Гомотетия және оның қасиеттері

0
5788
Гомотетия және оның қасиеттері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2 бөлімі. Жазықтықтағы түрлендіру Мектеп: №1 Красный-яр орта мектебі.
күні Мұғалімнің аты-жөні: Капарова Айгуль Ауталиповна
Сынып:9 Қатысқындар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Гомотетия және оның қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 9.1.4.11 Гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін білу
Сабақтың мамақсаты: Барлық оқушылар:

Гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін біледі;

Басым бөлігі:

Гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін есептер шығаруда қолданады;

Кейбір бөлігі: Гомотетияның қасиеттерін дәлелдейді.

Бағалау критерийлері Оқушылар:

Гомотетияның анықтамасын және қасиеттерін біледі,

есептер шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар Гомотетия коэффициенті, ұқсастық, гомотетиялы фигуралар
Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» идеясы. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.
Пәнаралық байланыс Алгебра, сызу сабағы, технология
Алдынғы білім Фигура, бейне, пропорция, нүктеге және түзуге қатысты симметрия, фигураның теңдігі, ұқсас түрлендіру.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс әрекеттер Ресурстар
Сабақтың басы

4 минут

Сабақтың ортасы

7 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  1. Ынтымақтастық атмосферасын туғызу. «Өзіңізге тілегенді- басқаларға тілеңіз» әдісі.

Оқушылар екі қатарға тұрып, «екі жақтағы көршің мен алдыңдағы қатардағы сыныптасыңа» математикалық терминдерді қолдана отырып, сәттілік білдіреді.

ҚБ «Шапалақтау » (оқушылар өз сыныптастарының жылы ләбіздеріне алғысын білдіреді, қол шапалақтайды).

  1. Топтастыру. Саралау тәсілі «Жіктеу». Алдарына «Сиқырлы киіз үй» ұсынылады. Киіз үйдің ішінен әртүрлі түспен боялған бірдей үшбұрыш фигураларды қалауы бойынша суырады. Суырған түстеріне байланысты оқушылар 4- топқа топтасады.
  2. «Аквариум» әдісі бойынша әр топтан бір оқушы бір есептің шығару жолын түсіндіріп, оқып береді. Топтағы оқушылар сағат тілі бағытымен көршілерінің үй жұмыстарын тексереді.

ҚБ: «Көршіме айтамын» әдісі (оқушылардың өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданады, өз ойларын көршілерімен бөліседі).

  1. Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін, әр топқа пішіндері әртүрлі киіз үйдің суреттері таратылады.

«Ой толғаныс» әдісі бойынша 4топқа бір сұрақ қойылады.

«Суреттегі киіз үйлер туралы не айтуға болады?» Топтағылар жауап бергенде бір-бірін қайталамау керек.

Оқушылардың жауабын «Іріктеу» әдісі арқылы «ұқсастық» деген терминді алып шығу.

ҚБ: «Мұғалімнің шолуы» әдісі. (Мұғалім оқушылардың берген жауаптарын іріктеу арқылы сабақтың тақырыбына қол жеткізуіне қадам жасауға көмектеседі)

 

«Бір қадам» әдісі бойынша

тақтада ілінген 4түрлі түсті қағазды әр топтан бір оқушыдан кезекпен алады , әріптер жағын жапсырады. Тақтаға жеткенше қадамына байланысты өткен сабақта қолданған терминдерді айту керек.

ҚБ Мұғалімнің мадақтауы.(Өте жақсы! Жарайсыңдар! Керемет!)

Киіз үй , төрт түсті үшбұрыш

Картинки по запросу киіз үйдің түрлері

/www.google.com/

Төрт түсті А4 форматтағы қағаз

8 минут

9 минут

8 минут

Топтық жұмыс «Өкіл» әдісі.

Жаңа тақырыпты «Гомотетияның анықтамасы және оның қасиеттерін» оқушылар өз бетімен оқып, топта талқылайды, топ мүшесі шығып постер қорғайды.

ҚБ «+», «-»-қызықты тәсілі бойынша

«+», «-»-қызықты;

«+»-жеткілікті;

«-»-жетілдіруді қажет етеді.әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды.

«Тыңдап отырған үштік» әдісі.

І-ІV топтарға бірдей деңгейдегі тапсырмалар орындау ұсынылады, оқушылар топта жұптасып (әр топта 3 жұп), бір жұптың шешуінің түсіндірілгенін тыңдайды , екінші жұп сұрақтар қою арқылы талдауға көмектеседі, ал үшінші жұп тыңдап, көргенін дәптерге жазады. Соңында бір-бірінің дәптерлерін интербелсенді тақтадағы шешімдері бойынша тексеріледі.

  1. Есеп:

Қабырғалары 14м,12 м,10 м болатын және гомотетия центрі оның медианаларының қиылысу нүктесі болатын үшбұрыш берілген. Гомотетия коэффиценті 0,5 болатын, гомотетиялы үшбұрыш сал.

  1. Есеп:С бұрышы тік , АС=4 см, ВС=3 см АВС үшбұрышы берілген.

A)Бір сызбаға берілген AВС үшбұрышына ұқсас, ұқсастық коэффиценті 2-ге және 3-ке тең болатын үшбұрыштарды сыз.

Ә)Салынған үшбұрыштардың медианаларының ұзындықтарын тап.

  1. Есеп:АВСД квадраты берілген. Оның қабырғасы 6 см-ге тең.

А)В нүктесі центрі болатын, ұқсас коэффиценті 4-ке тең гомотетияны пайдаланып, берілген квадратқа ұқсас фигура сал.

Ә)Салынған квадраттың диоганалін тап.

Дескриптор:

Гомотетияның анықтамасын және

қасиеттерін біледі, есептер шығаруда

қолданады.

ҚБ: «Жауап беретін әріптес» әдісі. Жұптармен жұмыс істегенде ауызша бағалау. Оқушылар әріптесті өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады.

Топ ішіндегі (3 адамнан құралған топша) жұмыс: «Бинго » әдісі бойынша.

Оқулықтан есеп.

Оқушылар А деңгейіндегі есепті орындаған соң, В деңгейінің тапсырмаларын орындайды, содан С деңгейінің тапсырмасын орындайды.

А А А
В В
С

А деңгейіндегі есеп № 166

В деңгейіндегі есеп №170

С деңгейіндегі есеп № 1172

Дескриптор:

Гомотетияның анықтамасын және

қасиеттерін біледі;

Гомотетияның анықтамасын және

қасиеттерін есептер шығаруда

қолданады;

ҚБ: «Жапондық» бағалау әдісі. 4- топ бір- бірін бағалайды. Осы әдіс бойынша 1- ші топ, 2- ші, 3-ші, 4-ші топтарға түзететін жолдары болса айтады және сұрақтар қояды.

Жеке жұмыс. «Сұрақты төңкеру» әдісі бойынша (фактінің қайталануын көздейтін сұрақты қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құру) Сызбасы мен есептің шығарылу жолы барлық топ мүшелері шығарып болған соң интербелсенді тақтада кқрсетіледі.

9- сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру бойынша «Мамандық таңдау» бағдарламасы қатар жүріп жатады. Сондықтан оқушылар «Дизайнер мен тігінші» келешек мамандақ иелеріне жетелейтін есепті шығарып көрелік.

Әр оқушы топта отырып, осы есептің сызбасы мен есептеулерін жасайды.

Шығармашылық есеп:

Кеуде қиығының өлшемін гомотетия түрлендіруі бойынша кішірейтуді орындау. Киімнің бір өңірі берілген. Гомотетияның көмегімен осы өлшемді кішірейту керек. Гомотетия коэффиценті -k, гомотетия центрі -О.

1-шарт: Гомотетия центрі геометриялық фигураның ішкі аймағында.

2-шарт: Өлшемді беретін негізгі нүктелерді тауып, оларды А,В,С,Д,Е,Ғ нүктелерімен белгіле.

3-шарт: Кішірейтілген өлшемді гомотетия түрлендіруін пайдаланып алыңдар.

4-шарт: Табыңдар: k=?.

Дескриптор:

Гомотетияның қасиеттерін қолдана отырып, есептерді шешеді.

ҚБ «Ең үздік орындалған есеп » (Топ арасындағы оқушылардың «жақсы» орындалған жұмысын бағалайды. Оқушы есептің шешу алгортитмін толықтай айтып, дұрыс шешімін көрсетеді.)

А. Әлімов «Оқытудағы иртербелсенді әдіс тәсілдер» кітабы, постер, маркер, оқулық Геометрия 9

Келешек 2030

http://expert.keleshek-2030.kz/geo_9kz.php

оқулық Геометрия 9

Келешек 2030

http://expert.keleshek-2030.kz/geo_9kz.php

Сабақтың соңы

4 минут

«Сиқырлы киіз үйге баспалдақ арқылы ену» бүгінгі сабақты қалай түсінгендігі туралы жазу, киіз үйдің ішіне салу. Баспалдақ түрінде жазылған «Өзін-өзі бағалау» парағы таратылады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Бүгін мен білдім…………..

Мені таң қалдырды………………

Қызықты болды………………………

Мен орындадым…………………..

Қиын болды………………

Бүгін мен үйрендім……………………….

Енді мен сенімдімін,

…………………істей аламын.

Үй жұмысы: №170оқулық

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардыңматериалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай тапсырмалар «Бинго» әдісімен берілді. Топтық жұмыста көшбасшылыққа бағыттауда белсенді оқыту әдістері: «Тыңдап отырған үштік, Неліктен бұл үздік?».

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақты- кез- келген кезеңінде қолдана алады.

Оқушылар жұптарын және жеке жұмыста өздерін өздері бағалайды. Әрине, мұғалім есептердің жауабын слайдтан ашып қояды. Кабинеттің оқу және гигиеналық талаптарға сай болуы, қауәпсіздік техникасының сақталуы.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ