«Газды сусындардың зияны» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы

0
18402

Тақырыбы: Газды сусындардың зияны

Секциясы: Адам денсаулығы және қоршаған орта

Орындаушы: № 127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің

оқушысы Қанат Ақбота

Сыныбы: 3 «Е»

Облысы: Қызылорда 

Ауданы: Шиелі 

Жетекшісі: Альшерова Ботагоз      

 

 

Мазмұны  
1.     Кіріспе.  
1.1. Ғылыми жұмыстың өзектілігі.  
1.2.  Жұмыс мақсаты.  
1.3.  Міндеттері.  
1.4.  Алға қойған міндеттерге жету жолдары.  
1.5.  Қажетті қор көздері.  
2.     Негізгі бөлім.  
2.1   Тақырыптың теориялық сараптамасы.  
2. 2  Зерттеу бөлімі.  
3.     Қорытынды.  
4.     Қолданылған әдебиеттері.  
5.     Қосымша  

 

І.Кіріспе

І.1. Тақырыптың өзектілігі

Күн жылынғалы  ішетініміз газды  сусындар. Ал оның «у» екенін білеміз бе? Дүкендер мен сауда сөрелеріне бара қалсаң олардың жеті атасын көресің. Түрі мен түсі әртүрлі бұл шөлқандырар сусындардың біздің ағзамызға әсері қандай, пайдалы ма, әлде зиян ба? Ішіп тұрып, осы сұрақ мені мазалады. Осыдан кеп мен осы сусындарды зерттемекке бел будым. Ғаламтордан ең алғашқы оқыған мәліметім: әлемде 180 мың адам осы сусынның зиындығынан қайтыс болады екен. Осы мәліметті оқи отырып, зерттеу жұмысымның өзекті мәселе екеніне көзім жетіп, қызыға түстім.

Жазда сусындардың нағыз саудасы қызатын кез. Күн ыстықта шөлдеген адамның салқын сусынға деген тәуелділігі арта түседі. Жалпы ағзаның 60%-ын су құрайтыны белгілі. Ендеше бойдағы тепе-теңдікті сақтау үшін күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұру қажет. Су тек сұйық зат қана емес, жасуша үшін қорек ортасы, ағзадан улы заттарды, қалдықтарды және артық тұздарды шығарады. Адамдардың өмір сүруі үшін ең қажетті зат. Сондықтан Адамзат әртүрлі сусындар дайындауға үйренді. Осылай газдалған сусындарда пайда болды.

Газдалған сусын көмірқышқыл газымен қаныққан, минералды және ароматты тәтті судан тұратын салқындатылған сусын. Газдалған су әлсіз, орта және қатты газдалған болуы мүмкін. Дүкендер мен дүңгіршектерде біздерге үнемі тәтті, түрлі түсті, газдалған сусындарды алуға ұсыныс жасайды. Сонымен бірге, телеэкраннан да газдалған сусындар туралы жарнамаларды диі көзіміз шалады. Онда сусындардың қалай шөлді қандыратыны туралы,олардың керемет дәмдері туралы айтып жатады. Газет пен журнал беттерінен де  «керемет сусын» жайында жарнамалар беріліп жатады.

 

І.2.Жобамның мақсаты: – Газдалған сусындардың адам ағзасына пайдасы мен зиянды әсерін зерттеу.

Жобамның нышаны: газдалған сусындардың құрамы мен қасиеттері.

Зерттеу заттары: газдалған сусындар– минеральды су «Сары ағаш», Кока-кола, Спрайт.

І.3.Жұмыс міндеттері

  • Әлеуметтік желі көздерінен, әдебиеттерден осы тақырыпқа байланысты мәліметтерді оқып, алған жаңалықтарды жинақтап тіркеу.
  • Газдалған сусындардың құрамымен оқып танысу.
  • Адам ағзасына олардың әсерін қарастыру.
  • Біздің мектептің оқушыларының қандай сусынды қалайтындығын сауалнамалар арқылы анықтау.
  • Нәтижесін анықтап, қорытындысын шығару.

Қолданған әдістер:

  • Әдебиеттермен жұмыс
  • Сауалнама жұмыс түрлері.
  • Тәжірибе жұмыстары.
  • Бақылау.
  • Компьютерде әрлеу.

IІ.Негізгі бөлім

IІ.1.Тақырыптың теориялық сараптамасы.

 Газдалған сусындар. Жалпы мағұлмат. Жіктелуі.

Қазіргі заманда газдалған сусындардың түрлері өте көп. Оларды екі мынадай үлкен топқа біріктіруге болады: минералды сусындар және лимонадтар. «Лимонад» сөзі итальяның,  «limonata», лимонды су сөзінен шыққан. Қазірде барлық газдалған, тәтті және көпіршікті суларды осылай атайды. Газдалған сусындар 0,3-0,6% көмірқышықылмен концентрацияланған. Көмірқышқылы сусынның рН төмендетуге және кейбір микроорганизмдердің бактериалық күшін жоюға әсер етеді.Балғын және дәмді күйін сусындар, температураны 10 – 12 градусқа дейін төмендеткенде жақсы сақтайды. Газдалған сусындардың биологиялық бағасы оны витаминдегенде артады.

Минералды сулар —  құрамында белгілі минералды тұздары, газы, органикалық заттары бар табиғи, жер асты сулары болып есептеледі. Шындығында минералды судың ешқандай қауіпті ештеңесі жоқ сияқты.

Лимонад — тәтті алкоголсіз, газдалған сусын. Салқындату қасиеті бар. Лимон жемісінің шырынынан дайындалады, ал кейбіреулер кез- келген сусынды лимонад деп шатасып айтады.

 Спрайт — The Coca-Cola Company компаниясы шығарған газдалған, алкогольсіз сусын. Сусынның аты XX ғасырдың 40- жылдарында шыққан болатын. Ол кезде Coca-Cola жарнамалайтын компанияда  Малыш Спрайт – күміс шашты, екі езуі құлағында, басында шляпа орнында сусынның тығынын киген эльф көпшіліктің көзайымы болды.Бұл кейіпкер көпшілікке ұнаған соң оның атын жаңадан шыққан лимон дәмі бар газдалған сусынға беріп, оны «Sprite»деп атады. 1961 жылдың қазан айында шыққан бұл сусын қазіргі кезде әлемнің 190 елінде сатылады.

Фанта (нем. Fanta) — Кока-Кола компаниясынан шыққан газдалған, салқындатылған сусын.  Қазіргі кеде бүкіл әлемде 90 түрлі сусындар түрі шығарылады, бірақ оның барлығы өз елдерінің аймақтық маркаларымен шығарылады. Ең алғашқы сусын 1940 жылдарда, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германияда шығарылды.

Кока — кола— TheCoca-ColaCompany компаниясы шығарған, газалған, алкоголсіз сусын, әлемде 2006-2010жылдардағы  ең қымбат, ең танымал сусындардың бірі. 1902 жылдарда айналымы $120 мыңға тең кока- кола АҚШ-та ең белгілі сусындардың бір түрі болып есептелді. Сусынның аты бастапқыда кофеин орнына қолданылған, кола жаңғақшаларына сәйкес аталынған.алғашқыда коланың негізгі құрамы кофеинге бай кола жаңғақтарынан және құрамында кокаин бар кока бұтақтарынан тұрды. Кокаиннің зияны белгілі болғаннан бастап сусын құрамынан оны алып тастады, бірақ қазіргі кезге дейін кола құрамында кока өсімдігінің ештемесі болмасада аты сақталып қалды. Бір стакан кола құрамында 6 қасық қант болады, ол өзіне тән дәмді ванилин, цимтов майынан, гвоздикадан және лимоннан алады. Россиядан, Қазақстаннан шығатын «кола» сөзі бар сусындардың ешқайсысының да құрамында кола экстрактары кездеспейді, оларда тек қана дәмдеуіштер, бояуыштар және күйдірілген қант бар.

Газдалған сусындардың құрамы.

Газдалған сусын  — газбен қаныққан сусын. Сусынның түрін көбейтіп тарату  үшін, газдалған суға жемістердің, шөптердің экстрактарын қосады: «дюшес»-  алмұрт қосылған, «лимонад» — лимон, кола –ол жаңғақ,тархун- шөпке байланысты, сол сияқты, апельсин, мандарин, бүлдірген т.б. Химиктер кейінгі кезде өзі арзан жасанды дәмдегіш қоспалар ойлап тапты. Ендеше құрамында табиғи жемістері жоқ, « жемісті газды» сусындарды жасауға да болады екен.

Жасанды дәмдеуіш қоспалардың барлығы сусындарға әртүрлі дәм береді.Бірақ олардың құрамында табиғи жемістердің қоспасы жоқ. Ендеше, оларда біздің ағзамызға пайдалы да ештеме жоқ деген сөз. Газдалған сусындар да ароматты дәм болуы үшін оған арнайы дәмдеуіштер, бояғыш заттар және сақталу мерзімін ұзарту үшін консерванттар қосады.

Газдалған сусындардың негізгі құрамы —  қант. Ол барлық сусындарда болады, 3,5- тен 6 қасық қантқа дейін әрбір стаканда кездеседі. Бұл тісті тіс жегісіне апарып соқтыратыны белгілі. Сонымен бірге шөлді қандырамын деп, адам тәтті суды көбірек пайдаланады. Мен балалардан сұрастырғанымда, кімде тіс жегісі бар ,солардың кейбіреуінің біраздан соң тістері аурады екен. Бұл әрбір сусынның құрамдарының әртүлі екенін және олардың әсері де әртүрлі болатындығын көрсетеді.

Тәтті газдалған сусындардың стандарт құрамы:

Қант – газдалған сусындарда өте көп мөлшерде кездеседі, бір стакнда алты қасыққа дейін қант болады.

Аспартам— қантқа қарағанда 160—200 есе тәтті, иісі жоқ, суда жақсы ериді.Температура 30°С-тан жоғарлағанда, ол азконцентірлі улы затқа айналады.

Бояуыштар және дәмдеуіштер – газдалған су құрамында кездеседі, бауырда ыдырайды. Олар зиянды емес болуы мүмкін, бірақ бәрібір бауырға күш түсіреді. Сонымен бірге, бауыр сахарозаны глюкозаға ыдыратып, глюкозадан гликоген жасайды. Сондықтан гепатиттің әр түрімен ауратын адамдарға ондай сусындарды ішуге болмайды. Бояуыштардың ішінде ең көп тарағаны «желтый-5». Ол адамдарда әртүрлі аллергиялық реакцияларды, түшкіруден бөртпелер шығуға, тіпті бронхиалы демікпеге дейін шалдықтыруы мүмкін. Табиғи қызыл бояуыш және кармин де адам өміріне қауіпті аллергиялық реакциялар тудырады.

Кофеин – кейбір газдалған сусындарға қосылатын қоспа. Ол жүйке жүйелерін қосымша қоздырады, сондықтан ондай сусындарды балаларға ішуге тиым салады. Кофеин сонымен бірге сол сусынға адамның құштарлығын тудырады. Газдалған сусындардың құрамында оның мөлшері онша көп болмаса да, көмірқышқыл газынан оның әсері көбейеді.

Консерванттар  – лимон немесе ортофосфор қышқылы. Олар асқазанның сілемейлі қабықшасын қоздырып, гастриттің , тіпті ойық жараның пайда болуына әкеліп соқтырады. Ортофосфор қышқылы сүйек құрамындағы кальциді жойып жібереді. Кальций жетіспегенде адамда остеопороз ауруы пайда болады. Барлық газды сусындарда натрий бензоаты (Е 211) кездеседі. Ол С дәруменімен қосылып,бензол бөліп шығарады. Солнымен бірге адам ДНК бұзады.

Калий ацесульфамы аспартамның қасиеттерін көрсетеді. Кейбір сыншылар сусындарды шығарушы компанияларды олардың құрамының қосымша зиян келтіретіндіктерін, адам ағзасына зияндығын толық зерттемейтіндіктеріін айтып сынап жатады.

    Көмірқышқыл газы сумен жақсы әрекеттесіп, суда ериді. Көмірқышқыл газы консервант түрінде қолданылады. Өнім қаптамасында ол Е290 кодымен белгіленеді. Кейбіреулер газ көпіршіктері сусынды жақсы қандырады десе, кейбіреулері ол көпіршіктердің ауызда ыңғайсыз жағдай тудыратындығын айтып жатады.  Көмірқышқыл газының өзі негізі зиянсыз, бірақ ол ішті кептіріп мазаны кептіруі мүмкін. Ол әсіресе ішек құрылысы ауратын адамдарға зиян болып табылады. Мысалы, кока – кола сусынының құрамы мынадай: қант, бояуыш,қантты колер(Е150), кармазин (азорубин) (E122), ортофосфор қышқылы (E338), кофеин, табиғи дәмдеуіштер.

Газдалған сусындардың адам ағзасына әсері.

Адам ағзасының 60% суддан тұрады. Судың балансын сақтау үшін біз күнделікті су қабылдаймыз. Кейбіреулері кофе, кейбіреулері шәй, енді біреулері газды сусындарды пайдаланып жатады. Кез- келген сусынның негізгі құрамы су болып табылады. Сусындарда судан басқа біздің ағзамызға әсері бар басқа да заттар кездеседі. Ол әсердің зияны да бар, пайдасы да бар, қабылдаған сусын мөлшеріне байланысты.

Газдалған сусындар шөлді қандырмайды, ол өзіне құштарлық тудыратындығы дәлелденген. Сұйықты көп мөлшерде қабылдау, ағзадағы сулы- тұзды балансты бұзады. Оның әсерінен май алмасуында да өзгерістер болып, қандағы холестерин мөлшері көбейіп кетеді. Осыдан барып атеросклероз және жүрек-қан тамырларының ауруларына әкеліп соғуы мүмкін.

Газдалған сусындарда сергіткіш зат ретінде кофеин қосылады. Ол балаларда қосымша жүйке жүйесінің қозуын туындатады. Сонымен бірге кофеин сол сусынға құштарлық сезімін пайда болдырады.

Осы газдалған сусындардан біздің денсаулығымызға  тигізіп жатақан аурулар түрін атап айтсақ:

     Артық салмақ пен диабет

Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн.

      Тіс кариесі

Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді.

      Сүйектер

Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.

     Асқазан мен ішек құрылысы

Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шәй ішкен жөн.

Диетолог мамандар ересек адамға күнделікті 3 стакан шырын, ал балаларға 1 стакан тамақ алдында 30-40 минут бұрын ішу керек деседі. Шырын ас қорыту жүйесін жақсартады екен. Көп мөлшерде пайдаланылған шырын бүйрекке, сондай-ақ, аяқ-қолдың сарсып  ісуіне әсер етеді. Шырын құрамындағы кейбір элементтерден аллергия пайда болуы мүмкін. Сондықтан да, сусын  сатып  алмас бұрын шөлмек сыртындағы затбелгіні мұқият оқып, құрамына мән беріңіз.

Кока-кола сусынын шеттен тыс тұтынудан кейін:

10 минут  10 қасық қант ағзаға түседі (күнделікті ұсынылатын қалыпты мөлшер). Көп көлемде қабылданған қант сіздің жүрегіңізді айнытпайды. Себебі фосфор қышқылы оны кері қайтарады.

20 минут

Қан құрамында инсулин мөлшері күрт шарықтайды. Бауыр денедегі артық қантты майға айналдырады.

40 минут

Денеге кофеин тарап болады. Көз қарашығы үлкейеді. Қан қысымы жоғарылайды. Өйткені бауыр қанға үлкен көлемде қант жібереді. Ағзадағы  рецепторларды тоқтатады. Адам ұйқысырай бастайды.

45 минут

Сіздің денеңіз дофомин гормонын көп өңдіре бастайды. Ол мидың жұмысын бәсеңдетеді.Героин де тап осылай жұмыс істейді.

1 сағаттан соң

Фосфор қышқылы метоболизмді үдете отырып, ішектегі кальцийді, магнийді және цинкті бір-бірімен байланыстырады. Кальций несеп ағар арқылы сыртқа шығып кетеді.

 

1 сағаттан аса

Несеп арқылы сүйектегі кальций, магний, цинк және одан бөлек натрий мен су электролиті ағады.   Яғни биздің ағзамызға қажетті заттарды несеп арқылы ығыстырып шығарады.

Жаңа зерттеу нәтижесі аты әлемге танымал кола сусыны қатерлі ісікке шалдығу қауіпін жақындататынын көрсетті. Мұның бәріне кола құрамындағы қажетсіз қоспа бөлшегі себеп болып отыр екен.

        АҚШ-тағы BWH ауруханасы және Brown университетінің ғалымдары тарапынан 2149 адам қатысқан зерттеулерден мынадай қорытынды шығарылды:

> Газды сусындарға қосылатын бензоат натрия өнімнің жарамдылық мерзімін ұзартатын химиялық тұз болып табылады. Бұл элемент екзема, астма және өзге де тері ауруларына себеп болуы мүмкін.

> Газды сусындардағы қышқылдар мен шекерлер тіс эмалін кетіреді, тіс және тіс абсцесіне жол ашады.

> Газды сусындарға жоғары мөлшерде жүгерінің фруктозалы шырыны қосылады. Бұл зат жүрек және қант диабеті ауруларына себеп болатын зат алмасу процесінің нашарлау қауіпін арттырады.

> Ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда бүйректегі тасқа және басқа да бүйрек ауруларына жол ашатын жоғары мөлшерде фосфор қышқылы қосылады.

> Газды сусындардың ыдыстарында, пластикалық бөтелкелерде едәуір мөлшерде ВРА элементтерінен құралған қатерлі ісік тудыратын қабат түзіледі.

> Газды сусындарды ішкеннен 20 минуттан кейін қанның құрамындағы шекер мөлшері артады. Соған байланысты шекер мөлшерін төмендету мақсатында ағзамыз өзінен инсулин шығара бастайды. Бауыр бұл шекерді жылдам түрде майға айналдырады.

> Әрбір газды сусын семіру қауіпін 1,6 есе арттырады.

> Жүрек-қан тамырлары ауруларының 70 пайызы семіздікке байланысты.

> Қант диабетіне шалдығу қауіпі 80 пайызға көп.

> Газды сусындардың құрамында фосфор қышқылы мен жоғары мөлшерде фосфат бар. Зәр жолымен сыртқа шығатын фосфор, өзімен бірге ағзаға қажетті кальций элементтерін алып кетеді.

> Газды сусындар ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда остеопороз қауіпін арттырып, сүйектің сынуына жол ашады.

Уильям Кенневелл–Австралия тұр­ғыны. Ол 25 жасыта. «Кока-коладан» зиян шекті. 
Қалай дейсіз ғой? Бала кезінен бері «Кока-колаға» құмары қанбаған Уильям күн сайын бірнеше литр су­сынды ішіп жүріп, ақырында оның зар­дабын тартты. Ал «Кока-кокалаға» құмарлық қайдан пайда болды?

– Мен су ішкенді жек көремін. Осы уақытқа дейін оның орнына «Коланы» пайдаланып келдім. Күніне 6-8 литр «кола» ішіп жүрдім. Міне соның нәти­жесі, – дейді ол опырылып қалған тісін көр­сетіп.

Қазір ол қызыл иек етіне жасанды тіс салып жүр. 13 тісі жоқ жас жігіт мұ­ның бәрін «қоңырқай, қызыл қою» реңді су­сын­нан көреді. Дәрігерге кө­рінуге келген ол ауыз қуысы тамы­рын­дағы қан­ның бұ­зыл­ғанын естиді.

– Мұның бәрін басқа жұртты сақ­тандыру үшін жасадым. Дәрігерлер ке­зінде маған газды сусыннан бас тарт­пасаң, денсаулықтың зардап шегетінін ескерткен. Мен тыңдаған жоқпын. Өкі­нішті, – деп еске алады ол.

 

II.2. Практикалық бөлім

1.Газды сусындардың құрамымен танысу.

Газдалған сусындардың құрамымен және ондағы тағамдық қоспаларының түрімен танысу үшін, мен олардың жапсырмаларындағы зат құрамымен танысып шықтым.

2.Газдалған сусын құрамындағы заттардың адам ағзасына әсерін  зерттеп қарау.

Мен  шындығында газдалған сусындардың қандай екенін, оның адам ағзасына қандай әсері бар екенін зерттеу үшін тәжірибе жасап көруге көштім. Ол үшін маған жұмыртқа қабығы мен тырнақ бөліндісі қажет болды. Иә, иә кәдімгі тырнақ, адам ағзасының бір бөлігіне жататын тырнақ. Ал жұмыртқа қабығын алған себебім , оның құрамында көп мөлшерде кальций бар, ал ол біздің сүйектерімізбен , тістеріміздің негізгі құрамы болып есептеледі. 

3.Адам ағзасының құрамына кіретін, жасушалық құрылыс пен кальций тұздарына кофеин мен қышқылдардың әсерін анықтау.

Ыдысқа жұмыртқа қабығын және тырнақ бөлігін саламыз, Оның біреуіне «Кока- кола», екіншісіне минералды су, үшіншісіне « Спрайт» құямыз. «Спрайт» және «Кока- кола» құйылған, жұмыртқа қабығы қарайып тез сынғыш, өте нәзік болып қалды, ал минералды су құйылған үлгіде ешқандай өзгеріс болмады.

Сонымен, біз газдалған су құрамында ортофосфор қышқылы бар екенін білеміз. Оның әсерінен су тез буланады, ал өзі концентірлі ерітіндіге айналады. Концентрлі ерітінділер барлығын ерітіп күйдіріп жібереді екен. Біз бұған бір аптадан кейін көз жеткіздік, «Кока- кола» құйылған ыдыстағы тырнақ толығымен жоқ болып кеткен.

 

  1. Газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерімен танысу.

Ішінде қағы бар, шәйнекке түнгі уақытқа «Спрайт» құйып қойдық. Таңертең қақтан ештеме қалмағанын көрдік. Бұл тағыда бір рет газдалған сусындар құрамында қышқыл бар екенін көрсетеді.

Біз тағы да үш стакан алдық, оларға «Кока- кола», «Спрайт», және минералды су құйдық. Содан соң олардың әрқайсысына бір- бір қағы бар шеге салдық. Біраз уақыт өткен соң, «Кока- кола» және «Спрайт» құйылған ыдыстағы шегелердің қағы кетіп тазалана бастағанын көрдік. Бұл тәжірибеден қағы бар кез – келген ыдысты немесе затты осы «Кока-кола» немесе «Спрайтпен» жууға болатынын көрдік.

Ал енді, киімдегі қалың кірді де осы сусындардың көмегімен кетіруге болады. Олүшін кір киім тұрған ыдысқа бір бутылка «Кока- кола»құямыз, үстінен синтетикалық жуғыш ұнтақ салып, киім жуатын машинкаға салып қоямыз. Бұл тәжірибені біз өте кір орамалмен жасадық, шындығында да, кірдің көп бөлігінің жоқ болып кеткенін көрдік.

                         Кока-коланың басқа да қасиеттері

  1. Кока-коланың ауруды уақытша тоқтататын қасиеті бар. Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар.
  2. Кока-коланы жаз кезінде шыбын-шіркей шаққанда, сол шаққан орынға құйып жіберсе, бірден әсер етеді.
  3. Кока-кола терезені, автокөлікті жақсы жуады. Жуып болған соң шүберекпен бір сүртіп алса, ешқандай із қалмайды.
  4. Кока-коланы тамақ дайындағанда кез-келген соусқа араластырып қосып жіберсе, маринадталған тағам сияқты керемет дәм береді.
  5. Кока-кола үйдегі жағымсыз иісті кетіреді. Ол үшін суға кока-коланы құйып, еденді бір сүртіп шықса, үйдегі жағымсыз иістің орнына ароматты иіс пайда болады.
  6. Кока-кола ыдыстардың бастапқы қалпын келтіреді. Мысалы, сыртында сызылған, қарайған дақтар болса, оны кока-коланың белгілі бір мөлшеріне салып, біраз уақыттан соң ысып жуса, ыдыс бастапқы қалыпқа келеді.
  7. Кока-коланы көп адамдар тамақты сіңдіру үшін де қолданады.

 

  1. Біздің мектептегі оқушылардың газдалған суды пайдалана ма?, соны анықтау мақсатында олармен саулнамалар жүргізу.

Біз мектеп оқушыларының қанша бөлігі газдалған су ішеді екен соны анықтау үшін, 3-4 сынып оқушылары арасында сауалнамалар жүргіздік.

45 оқушыдан сауалнамалар алынып, оның қорытындысы шығарылды.

Сен қандай сусынды қалайсың?

  • Газдалған –
  • Кәдімгі суды –

Қандай газдалған сусынды жақсы көресің?

  • «Кока-колны» —
  • «Спрайт» —
  • Минералды суды –

Газдалған суды жиі ішесің бе?

  • күнделікті –
  • аптасына бір рет –
  • өте аз ішемін –

Неге газдалған сусн ішесің?

  • Өті дәмді –
  • білмеймін –

Газдалған сусындар пайда әкеле ме жоқпа??

  • Иә –
  • Жоқ –

                  

                 III.Зерттеу қорытындылары

1.Адам ағзасының құрамына кіретін, жасушалық құрылыс пен кальций тұздарына кофеин мен қышқылдардың әсерін анықтау.

Жасалған тәжірибелер негізінде, газдалған сусындар құрамындағы тағамдық қоспалардың  адам ағзасына қандай әсері бар екендігін анықтадық. Тәжірибе қорытындысы келесі 1 кестеде көрсетілген ( 3 және 4 қосымшаны қараңыз).

Кесте 1. Адам ағзасына газдалған сусындардың әсерін зерттеудің қорытындысы.

Газдалған сусынның аты Жұмыртқа қабығы Тырнақ бөлігі
Спрайт Өте нәзік, сынғыш Өзгермейді
Кока — кола Өте нәзік, сынғыш, қара дақ пайда болады Барлығы еріп кетеді.

Минералды су

«Сары ағаш»

Өзгеріс жоқ Өзгеріс жоқ

 

  1. Газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерімен танысу.

Газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерімен танысу үшін жүргізілген зерттеудің қорытындысы 5-ші және 6-шы қосымшаларда көрсетілген.

 

  1. Біздің мектептегі оқушылардың газдалған суды пайдалана ма?, соны анықтау мақсатында олармен саулнамалар жүргізу.

Ғылыми жоба жұмысын бастағаннан кейін 3- 4 сынып оқушылары арасында, қандай газдалған сусынды оқушылар көп пайдаланады екен? , осы сұраққа жауап табу мақсатында сауалнамалар жүргізілді. Жүргізілген сауалнамалар қорытындысына сүйенсек, газдалған сулардың адам денсаулығына ешқандай пайдасы жоқ екенін біле тұрса да, оқушылардың 73% газдалған сусындарды, соның  44% «Кока-кола» мен «Спрайтты» пайдаланады екен.

IV.Қорытынды.

Газдалған сусындардан зерттеу мақсатында «Кока-кола», «Спрайт», және минералды су  «Сары ағаш» алынды. Зерттеу нәтижелері негізінде мынадай қорытындылар жасалды:

Газды сусындардың құрамымен және олардағы тағамдық қоспаларымен танысу үшін өзімізге тәжірибеге алған сусындардың жапсырмаларын оқып қарап шықтық, соның нәтижесінде газдалған сусындар зиянды деген қорытындыға келдік. Мысалы, Ағзаға зиянды дәм күшейткіш- аспартам, ыдырау нәтижесінде өте улы зат формальдегид түзеді, консерванттар натрий бензоаты, канцероген ортофосфор қышқылы бар

  1. Кейбір газдалған сусындардың тазартқыш қасиеттерімен тәжірибе жүзінде таныса отырып, оның адам ағзасына да зиянды деген қорытынды жасадық.
  2. Адам ағзасының құрамына кіретін, жасушалық құрылыс пен кальций тұздарына кофеин мен қышқылдардың әсерін зерттеу негізінде газдалған сусындарды көп мөлшерде пайдалану, сүйектің ауруы остеопорозға, тіс ауруы тіс жегісіне апарып соғатыны анықтадық. Сонымен газдалған сусын құрамына кіретін барлық қоспалардың адам ағзасына әсері бар екенін анықтадық. Олардың зияндылығы қауіпке дейін апарып соғады, әсіресе аллергиясы бар адамдарға өте қауіпті!

Сусынның дәмін, иісін, түсін келтіретін барлық химиялық қоспалар, сонымен бірге сақталу мерзімін ұзарту үшін қосылатын консерванттар адам ағзасына аса қауіпті болып саналады.

Газдалған сусындар құрамында сонымен қатар көмірқышқыл газы болады, көп мөлшерде пайдаланған сусыннан асқазан – ішек жолдарының сілемейлі қабықшасын қоздырып гастриттің пайда болуына, іштің кебуіне әкеліп соғады. Сондықтан ішек құрылыстары ауратын адамдарға , соның ішінде гастритпен, асқазанның ойық жарасында, он екі елі ішектің ауруларында мүлдем мұндай сусындарды ішуге тиым салады.

«Пепси-Кола» құрамында кездесетін  ортофосфор қышқылы артық мөлшерде қолданудан ағзада кальций жетіспеушілікті және тас байлану ауруларын тудырады.

Ұзақ уақыт пайдаланудан бұл сусындардан адамдарда аллергия ауруы туындайды.

Бірақ  осы ұсыныстардың барлығы бірдей дәлелденбеген.

Мысалы, салқындатқыш сусындардың бәрі бірдей  семіздік ауруын қараптан қарап тудырмайды. Құрамында қант болғаннан кейін олардың әрине калориясы жоғары болады, бірақ, семіздікті сусындардың өзі емес, оны егер шектен тыс көп ішсе ғана ол калорияны жоғалтпай жатып екіншісі қосылғаннан адамда артық салмақ пайда болады. Шектен тыс көп мөлшерде пайдалану адамның бүкіл ағзасына зиянды болып табылады.   Шегені қақтан тазалау «Кока-кола» құрамындағы қышқыл реттеуіш ортофосфор қышқылының әсеріне байланысты. Бұл қышқыл бізге химия курсынан белгілі тұз қышқылына қарағанда әлсіз қышқыл. Ал тұз қышқылын білеміз, ол адамның асқазанында асқазан сөлінің құрамында кездеседі, ендеше ортофосфор қышқылының кереметтей адам ағзасына зияны бар деуге де болмайды.

Әрине , газдалған сусындар тәтті, бірақ адам ағзасына зияны жоқ, сенімді, кәдімгі таза суға жететін ештеме жоқ. Ал егерде суда көпіршіктер болсын десең, одан да стакан минералды суды пайдалан. Онда да көпіршіктер бар, олар жасанды емес, табиғи көпіршіктер.

Минералды сулардың шипалы қасиетін өте ерте кездерден, осыдан төрт мың жылдар бұрын, Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде айтылған болатын. Ұлы ғалым Гиппократ өзінің «Ауа,су және жергілікті жер туралы» еңбегінде ауруларды храм ішінде ерекше сумен емдегендіктері туралы айтылған.Минералды судың шипалы қасиетін олар құпия ұстаған.

Біздің тәжірибелерден де көрініп тұрғандай, минералды сулар адам ағзасына ешқандай зиян тигізбейді. Сондықтан адамдар газдалған сусындардың зиянды әсерін өздері біліп ойланулары тиіс. Келесі жолы, газдалған суды дүкеннен сатып  алған кезде де ойланып алыңыз, барлық нәрсенің өз шегі болуы керек. Газдалған сусынды мүлдем ішуге долмайды демеймін, бірақ мынадай қиын емес шараларды орындауға болады деп ойлаймын.

— сусын алған кезде, оның жапсырмасындағы жазулармен танысуға ерінбеу;

— Табиғи негізде жасалған сусындарды алуға тырысу;
— Газдалған сусындардан соң міндетті түрде ауызды таза сумен шаюға тырысу;

— ауыз қуысының жалпы гигиенасын сақтау;

— Газдалған сусындарды жиі әрі көп мөлшерде пайдалан бермеу;

Газдалған сусындар өте қуіпті сусындар емес, әйтпесе дүкендерде сатылмас та еді ғой, бірақ әр нәрсені өз шегімен пайдаланып, сақтанғанның еш зияны болмайды. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Қолданылған әдебиеттер:

Ғаламтор беті

  1. http://mirsovetov.ru/a/medicine/nutrition/soda-water.html

2.http://www.leovit.ru/pages_472.html

3.http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D0%B2%D0%BE%D0%B4%D0%B0

4.http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-1137/

5.http://lurkmore.ru/%D0%9A%D0%BE%D0%BA%D0%B0-%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%B0

6.http://otruta.com/details.php?p=68

  1. «Экология в мастерских». Белова Н.И., Наумова Н.Н.
  2. Журнал «Биология мектепте», № 3,2001 г.
  3. Газета «Биология», № 44, 2002 г.,статья «Информированность населения о пищевых добавках»
  4. Статиялар жинағы «Искусственная пища».
  5. Научно – методический журнал «Классный руководитель», № 4, 2004 г.,

ст. «Как сохранить здоровье».

  1. 1 Республикалық «Ойла» балалар журналы №1, 2015ж
  2. 1 «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ