын алуға болады.[1]\r\n\r\nАшаршылық құрбандарына арналып орнатылған ескерткіш\r\n\r\nҚазақстандағы ашаршылықтар\r\n\r\nКөшпелі Қазақ қауымы күшті жұт жылдары ғана болмаса, өзінің өткен ұзақ тарихында А-қа сирек ұшыраған. Тек “ақтабан шұбырынды…” сияқты жаугершілік жылдары, саны -ге дейін кеміген. Жаңа заманда Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық жадында қатты сақталған. Олардың алғашқысы — 1921/22 жылы болған ашаршылық Оның басты-басты екі себебі бар: алғашқысы — Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақдаласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты), екіншісі — табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт. Респ-да 1920 және 1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санақтарының және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың мәліметтері бойынша 1921 жылғы ашаршылықта Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекендерде нәубет халықтың 100%-ін қамтып, олар түгелдей дерлік босып, жолда, біразы атамекенінде қырылып қалды. Санақ материалдары 1921 — 1922 шаруашылық жылында Батыс Қазақстандағы шаруалар шаруашылықтарының 1920 жылмен салыстырғанда 23,8 процентке қысқарғанын, Ақтөбе, Торғай аймақтарында шаруашылықтардың үштен бірінің жойылып кеткенін көрсетеді. 1921 жылғы ашаршылық БатысҚазақстан халқының 31,4 процентін алып кетті. Санақ материалдарының толық болмауы осы ашаршылық жылдарында қанша адамның қырылғанын нақты айтуға әлі де мүмкіндік бермей отыр. Екінші ашаршылық 1930 — 33 жылы болды. Оның себебі — Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауыл шаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады. 1926, 1937 және 1939 жылдардағы санақтар материалдарындағы олқылықтар осы А-тағы адам, басқа шығындар санын дәл анықтауға кедергі келтіріп, ғалымдар арасында әр түрлі пікірлердің өрістеуіне себеп болды. Дегенмен, осы А-та Қазақстандағы ауыл халқы санының кемуі туралы Қазақ АКСР халықшаруашылығы есептеу басқармасының әр түрлі жанама есеп-статистикалық құжаттар (салық есебі, мал есебі және т.б.), сондай-ақ 1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағының алғашқы мәліметтеріне сүйенген ресми дерегі бар. Осы деректер бойынша Қазақстанның ауыл халқы 1930 жылдың 1 маусымынан 1933 жылдың 1 маусымына дейін 3 млн. 379,5 мың адамға кеміп кеткен. Егер бұл кемуден 1 млн-нан астам босқындарды шығарып тастасақ, 1930 — 33 жылдардағы аштық құрбандарының 2 млн. 200 мың адамнан асып түсетінін аңғарамыз. 1992 жылы осы мәселені арнайы зерттеген Қазақстан Республика Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қорытындысында былай деп жазды: “Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 млн. 200 мың адамнан, яғни барлық Қазақ халқының 48 процентінен айрылды”. Ашаршылықтан Қазақстандақазақтардың үштен бірі ғана қалды. Негізінен жас балалар мен Әйелдер қырылғандықтан оның демогр. зардабы ауыр болды. Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні саяси бүркемеленгенімен бұл А. “қызыл қырғын”, “голощекиндік геноцид” деген тарихи атқа ие болды. Голощекиндік геноцидтің Қазақ халқына алып келген шығыны әлем тарихында (процент есебімен) гитлершілдердің Еуропадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара-пар келіп, Кампучиядағы “қызыл кхмерлер” зардабынан асып түседі. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20-ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады. Әр жылдың 31 мамыры күні Қазақстан халқы осы “қызыл қырғын” құрбандарын еске алады.\r\n\r\nЖұмыссыздық \r\n\r\nЖұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.[1]\r\n\r\nКез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.\r\n\r\n                        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:\r\n

    \r\n

  • Г.С.Оспанова,Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы экономика 2002;
  • \r\n

  • А.Т.Қуатбаев Экология және қоршаған орта проблемалары Алматы «Қазақ университеті» 2011;
  • \r\n

  • Интернет желісі: http://referatkaz.kz, http://kk.wikipedia.org
  • \r\n

  • Ғ.Сағымбаев Экология негіздері;
  • \r\n

  • «Достижения молодых» Балама білім беру орталығының » Экономика негіздері» кітабы; Т.Ильичева.
  • \r\n

  • Ф.Қ. Иштаева, Л.Г. Костарева, Ш.С. Набидоллина, Ж.Е. Молдағалиева «Экология» «Фоллиант»  баспасы Астана-2008ж.
  • \r\n

  • С.Жапарханов, Н.Бәкірова, С. Бәкіров «Көгілдір континент құпиялары» Алматы 1985ж.  
  • \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ